Биология ғылымының даму тарихы, салалары Орындаған; Кенбаева С. М жоспар: Биология ғылымы туралы жалпы сипаттама Биология ғылымының даму тарихы Биология ғылымының салалары



бет1/4
Дата07.12.2023
өлшемі2.82 Mb.
#485777
  1   2   3   4
Эл. Ресурс 2 апта

Биология ғылымының даму тарихы, салалары Орындаған; Кенбаева С.М

Жоспар: 1. Биология ғылымы туралы жалпы сипаттама 2. Биология ғылымының даму тарихы 3. Биология ғылымының салалары


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп - жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
Конфуций “Тіршілік бір бастамадан шығып, бірте-бірте тарамдалып, таралу нәтижесінде дамыды” деген пікір айтты.
Диоген “Барлық заттар – бір заттың немесе соған ұқсас заттың жіктелуі нәтижесінде пайда болған” деген болжас жасады.
Ауа, жер, от және су тіршіліктің негізгі тамыры, тіршілік осы 4 элементтің бір-біріне тартылуы немесе тебуі нәтижесінде пайда болған. Әлемнің, жануарлардың, өсімдіктердің шығу тегін түсіндіруге тырысты, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы туралы айтты.
Эмпедокл
Организмдер ауада болатын “Ұрықтардан” пайда болған
Анаксагор

Анаксимандр “Өсімдіктер, жануарлар және адамдар мұхит түбіндегі шөгінді қалдық заттардан пайда болған” деген болжам жасады.


Бюффон “Жануарлар әрқайсысы әр түрлі уақытта пайда болып, оларға сыртқы орта мен тұқымқуалаушылықтың әсерінің зор екендігін айтты.”
ЛАМАРК ЖАН БАТИСТ ПЬЕР АНТУАН ДЕ МОНЕ ШЕВАЛЬЕ — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады.
Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды,
оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер
әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан
түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде
түрлердің өзгеруінен пайда болады.
Т.А.С.
Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1 ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және рим философтары мен дәрігерлері болды. Соның ішінде Гиппократ ( 460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет