Асқар Серқұлұлы
Жұмаділдаев
Математика ғылымының
жарық жұлдызы
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев
25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келді.
Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
Ғылыми дәрежелері: 1) 1981 ж. — физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу); 2) 1988 ж. — физика-математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин; 3) 1990 ж. — Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры; 4) 1995 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;
5) 2004 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.
1998, 1999 жж. – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай); 1999 ж. – Киото университеті, Жапония (1 ай); 2000-2001, 2002, 2003 жж. – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай); 2000 ж. – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай); 2001 ж. – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай); 2001, 2002, 2003, 2005 жж. – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай); 2002 ж. – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия (1 ай); 2005 ж. – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай).
Шетелден алған шақыртулары: 1988 ж. – Гамбург университеті (2 ай); 1995-1996 жж. – Мюнхен университеті (18 ай); 1997, 1998, 1999 жж. – Бильфельд университеті (4 ай);
1997 ж. – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай); 1998, 2001, 2002, 2003 жж. – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия (9 ай);
Қызықты деректер:
- Қазақстан Тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан Тәуелсiздiгi туралы Заңды, Қазақстанның тұңғыш Конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі;
- «Болашақ» бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан; Қазақстан Конституциясында Қазақстан Президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген;
- Қазақстанның Тұңғыш Президентiнiң жалақысын есептеген.
Асқар Жұмаділдаевтің есебі
"Мен бұл есепті 60 жасымда ұсындым. Жауабын тапқан адамға 100 доллар беретінімді айттым. Бұл есеп: – х!+1= у2. Содан бері жыл сайын 100 доллар қосылып, бүгінге дейін 1400 долларға жетті", - дейді ғалым. Ғалымның айтуынша, қазіргі жастардың потенциалы өте жақсы. Оның есебін шығарғандар бар екен. Бірақ қате болып шыққан.
Асқар Жұмаділдаевтің кезекті есебіне шешім тапқан СДУ-дің 1 курс студенті Жәния Кеңесоваға 100 АҚШ долларын ұсынды. Академиктің жасырған есебі – Азайту амалының тепе-теңдік дәрежесін есептеу болса, Жәния сол есептің бесінші дәрежелі тепе-теңдігіне шешім тапты. Азайту амалының келесі заңдылығын табуға академик 500 АҚШ долларын тігіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |