Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев Математика ғылымының



Дата30.01.2024
өлшемі2.15 Mb.
#490199
Асқар Жұмаділдаев


Асқар Серқұлұлы
Жұмаділдаев
Математика ғылымының
жарық жұлдызы
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 
25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келді.
Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
Ғылыми дәрежелері: 1) 1981 ж. — физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу); 2) 1988 ж. — физика-математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин; 3) 1990 ж. — Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры; 4) 1995 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;
5) 2004 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.
1998, 1999 жж. – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай); 1999 ж. – Киото университеті, Жапония (1 ай); 2000-2001, 2002, 2003 жж. – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай); 2000 ж. – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай); 2001 ж. – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай); 2001, 2002, 2003, 2005 жж. – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай); 2002 ж. – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия (1 ай); 2005 ж. – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай).
Шетелден алған шақыртулары: 1988 ж. – Гамбург университеті (2 ай); 1995-1996 жж. – Мюнхен университеті (18 ай); 1997, 1998, 1999 жж. – Бильфельд университеті (4 ай);
1997 ж. – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай); 1998, 2001, 2002, 2003 жж. – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия (9 ай);
Қызықты деректер:
  • Қазақстан Тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан Тәуелсiздiгi туралы Заңды, Қазақстанның тұңғыш Конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі;
  • «Болашақ» бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан; Қазақстан Конституциясында Қазақстан Президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген;
  • Қазақстанның Тұңғыш Президентiнiң жалақысын есептеген.

Асқар Жұмаділдаевтің есебі
"Мен бұл есепті 60 жасымда ұсындым. Жауабын тапқан адамға 100 доллар беретінімді айттым. Бұл есеп: – х!+1= у2. Содан бері жыл сайын 100 доллар қосылып, бүгінге дейін 1400 долларға жетті", - дейді ғалым. Ғалымның айтуынша, қазіргі жастардың потенциалы өте жақсы. Оның есебін шығарғандар бар екен. Бірақ қате болып шыққан.
Асқар Жұмаділдаевтің кезекті есебіне шешім тапқан СДУ-дің 1 курс студенті Жәния Кеңесоваға 100 АҚШ долларын ұсынды. Академиктің жасырған есебі – Азайту амалының тепе-теңдік дәрежесін есептеу болса, Жәния сол есептің бесінші дәрежелі тепе-теңдігіне шешім тапты. Азайту амалының келесі заңдылығын табуға академик 500 АҚШ долларын тігіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет