Ақселеу: Дүние былтыр қандай, биыл қандай,
Заманның жал-құйрығы сұйылғандай.
Тұрсын: Жауап жоқ жан дауысым шықса-дағы,
Құдайдың құрдымына құйылғандай.
Тұрсын: Жалғанның жалаңдаған білдім бетін,
Жалайын енді аға кімнің көтін?
Ақселеу: Көнесің, көнбесіңе шара бар ма,
Сүйегің аман болсын, садақа етің.
Ақселеу: Дүние былтыр қандай, биыл қандай,
Дидары күннен күнге құлпырғандай.
Тұрсын: Жанарым, жаным аға, жарқ етті ғой,
Сусыным бір қанғанда жүрген қанбай.
Тұрсын: Дүние былтыр да осы, биыл да осы,
Талтайып тұрған, аға, ол да мосы.
Ақселеу: Бауырым, қызық-шыжық өтер-кетер,
Аумасын ер жігіттің тіккен қосы.
Достарыңызбен бөлісу: |