«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
№
|
Ашық деректердің атауы
|
Жаңартып отыру
кезеңі
|
Ашық деректерді орналастыру үшін жауапты құрылымдылық бөлімшелер
|
1.
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы ақпарат
|
тамыз – қараша
|
АӨК МИК
|
2.
|
Қазақстан Республикасына өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар тізімі
|
жыл сайын
|
АӨК МИК
|
3.
|
Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесі
|
жыл сайын
|
АӨК МИК
|
4.
|
Карантинге жатқызылған өнім тізбесі
|
жыл сайын
|
АӨК МИК
|
5.
|
Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі
|
жыл сайын
|
АӨК МИК
|
6.
|
Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы ақпарат
|
жыл сайын
|
АӨК МИК
|
7.
|
Барлық санаттағы шаруашылықтардағы
асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі
|
жыл сайын
|
МШӨӨҚӨД
|
8.
|
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі
|
тоқсан сайын
|
АӨК МИК
|
9.
|
Астық пен ұнды экспортқа тиеп-жөнелту бойынша ақпарат
|
тоқсан сайын
|
ӨШӨӨҚӨД
|
10.
|
Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың импорты
|
тоқсан сайын
|
АӨК МИК
|
11.
|
«Асыл түлік» республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы» акционерлік қоғамында күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны
|
тоқсан сайын
|
СЖТД
|
12.
|
«Қазақ тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны
|
тоқсан сайын
|
СЖТД
|
13.
|
Ауыл шаруашылығындағы зерттеулердің түрлері
|
жыл сайын
|
СЖТД
|
14.
|
Жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі
|
тоқсан сайын
|
ВБҚК
|
15.
|
Ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі
|
тоқсан сайын
|
ВБҚК
|
16.
|
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің тізілімі
|
тоқсан сайын
|
ВБҚК
|
17.
|
Жануарларға арналған виварийлері бар салынған біртипті модульдік аудандық ветеринариялық зертханалардың саны
|
тоқсан сайын
|
ВБҚК
|
18.
|
Сатып алынатын шетелдік селекциядағы асыл тұқымды ірі қара мал төлдерінің саны
|
тоқсан сайын
|
ВБҚК
|
19.
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
20.
|
Аң және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
21.
|
Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
22.
|
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
23.
|
Балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес түрлерінің тізбесі
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
24.
|
Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
25.
|
Пайдаланушылардың балық аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
26.
|
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлерінің, оның ішінде киіктің саны
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
27.
|
Жануарлар дүниесінің сақталған түрлерінің саны
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
28.
|
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлері, оның ішінде киік (киіктер, тоғай кермаралдары, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсу пайызы
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
29.
|
Аңшылық шаруашылықтарының тізбесі
|
тоқсан сайын
|
ОШЖДК
|
30.
|
Су қоймаларының тізбесі
|
тоқсан сайын
|
СРК
|
31.
|
Гидротехникалық құрылыстардың тізбесі
|
тоқсан сайын
|
СРК
|
32.
|
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі
|
жыл сайын
|
СЖТД
|
33.
|
Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімі
|
жыл сайын
|
ӨШӨӨҚӨД
|
34.
|
Сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғыларда немесе шарбақтарда тауарлық балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат
|
жыл сайын
|
МШӨӨҚӨД
|
35.
|
Балық отырғызу материалдарын өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат
|
жыл сайын
|
МШӨӨҚӨД
|