Асанұлы Қ.
Евней Букетов публицистикасы / Қойлыбай Асанұлы // Жұлдыз. – 2003. – №6. – 157-162 б.
Қай қаламгер болмасын, ол ең алдымен — өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Ол жазған шығарма арқауы да сол замана шындығы болып табыла-ды. Халқының мәдени, рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен баға-лайды, суреттейді. Ешқандай жазушы-публицист болашаққа арнап, немесе келер күннің еншісіне лайықтап шығарма жазып қалдырған емес. Келер ұрпақ өзіне керегін өткен күннің шындығынан алады.
Е.А.Букетов шығармаларындағы уақыт шындығы сол шындыққа берген пайым-парасаты бүгінгі ұрпақ үшін таптырмас құнды дүние. Дегенменде Е.А.Букетовтің ғылыми-публицистикалық шығармалары көрегенділікпен жазылыпты деген әсіре марапаттаудан аулақпыз. Мысалы: "Иә, бүгінгі аға ұрпақтың өмірі қараша үйден басталған. Қара сирақ балалар қараша үйдің жабығынан сығалап, айналаға елендей қарап жүргенде ұлы Октябрьдің нұрлы таңы атты. Бүтін ел тарихында болмаған ғажайып зор бақыт қазақ даласын сілкінтіп өтті. Қазақтың бар баласы мазмұны терең, еркін өмірге жаппай араласып, революциялық романтикамен жалындап ер жетті. Содан бері елу бес жылдан сәл астамдау ғана уақыт өткен екен. Ал сондағы балалар бүгінде ғылымның алтын баулы ірі-ірі шаңырақтарын көтеріп, ғалымдар тарихын жасап отыр" — деген жолдар сол дәуір көзқарасы мен пайым-парасатынан хабардар етіп тұрған жоқ па?
Жалпы, ғылым мен техника, экономика мен психология, адам мен қоғам — ғылыми-техникалық прогресті дамытушы күш ретінде қарастырылады. "Ғылым өмірге өндіргіш күш болып араласып, өндірісті өзгертеді, адамдар-дың психологиясына қозғау салады, сезімін ұштайды".
Осы айтылған ғылыми тұжырымдарға Е.Букетовтің публицистикалық шығармалары толығымен жауап береді десек қателеспейміз. Ғылымның қоғамға қажеттілігі мен оның атқаратын рөлі туралы Е.Букетов баспасөз беттерінде аз айтқан жоқ.
"Біз қазір ғылыми-техникалық революция кезінде өмір сүрудеміз. Ғылым, партиямыз айтқандай, өндіргіш күшке айналып, тікелей іс-әрекетімізге араласып отыр гой. Бұның сырт көрінісі, ғылымның кеңінен өсіп-өрбуінен, ғылыми қызметкерлердің көбеюінен байқалады.
Сондықтан болашақта ғылымға құлаш сермеуге ұмтылған жастарға жемісті еңбек тілеп, ғылыми қызметтің өзгешелігі туралы бір-екі ауыз сөз айтуға болады".
Ғылыми-техникалық прогресс проблемасы Е.Букетов публицистикалық шығармаларының негізгі арқауы десе де болады. Өйткені бұл ғалым-публицистке таныс, жақсы білетін тақырып. Сондықтан да оның ғылыми-публицистикалық мақала-очерктері, түрлі аудиторияларда оқыған баяндама-лекциялары, жоғарғы орындарға жазған ғылыми хаттарында аталмыш мәселе күн тәртібінде тұрады. Тағы да айрықша атай кетеріміз, жәй проблема ретінде емес, соған қол жеткізудің ғылыми концепциясы нақты түрде көрсетілуі. Мысалы, Қарағанды обкомының екінші хатшысы Н.Ә.Назарбаевқа «Қарағанды кен-байыту комбинатың жұмысындағы кейбір кемшіліктер» атты хатында сол тығырықтан шығудың жолдарын атап-атап, нақты фактілермен ғылыми тұрғыда талдау жасай отырып көрсеткен. Немесе мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының II съезінде оқыған баяндамасы мен "Табиғат ананы аялай білейік" атты мақаласында елдің әлеуметгік-экономикалық жағдайын салалап, саралап, тұжырымды пайыммен, ғылыми-публицистикалық негізбен жазады. Осы жерде Е.Букетов публицисти-касындағы тағы бір ерекшелік цифрлы материалдарды жүйелеп жіктеп бере отрып, мақала маңыздылығын айшықтай түсуі деп бағалауға болады.
"Адам күші аса қуатты. Ол қазір жер шарындағы құрылықтың 55 процентін, өзен-суының 12 процентін, орман-тоғайдың жыл сайынғы 50 процент өсімін пайдаланып, құрлыс пен кен қазбалары үшін 4 мың шаршы километр парода алуда қазір жер қойнауынан жыл сайын 100 миллиард тонна руда алынып, шамамен 7 миллиард тонна отын шығарылады. Сөйтіп жыл сайын өзен аңғарына 600 миллиард тонна өнеркәсіп пен тұрмыстық орындардың қалдық сулары құйылады. Орташа есеппен 800 миллион тонна әр түрлі металл қортылып, жер бетіне 300 миллион тонна минералдық тыңайтқыш сі "іріледі, төрт миллион тонна улы химикаттар себіледі. Атмосфераға 23 миллиард тонна көмір қосынды тотығы, бір миллиард тонна басқа да қосынды тарайды. Бұл цифр екі мыңыншы жылға дейін дүние жүзі бойынша төрт-бес есе өспек.
Осы жерде ойымызға Н.Г.Левиновтыың: "Цифрлы материал дәлелдеу құралы ғана емес, сонымен қатар құбылыстың сандық жағын зерттеу арқылы және сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы ықпалымен шындықты танудың қуатты құралы да" деген тұжырымы оралады.
Е.А.Букетовтің артыңда қалдырған публицистикасының негізгі арқауларының бірі — жалпы адамдық, азаматтық жайлар, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, ғылыми прогресс, экономика және экология мәселелері болды. Бұл тұрғыдан алғанда Е.А.Букетовтің публицистикалық мұрасы аз болса да мәңділігімен ерекшеленеді. Қай тақырып болмасын ол Е.А.Букетов шығармаларында міндетті түрде ғылыммен астасып, сол салада өріліп, өзектес болып жатады. Өзінің жазушы Сейдахмет Бердіқұловқа жолдаған "Жастардың болашағын ойлай түссек" атты мақаласында да оқу-білім жолының оңай еместігін, сол жолға кездейсоқ келе салмау керектігін, тілге тиек ете отырып, өзінің көкейтесті мәселесін былайша түйіндейді: "Заманымыз ғылыми-техникалық революция заманы болса, физика, химия, биология сияқты жаратылыс танудағы іргелі ғылымдардың бүгінгі күнге дейін ашылған заңдылықтары мен ақиқаттарын адам игілігіне техника арқылы мейлінше пайдаланып, табиғаттың жаңа заңдылықтарын ашып, соларды дереу тіршілік мүддесіне жаратуға жаппай ұмтылыста болсак, Отанымыз бұл ұмтылыс үшін барлық мүмкіншілікті туғызып отырса, болашақта осы бір іске қолқабысы тиер деп үміттендіретін қабілетті жастардың адасуына жол беріп қоюымыз, қоғамымыз бен еліміз үшін орны толмас, қайтпас шығынның бірі болатын түрі бар".
Кезінде жоғары оку орнының ректоры болған Е.А.Букетовтің осы пікірі әлі де маңызын жойған жоқ. Тек жоғарғы білімді деген атақ үшін ұрпағын қаласын-каламасын кез-келген мамандыққа итермелеген, еріксіз оқыту, ел болашағы оның ғылымы мен өнерін экономикасьша тигізер зияны аса қауіпті.
"Адамның бойындағы асыл қасиет — оның ойлары, сол ойларды туғызатын білімі, — дейді публицист. — Сол ойлардан туатын сөздер, жүзеге асатын әрекет-қимылдар — оны қуанышқа, табысқа, бақытқа жеткізетін құрал, жол күш".
Е.А.Букетов публицистикасындағы пайымдауды осы тұжырым да қуаттап тұр.
Е.А.Букетовтің публицистикалық шығармаларындағы өзіне ғана тән ерек-шеліктерінің бірі әдебиет пен жаратылыстану ғылымының арасындағы дәне-керлігі. Жалпы, ғылым мен әдебиетті егіз ұғым деп бағалаған Е.Букетов оны өз шығармаларында үнемі тілге тиек етіп отырады. 1975 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген ғылым, өнер туралы ойлары топтасқан "Атан қомында туған адам" атты кітабындағы "Селен мен өлең" атты алғы сөзінде З.Қабдолов: "Евнейді — Евней еткен көркем әдебиет. Білеміз, Евней Букетов — алдымен ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі. Бірақ ол оқымыстылығының өзімен де бәрінен бұрын Пушкин мен Абайға, Әуезов пен Маяковскийге қарыздар деген еді.
Ғылым мен көркем әдебиет туралы Е.Букетовтің өзіндік пікірлері төмен-дегіге саяды: "Бұл сұраққа мен А.М.Горькийдің сөзімен жауап берер едім: "Ғылым мен көркем әдебиетте екеуіне де бірдей тән қасиеттер көп: екеуі де зер салып бақылауды, салыстыруды, зерттеуді тілейді, көркем суреттерге де, ғылымға да болжампаздық пен тапқыштық, яғни "интуиция" қажет немесе Альберт Эйнштейн тамаша айтқан: "Ғылыми ойланып-толғануда қашанда поэзия элементі бар. Шын ғылым мен шын музыка біркелкі ойланып-толға-ну процесін тілейдің деген пікірлер Е.Букетов үшін өмірлік тәжірибе теори-ясына айналған.
"Алып адым" атты мақаласында мынадай қызық ойлар келтірген. "Қыз Жібек" киссасында Базарбайдың Төлегені қыз іздеп, Ақ Жайыққа атганбақ болғанда,
Жаратты бір қара көк тұлпар атты,
Өзі жорға жануар құс қанатты.
Тұрманының барлығын алтындатып,
Куміспен төрт аяғын тағалатты, —
деген сөздер бар. "Әрі әдемі, әрі мәнді сөздер. Бір жағынан, Базарбайдың байлығы мен Төлегеннің салдығы көркем сипатталса, екінші жағынан, алыс жолға шығатын жолаушының аты тағалы болуы ескерілген. Бірақ, Төлегеннің алыс жорықта игеріп, қыз Жібектің көшіне жеткені шын болса, Бозжорғаны күміспен тағалауы бекер ме деп ойлаймыз, өйткені, күміс таға бірінші шақпақ таспен кездесуге шыдамай, жаншьшып, шелісі үзіліп, түсіп қалар еді де, жорғаны бірден ақсатып, Төлегенді Жағалбайлыдан шықпай жатып, жаяулатар еді. Біздің елде Мешелдің Жаналысы дейтін болыс, қыз Жібек қиссасының осы бір сөздеріне сеніп, өзінің бәйгіге қосып жүрген тұлпар атын қаладан шақыртып, зергер жалдап, осы Төлегенше әшекей күміспен тағалатам деп, ақыры ақсатып алғанын ауыл ақсақалдары осы күнге дейін аңыз етіп айтады. Әшекейге лайықты алтын мен күміс, ауада тотықпай, жалтырап көз тартып тұрса да, табиғатынан жұмсақ, майысқыш болып келеді де, қаттылық пен беріктікті тілейтін істерге жұмсағанда осалдық білдіредің.
Қыз Жібек жырындағы бір шумақ өлең астарынан осылайша ғылыми ой түйген Е.А.Букетов жалпы әдебиеттегі зерттеуді қажет ететін кейбір тылсым сырлар ұштығын ұстатқандай әсер береді. Көп жазушьшарға тән қасиет Е.А.Букетов бойында да болған. Евекенде жасынан ауыз әдебиетінің нәрімен сусындап өскен. Ескіден келе жатқан ертегі-қиссаларды зерделеп, жаттап өскен бозбалаға ең бірінші өлең өлкесі есігін ашқан.
Бірақ селенмен айналысқан азамат үшін өлең тек жан сергітер серігі болып қала берген. Жаратылыс тануды өлеңмен сөйлеткен Евней таланты тағы да бір қырынан көрінгендей. "Әр іс өзі бір жүйең атты өлеңі жаратылыс тануды поэзия тілімен өрнектейді. Онда мынадай жолдар бар:
Күкірт, темір әм селен
ушеуі де халькоген!
Бұл ушеуі, жобасы,
Нәзік жыныс болғасын
Жүрмесе тек біреумен
құшақтасып, қолдасып,
Сезеді ешбір оңбасын
Темір, мырыш, қорғасын.
қалайы, мыс, никельдей
Мықтылармен табысып,
Жанын алып, жабысып.
әл-перідей арбасар, —
деп, химиялық қосылыстардың ерекшелігін өлеңмен баяндайды. Кейде Буке-овтің ғылыми-публицистикалық мақала зерттеулерінің жазылуына әдебиет пен өнер, поэзияның түрткі болып, шығармашылығына шабыт ашып жата-тыны бар. Қай ғылыми мақаласын оқымаңыз онда көркем әдебиеттің нышан-дары қайтсе де қылаң беріп тұрады. Әдебиеттен жаратылыс тану ғылымы-ның сонарын танып, соны ғылыми тұрғыда кеңітіп зерттеу Е.А.Букетов публицистикасына тән қасиет. "Зерде" журналының 2000 жылғы 3-4 нөмірінде: "Букетовтің ертеректе жазылған көлемі 50 мәшеңкелік беттей "Көмір мен судан: мұнай, бензин, керосин және басқалары" атты мақаласының редакция архивінен табылғанын, журналға жариялауға келетін танымдық мәні зор дүние екендігін, оның үстіне Евней Букетов "Білім және еңбек" — "Зерденің" ең алғашқы редакциялық алқасының мүшесі, әрі белсенді авторы және жанашыры болтан. Сондықтан журналымыз 40 жасқа толған мерейтойға орай кездейсоқ табылған бұл дүниені ықшамдап, қазақшалап, бір-екі нөмірге жариялауды жөн көргендерін айтады.
Бірден айта кету керек, бұл көлемді мақаланың жазылуына да тағы да Е.Букетовтің әдебиетшілдігі, поэзияға жақындығы себеп болғанға ұқсайды. Өйткені мақала өлқиссасы Сергей Есениннің драмалық поэмасы "Пугачев-те" шаруалар көтерілісінің көсеміне жақын жүретін күрескердің бірінің:
Я хотел бы вернуть и поверить снова
Что вот эту луну,
Как керосиновую лампу вчнас вечерний,
Зажигает фонарщик из города Тамбова, —
деп айтатын бір шумақ өлеңімен басталады. Ақын Кавказда болып, 1924 жылы біраз уақыт Бакуде тұрған. Сонда оған отандық керосиннің шыққан жерінде біреу-міреудің мұнайдың өндірілу тарихы мен пайдаланылуы туралы әңгімелеп беруі, сол арада ақынның әбестік жібергенін бір-ақ білуі ықтимал. Өйткені әлгі айтып отырған керосин лампа (шам) Пугачев көтерілісінен кейін сексен жылдай өткен соң, яғни 1853 жылы поляк Игнатий Лукасевичтің жасауымен дүниеге келген едін — дейді.
Сөйтіп, С.Есениннің бір шумақ өлеңі дүниеге ғылыми-танымдық мәні зор публицистикалық зерттеудің келуіне себепкер болады.
Оның үстіне ғылымға тән кіршіксіз таза көңілінің, адамгершілік қасиетінің болмысындай зерттеу эпигрофына академик В.И.Вернадскийдің "Барлық ғылым тарихы дәлелдейді. Уақыт іргерілеген сайын ғылым өзінің бұрынғы әріптесі көре алмаған, біле алмаған жаңалықтарды аша бередің деген сөзді келтірген. Вернадскийдің осы тұжырымы Е.Букетовтің ғылым жолында ора-сан зор жаңалықтар ашса да кешегісі мен ертеңіне деген сенімін, үмітін, адалдығын үнемі жадында ұстап өткендігін көрсетеді.
Е.Букетов очерктерін сөз еткенде тілге тиек етер ерекшеліктің бірі әр нәр-сеге объективті түрде баға беруі болып табылады.
Очерк пен публицистика жанрын зерттеуші Т.Ыдырысов:
"Публицистика мен очерктерді өмірдің барлаушысы деп атайды. Бұл сөз — ортақ ойдан шыққан орынды сөз, шынында да одан ұшқыр, одан өткір, одан алғыр көркем твочествоның құралы жоқ десе де артық емес. Оның азамат-тық дауысы, жауынгерлік дабылы, идеялық биіктігі, шеберлік терендігі жыл санап жетіліп, кемелденіп келе жатқаны сөзсіз. Ол өмірдің өзекті мәселелерін халықаралық саясат жәйттерін, күнделікті тіршілік құбылыстарын жазуда басқа жанрлардын алда тұр." — дейді.
Е.А.Букетовтің "Канада көріністері" атты жол-сапар очеркі осы айтқан тео-риялық негізге толық жауап беріп тұр деп айтуға болады. Біріншіден, "Жабық есік" жағдайын бастан кешкен кешегі Кеңес Империясы құрсауындағы бодан мемлекет өкілінің шет елге сапарға шығып, көргенімен көңілге түйгенін баспасөз арқылы бұқара халыққа жеткізуі ол кезде үлкен жауапкершілікті жүктейтін. Екіншіден, Кеңес идеалогиясы үшін капиталистік жүйедегілердің өмірін құбыжық етіп көрсету негізгі салтқа айналған түс еді, Бұл очеркте Е.Букетовтің басқа әсерлерінен гөрі ғалым ретіндегі көзқарасы өзінің объективтілігімен ерекшеленбей қоймайды.
Публицист өз дәуірінің шындығын жазады десек, Е.Букетов заманы екі ұлы державаның арбасқан уақыты еді. Идеология қанша ынтызар болса да, барды жоқ, ақты қара деп жазу нағыз публицист-қаламгер үшін болашақ ұрпақ ал-дында күнә болар еді. Замана болмысынан сыр аңдаған сыралғы жандар бұл жолда қателескен жоқ. Қателескендер, қызыл империяның қол жаулығына айналып, туған халқына қарсы шыққандар да болды. Е.Букетов публицистикасындағы парасатгы пайымдаулар мен терең танымдарды зерделей отырып, уақыт шындығының шырғалаң шежіресіне қаныға түсетініміз сондықтан.
Осы пікірімізді публицистика жанрын зерттеуші белгілі ғалым Т.Ыдырысов былай деп қуаттай түседі: "Бұл өзі — (Жол-сапар очеркі. Қ.А.) очерктің ең көне түрі. Өйткені, танымаған, көрмеген жерді көруге, білуге, саяхат сапарына деген құмарлық ешқашан басылған емес. Демек, очерктің бұл түрінің арқауы — саяхат. Бұрын болмаған, көрмеген, танымаған елдің жер-суы, тұрмысы, салт-санасы, мәдениет ескерткіштері, халықтардың өміріндегі тарихи өзгерістер автордың өзіндік толғам, әсері, саяси көзқарасы арқылы баяндалады. Мұнда автор позициясының, өмір болмысын шынайы суреттеудің рөлі күшті. Жол-сапар очеркінде келтірілген фактілер, мәліметтер оқушының ой-өрісін кеңейтуге, идеялық жағынан шындауына септігін тигізуі шарт. Осы арада ескерте кететін бір жайт, журналистер мен жазушылардың, ғалымдардың шетелдерге саяхатқа барып келгеннен кейін жазған очерктерінде белгілі бір елдің ежелгі тарихымен, әдет-ғұрпымен, экзотикасымен орынсыз әуестеніп, шетелдердегі нақты өмір болмысын терең ашып көрсетпей, үстірт, сыдырта өте шығуын құптауға болмайды".
Зерттеушінің бұл пікірінің маңыздылығын "Канада көріністері" очеркін оқығанымызда анық аңғарғандай болдық. Бұл очерк 1967 жылы "Орталық Қазақстанның" қыркүйек айындағы N218, 219, 220, 221 сандарында жария-ланған болатын. Кейіннен қаламгердің "Көкейкесті" жинағына енгізілді.
Бұл очерктің өзіндік ерекшелігін ой жүйелілігінің желі үзбей жазылуынан қарастырған жөн. "Мен еліміз социалистік өмір құра бастағанда туып, капиталиста өмірді көрмей өскен адаммын", — деп басталады жолжазба очеркі. Тұңғыш рет шет елге онда да капиталист: қоғамға бет түзеген ғалым адамның ішкі толғанысы очеркте өте әсерлі жазылған. "Канадаға барасың деген хабар келгенде мен әрі қуандым да, әрі түрлі ойларға түстім" — деген автор тебіренісі бұл сапардың қаншалықты маңызды екендігін сезінгендігінен туса керек. Самолетке отырып, мұхитты бетке алған сәтінен басталған ішкі толғаныс Е.А.Букетовтің қоғамдық көзқарасы мен азаматтық пайым-парасатымен астаса өрбіп, оқушысын бірден баурап, өз қиял әлеміне бірге қанат қақтырады. Сырт көз сыншыл демекші, Е.А.Букетов көрген Канада дамыған ел санатына жатқанымен оның да күнгейі мен көлеңкелі тұстары бар екендігін нақты мысалдармен көрсете білген.
Очерк болмысының басты ерекшелігі көрген-білгенін тізіп жазу емес, әр нәрседен ой түйіп, оны салмақтап, саралауында жатыр. Мысалы, Канада-дағы кітап дүкендерін автор былайша баяндайды. "Адамға білім беретін, ру-хани азық болатын кітаптар, мысалы классиктердің шығармалары дүкеннің арғы бұрыш жағында, көзге онша түсе қоймайды. Кітап саудасы да бұл жерде долларды көбейтудің бір әдісі, сондықтан тоғышарларға арналған секс пен бұзушылықты сипаттайтын кітаптар ең өтімді, ең қымбат кітап сияқты. Әрине, бұл дүкендерде жақсы, мазмұнды, оқығанда пікір туғызып отыратын кітапқа құмартқан адам өз іздегенін табар да, бірақ пәк жолдан шық деп, қытықтап тұрған мұқабалардың арасынан жігері жетіп аман өтсе ғана табар."
Адамның рухани азығы өнер мен білімге, оқу мен ғылымға төнген өрке-ниет "жетістігінің" қатерін сонау 1967 жылы Канада жерінде сезіп, соны өзінің публицистикалық мұрасында жазып, ескертіп кеткен Букетов көрегендігі араға 40 жыл салғанда, өз Отаны Қазақстанда да қайталанатынын сол кезде сезді ме, кім білсін?.. Кейде зерттеушілер ұлы адамдар қолтаңбасының, рухани мұрасының өміршеңдігі туралы айтып жатады. Бұл өмірдегі шындық. Қаламгердің хаты өлмейтіндігін ғасырлар қойнауынан жеткен рухани құндылықтар дәлелдеуде. Аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған перзенттеріміз қаншама?! Шоқан, Абай, Сұлтанмахмұттар мен Сәкен, Мағжан, Міржақып қаламынан туған көсем ойлы көркем сөздер уақыт өткен сайын өз қасиетін айшықтай түсуде. Солардың легінде Е.Букетов публицистикасының парасат, пайымы да өз нәрін бере берері сөзсіз. Әсіресе, әр дәуірдің жауынгер жанры публицистикалық еңбектердің калың бұқараға тигізер ықпалы мен тәлім-тәрбиесі зор. Ол туралы зерттеуші ғалымдар да келісті тұжырым айтады: "Публицистика — жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық құбылысқа кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа еріте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз — саяси-көркем проза, қаламгердің қоғамдық-әлеуметгік мәселелерді толғауы".
"Канада көріністері" жол-сапар очеркінде зерттеуші ғалым келтірген осы талаптардың дені көрініс тапқан. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін халықтық қағида көсемсөз үлгісінде осы очеркте анық байқалады. Әлеуметтік ерекшеліктерді қозғаумен катар, Е.Букетов бұл очеркінде көркемдік ерек-шелікке де өте зор мән берген. Сондықтанда Е.Букетов публицистикасында-ғы тандаулы туындылар қатарында "Канада көріністері" жолжазба очеркінің де шоқтығы биік болып табылады.
Е.Букетов публицистикасының негізгі арқауларының бірі — дәстүр, тағы-лым аясында өрбитіндігін біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұл тұрғыда қа-ламгер көптеген мақалалар мен лекциялық баяндамалар жазғаны мәлім. Жастардың оку-білімге құштарлығын ояту, тәлімді, тәрбиелі, мәдениетті болып қалыптасуына ықпал ететін, уәлі сөздері мен дәйекті пайымдауларын публицистикалық шығармаларынан анық байқаймыз. Мысалы: "Ағадан ақыл, ініден ілтипат", "Қараша үйден Қарағанды Университетіне дейін", "Жас замандас келбеті", "Арманшыл болғангане жетсін", "Сыйлас, сырлас, көмектес", "Парасат — білім бұлағы", "Ғылым көкжиегін көксесек" атты мақалалары өскелең ұрпақ бойындағы жақсы касиеттер мен парасаттылықтың қалыптасуьша ықпал ететін, соған меңзейтін дүниелер.
Жастар тақырыбындағы қай мақаласында болмасын көтерер өзекті мәселенің бірі өскелең ұрпақты жат қасиеттерден, мен-мендіктен, тәкәппарлықтан, мансапқорлық пен көрсеқызарлықтан сақтандырып, ғылым, білімнің қоғамға тигізер пайдасының қаншалықты салмақты екендігін ескерту болып табылады.
"Сыйлас, сырлас, көмектес" аттас мақаласында: "Амал не, жастардың ара-сынан ғылымның бірінші сатысына жетер-жетпестен-ақ "Мен білгенді кім біледің деп кеудесін соғатындар кездесіп қалады. Мұндай зиянды мінезді ерте білсе, ерте жоюға болар еді-ау, ал осындай осалдық есейіп, едәуір лауазымға ие болып қалған кезге дейін ілесіп барса, ғылыми ортаға одан ауыр жоқ" — деп қиналыс білдіреді.
Публицистке тән болмыспен өлшер болсақ, Е.Букетовтің осылайша толғ-ануын қайраткерлік, азаматтық тұлғадағы пайым-түйсігі, өздік санадан ұлттык санаға ұласқан биік парасаты деп бағалар едік. Жастар жөніндегі публицистикалық шығармаларындағы Е.Букетовке тән өзгешелік оның білікті педагогтық-психологиялық таным-түйсігінің терендігі болып табылады. "Қазіргі жастарға гөй-гөй, ақылдың керегі жоқ, олардың көзі ашық, көкірегі ояу", — дейтін Е.Букетов олармен "сырласудың", "сыйласудың" өзіндік жолын қарастырады. "Жастардың болашағын мезгеу ісіне ойдағыдай көңіл бөлінсе, олардың басым көпшілігінің қабілетін уақытылы танып, сол қабілетіне орай әуестігін тәрбиелеуте болатыны тіршілік тәрбиесінен белгілі ақиқат. Әрине, бұл үшін баланың өсіп-қалыптасудағы құбылыстарына сергек үңіліп отырытын ата-ана керек те, оқушы баланың ішкі сырындағы ауытқушылықтарды мезгілімен сезініп, жамандыққа ауыстармай баулуға тырысатын оқытушы ұстаз керек" — дейді "Жастардың болашағын ойлай түссек" атты мақаласында.
"Публицистикаға ең керегі ой, жан тербер пікір. Байыптай қараған адамға айнала — тұнып тұрған публицистика. Небір мәнді оқиғалар, проблемалар, ғажап адамдар бар. Сол проблемалардың мәніне, адамдардың жан-дүниесіне үңілсе, міне, нағыз публицистика осы". Публицистика болмысын ашатын осы аксиома Е.Букетов шығармаларының барлығына тән қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: |