Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы



Дата19.06.2016
өлшемі157.84 Kb.
#148259
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы. Біздің бұл тақырыпты алудағы мақсатымыз ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігін, түрлерін, қағидаттарын, біздің мемлекетіміз үшін маңызын ашу арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың одан әрі дамуына үлес қосу. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан тарихында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қалыптасуы жүріп мемлекетіміз үшін маңызды тарихи оқиғалар болды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының қабылдануы, Кеңес кезеңіндегі жерге байланысты, экологияға байланысты қабылданған Қазақ СССР-нің Жер кодексін, Экологиялық кодекстерді айтуға болады. Бұл заңдардың қабылдануы арқылы мемлекетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңи тұрғыдан негізін бекітіп түсініктері қабылдана бастады. Бұл кезеңде қабылданған заңдар көбінесе кеңестік тәртіппен қабылданған ережелер еді. Кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің еліміз өз заңын бекітіп оған өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл өте маңызды процесс еді өйткені, әр мемлекет заңын өз ыңғайына, тәртібіне қарай мемлекет үшін маңызды формада шығаруы тиіс. Қазақстан Республикасы териториясы кең, шекарасы байтақ, табиғи байлықтары мен аумақтар, қорықтарға бай мемлекет болып табылады. Осындай байлық иемденіп, болашақ ұрпаққа қалдыру үшін біз ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға үлкен ккөңіл бөлуіміз керек. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде онға жуық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар екен. Бірақта бұл Қазақстан сияқты кең байтақ мемлекет үшін өте аз. Әлі де зерттеулер жүргізіп ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санын көбейту керек деп есептейміз. Әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға өте үлкен көңіл бөлінеді және олар бұл сияқты аймақтарды қорғау олардың болашақ ұрпақ алдындағы маңызы деп есептейді. Біздің мемлекетімізде де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға үлкен көңіл бөлінген бірақ бұның өзі аздық етеді деп есептейміз. Арнайы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға қатысты бағдарламалар қабылдап оларды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу керек деп есептейміз. Себебі бұндай бағдарламалар қабылданып олардың жүзеге асырылуына баса назар аударыла бермейді.



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелері. Бұл жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қандай өзекті мәселелер туындауы мүмкін деген сұрақ туындайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамында көптеген обьектілер болғандықтан, осы обьектілердің жағдайына байланысты олардың құқықтық реттелуі, экологиялық хал-ахуалы жайлы проблемалар болатындығы анық. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жоғарыда атап өткенміздей қаржыландырылуы жағынан проблемасын бірінші тоқталуға болады. Екінші кезектегі проблема бұл азаматтардың ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты дұрыс мәдени көзқарасының қалыптасуы. Өйткені, азаматтар қорықтарда, ұлттық парктерде демалған кезде пайдаланған ортасын экологиялық тұрғыдан ластап, әртүрлі қоқыстарды тастап кетеді. Экологиялық мәдениеті жоғары мемлекеттер деп Еуропа мемлекеттерін, Жапония, Оңтүстік Карея, Франция және Германия сияқты мемлекеттерді айтуға болады. Мысалы, Жапонияда балаларды тәрбиелегенде қоршаған ортасына зиянын тигізбей керісінше оны дамытуды, гүлдендіруді талап етіп тәрбиелейді. Егерде біздің мемлекетіміздің адамы әдемі өсіп тұрған гүлді көрсе, оны бүрден жұлып алып үйіне алып кетеді. Ал Жапонияның азаматы бұл гүлді көрсе, оны жұлмай керісінше тамсанып, оны суретке түсіріп кетер еді. Осындай көзқарасты қалыптыстыру біздің қоғамның басты мақсаты болуы керек деп есептейміз. Бұл жерде ол қандай іс шараларды қамтуы тиіс деген заңды сұрақ туындайды. Ең алдымен, болашақ ұрпақтың санасына экологиялық мәдени көзқарас қалыптастыру керек деп есептейміз. Ол қалай жүзеге асады: мектептерде, балабақшаларда экологияға байланысты пәндер оқыту керек, студенттерге қоршаған ортаға байланысты, ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты құқықтары мен міндеттерін түсіндіру іс шараларын жүргізу керек. Себебі, біздің қоғамның көп мүшесі экологияға байланысты ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты құқықтарын біле бермейді. Мысалы, кейбір аңшылыққа қызығушылығы бар, аң аулай ермегін немесе хоббиін десек те болады, бастаған уақытта аңшылықпен қандай уақытта айналысу керек, қандай ережелер мен қағидаттарды естен сақтау керек деген сияқты сұрақтарға жауап таба бермейді. Бұл жерде аңшылық деп отырғанымыз жануарлар мен өсімдіктер дүниесіде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігі болып табылады. Келесі тоқтала кететін мән жайт бұл ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты құқықбұзушылықтар орын алған кезде тағайындалатын жаза. Бәрімізге белгілі бұндай құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза жеткілікті мүлшерде ауыр емес. Бұлай деп есептейтініміз көбінесе бұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеп немесе қысқа мерзімге қамаққа алынып жатады. Бұндай қылмыстардың санын азайту үшін айыппұлдың мөлшерін және тағайындалатын жазаның мөлшерін көбейту керек деп есептейміз. Келесі кезектегі ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты проблема бұл экологиялық аймақтардың дұрыс күзетілуі. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстан басқа мемлекттерге қарағанда артта келе жатыр десекте болады. Өйткені, біздің қорық күзетшілерінің пайдаланатын техникалары ескірген, көбінесе Кеңестік кезеңдегі техникаларды, автокөліктерді пайдалануда омыған байланысты мемлекет тарапынан үлкен мөлшерде қаржы бөліну керек деп есестейміз. Және бол күзетшілердің әлеуметтік жағдайы яғни төленетін еңбекақысына байланысты. Қорық күзетшілеріне төленетін еңбнеақы 50-60 мың теңге мөлшерінде болады. Бұл бұндай жұмыс атқаратын қызметшілер үшін өе аз жәнеде айлығы аз болған сайын олардың жұмысына деген ынтасы жауапкершілігі төмен бола береді деп есептейміз. Осы ерекше қорғалатын аймақтардың күзет мәселелеріне қатысты келесі айта кету керек маңызды мәселе бұл осындай қызметке арнайы мамандар әзірлеу. Бұндай қызметке біздің қоғамда қызығушылықтың аз екендігі рас, бұндай қызметке жастар мүлде қызықпайды десек те болады. Өйткені жаңа айтып кеткеніміздей бұндай қызметке тиісті мөлшерде жоғары жалақы төленбейді. Сонымен қоса, бұндай қызметке жастарды мамандарды тарту жұмыстары жүргізілмейді және тағы айтатын бір мәселе ерекше қорғалатын аймақтарды күзетуге байланысты болсын, басқа да эколог ғылыми мамандарды оқытып шығарудың арнайы оқу орындарында жағдайы жасалмаған. Бұл мәселесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігіне қатысты сілтеме жасап айтар едік. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты шет мемлекеттердің тәжірибесімен тәжірибе алмасып, мамандарды сол жаққа білім алуға жіберу керек деп есептейміз. Сол арқылы біз мемлекетіміздің Ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты қызметінің механизімін жоғары деңгеге көтеріп, сапалы қызмет қалыптастырар едік. Бұл тақырып бойынша өзекті мәселелер өте көп бұлардың бәрін айтып тауысу немесе шешу мүмкін емес. Бірақта біз сол мәселелерді ашып көрсетеміз деген пікірмен ғылыми жобамызды жалғастырамыз.

Облыс бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың ішінде Барсакелмес қорығы бар. Бұл Барсакелмес қорығы мемлекет қарауында және флорасы мен фаунасын мемелекет қарауына алынған. Облыс аумағында Арал  ауданында, Қамыстыбас  темір жол станциясынан   2  км  батысқа  қарай  орналасқан. Түсі көк жасыл, суы 6 метрге дейін мөлдір, көл суы түбіне дейін жылиды. Бұл флора мен фаунаға бай сирек кездесетiн суаттар. Көл жиегі табиғи жағажай, ірi – дәндi құмнан жасалған әдемі жағажай. Суы өте мөлдір, әрі жұмсақ, жылдың бес айында мамыр мен қыркүйек аралығы суға шомылып, ләззат алатын уақыт. Сирек кездесетін шипалы сапалармен ие. Көл Сырдарияның оң сағасын аса төбе аралығында ойыста жатыр, ол сырттай қарағанда науа тәріздес. Жағалауы 5 метр тереңдікке дейін тас, құмтас және құмайт, одан әрі тереңдеген сайын көл түбін тегіс сұр лай алып жатыр. Қамбаш көлі бірнеше іріктеуден кейін еліміздегі туризмді дамыту картасына енді. Қамыстыбас елді-мекеніндегі Қамбаш көлі бүгінде жұртшылықтың жиі келетін демалыс орнына айналды. Суы денсаулыққа пайдалы, дертке шипа. Мамандардың айтуынша, тері ауруларына ем. Алайда, көл жағасына келіп тынығушылардың тазалыққа мән бермеуі үлкен мәселеге айналды.

Ешбір кәсіпкер бұл жерде тазалық жөнінде жұмыс істеп келе жатқан жоқ.  Осы күйінде тұрса, тез арада шешім қабылдамасақ, бес жылдан кейін ластану деңгейі  күшейіп кетеді. Мамандардың айтуынша, Қамбаш көлі  соңғы кезде лайланып барады. Бұған, әрине, демалушылардың көл жағалауын қоқысқа толтыруы да себеп болып отыр. Бұлай жалғаса берсе, туристік орталыққа айналдырамыз деген жерді экологиялық аймаққа ұшыратып алуымыз ғажап емес.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган сұралып отырған жер учаскесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен босалқы жерге ауыстыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының тиісті жобасын әзірлейді.

Мемлекеттiк кадастр Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық мәртебесi, олардың орналасқан жерi, көлемi мен шекарасы, географиялық координаталары, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамалары, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимiнiң түрлері, мақсатты пайдаланылуы мен рұқсат етiлген қызмет түрлерi туралы мәлiметтер жүйесiн қамтиды.

Мемлекеттiк кадастрды ерекше қорғалатын табиғи аумақ жүйесiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу үшiн пайдалану, экологиялық желiнi қалыптастыру және жердi ұтымды пайдалануды жоспарлау әрi биологиялық сан алуандылықты, бiрегей табиғи ландшафттарды сақтауды ескере отырып, өңiрлердiң өндiрiстiк күштерiн орналастыру мақсатында уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде тұрақты түрде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.

Мемлекеттiк кадастр республикалық кадастрлық кiтап пен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың кадастр iстерiн қамтиды.

Кадастр iсi әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке ресiмделедi және мыналарды қамтиды:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмi;

2) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, ресiмделген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар паспорты;

3) Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негiздемесiн;

4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негiздемесiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын;

5) уәкiлеттi органның сұрауы бойынша ұсынылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи ресурстардың (жер, су, орман, жануарлар дүниесi, кен орындары мен пайдалы қазбалардың көрiнiмдерi) мемлекеттiк кадастрында көрсетiлуi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн;

6) осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда анықталған мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн.

Республикалық кадастрлық кiтапта оларды қорғау режимiнiң түрiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әрбiр облыс бойынша жеке көрсетiледi. Республикалық кадастрлық кiтапқа енгiзiлетiн әрбiр ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кадастрлық нөмiр берiледi. Тиiстi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға ресiмделетiн кадастрлық iс осы нөмiрмен сәйкестендiрiледi.

Мемлекеттiк кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып, қағаз және электронды жеткiзгiштерде жүргiзiледi.

Кадастрлық iстердi ресiмдеудi қоса алғанда, мәлiметтердi өңдеу, мемлекеттiк кадастрға енгiзу уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.

Уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар уәкiлеттi органға жыл сайын 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты құжаттар мен мәлiметтердi электронды және қағаз жеткiзгiштерде ұсынады.

Кадастрлық iс ресiмделетiн құжаттарға немесе мәлiметтерге өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, мұндай өзгерiстер туралы уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар электронды және қағаз жеткiзгiштерде тиiстi құжаттар мен мәлiметтердi қоса бере отырып, уәкiлеттi органды жедел хабардар етедi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік кадастрының деректері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту, экологиялық желіні қалыптастыру бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады және биологиялық саналуандықты, бірегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жерлерді ұтымды пайдалану мен өңірлердің өндіргіш күштерін орналастыруды жоспарлау кезінде пайдаланылады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастрының жүйесі қорықты аумақтардың барлық түрлері бойынша табиғатты қорғау, ғылым, шаруашылық және әкімшілік қызметтері жөніндегі ақпараттардан тұрады:

- Мемлекетті табиғи қорық (2004 жылы – 9 объектіден);

- Мемлекеттік ұлттық табиғи парк (2004 жылы – 8 объектіден);

- Мемлекеттік табиғи парк (2004 жылы – 2 объектіден);

- Мемлекеттік ботаника бағы (2004 жылы – 2 объектіден);

- Мемлекеттік табиғи резерват (2004 жылы – 6 объектіден);

- Мемлекеттік табиғи тапсырыс беруші (2004 жылы – 58 объектіден);

- Мемлекеттік табиғат ескерткіші (2004 жылы – 53 объектіден);

- Мемлекеттік қорықты зона (2004 жылы – 8 объектіден) тұрады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын көптеген мысалдармен, түсіндірулермен ашып көрсетуге болады. Біздің қоғамның мүшелері ерекше қорғалатын аймақтар жайлы, олардың біз үшін маңызы жайлы түсінбек түгіл, олар жайлы ойланар мекен? деген сұрақ туындайды. Әрине шын туайтына келгенде көп ойлана бермейтіндігі анық. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деген не? бұл біздің өмір сүріп жатқан қоршаған ортамыздың бір бөлігі. Ал осы қоршаған ортамызды біздің ең қымбат қазынамыз десек те болады. Осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау оның біздің экологиямыздың қауіпсіздігі үшін, біздің денсаулығымыз болашақ ұрпақ үшін маңызды десекте болады. Өйткені экологияға , ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға зиян келсе біздің денсаулығымызға да зиян келетіні анық. Себебі, табиғат адамның өмірінің басты нәрі, қайнар көзі екендігі анық. Жалпы экологиялық қауіпсіздік деген не? Экологиялық қауіпсіздік деген, бұл қоршаған ортаның табиғаттың зиянсыз, белгілі бір апатқа ұшырамаған, қалыпты даму күйі сақталған, табиғат пен адамның сабақтасып тұрақтылықта біріге өмір сүретін қалыпты күйі. Ал осындай бірқалыпты экологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру ең алдымен адамдардың яғни біздің қолымызда. Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздігіне келетін болсақ бұл қорықтардың , ұлттық парктердің , парктердің, зоологялық батаникалық бақ сияқты обьектілердің қалыпты жай күйінің қауіпсіздігі. Ендігі жерде экологиялық қауіпсіздікке зиян қалай келеді? деген сұраққа жауап табайық. Әрине экологиялық қауіпсіздікке зиян адамдардың, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың заңсыз іс - әрекетінің негізінде туындайды. Яғни құқық бұзушылық әрекеттер. Бұл құқық бұзушылықтар заң бойынша анығырақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы заңы бұл арнайы ерекше қорғалатын аймақтардың жағдайын құқықтық тұрғыдан реттеп тұратын заң болып талылады.

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың заңнамалары жайлы тарау қарастырылған бұл тарауда осы ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты заңнамалар басқа да заңнамалар сияқты Конституциядан басталады делінген, сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілер жайлы айтылған. Жәнеде бұл заңда маңызды қарастырылған тарау ерекше қорғалатын тбиғи аумақтарды мемлекеттік басқару , қадағалау және басқару туралы тарау. Жалпы мемлекеттік бақылау экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды компонент болып табылады. Өйткені мемлекеттік бақылау қадағалау дұрыс деңгейде ұйымдастырылмаса қоғамда тұрақсыздық яғни бей берекетсіздік қалыптасатын болады. Нақтырақ ашып көрсетсек, бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзет жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаса адамдар броканьерлер табиғатқа зиянды ашықтан ашық келтіретін болады. Мемлекеттен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға дұрыс қаржы бөлінбесе, бұл аумақтардың дұрыс материялдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі бұзылады. Біздің мемлекетімізде бұл мәселеге байланысты қаржы бөлу басқа әлем мемлекеттеріне қарағанда қаржы өте аз бөлінеді. Статистикаға сүйенсек, біздің елде салаларға бүлінетін қаржылардың ішінде қаржының бір пайызын ғана құрайды екен. Ал негізінде бұндай саларға көп қаржы бөлу керек. Өйткені, егерде экологиялық апаттардың алдын алу үшін дұрыс қаржы бөлінбесе, онда біз бұндай бапттардың алдын-ала алмай қаламыз. Бұл тұрғыдан экологияға байланысты, ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты бөлінетін қаржыны кемінде 5 пайызға жеткізіп қаржы бөлуді арнайы механизымын бөлу керек деп есептейміз. Келесі тарауында жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты құқықтары мен міндеттеріне қатысты тоқталған. Кез - келген азаматтың ерекше қорғалатын аймақтарды тең және еркін пайдалануға құқығы бар. Біз бұны қалай түсіндіруімізге болады азаматтар табиғи қорықтарда рухани, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады деп есептейміз. Әрине, бұз заңның кейбір ережелеріне сәйкес, кейде ақылы негізде кейде ақысыз пайдалануға беріледі. Ақылы негізде пайдалану табиғи қорықтарды экотуризм мақсатында пайдаланғанда, жалдағанда жеке кәсіпкерлік мақсатында пайдаланғанда жүргізілуі мүмкін. Негізінен ерекше қорғалатын аймақтар жекеге берілмейді тек жалға беру нысанымен беріледі. Жалпы жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын аймақтарға құқықтары мен бостандықтарына қатысты былай делінген:

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Жеке тұлғалар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдалануға;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;

4) қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметiне қатысуға;

5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желiлердiң жай-күйi мен олардың жұмыс iстеу мәселелерiне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

Ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңының 12-бабының 1-тармағының 2 тармақшасында «Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға мiндеттi» делінген. Жоғарыда зерттелген бапқа енгізер ұсынысымыз: «Бұл баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы ерекше қорғалатын аумақтар мәселесі бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізу деп аталған. Сонымен қатар, «ұсыныстың жауабын талап етуге құқығы бар» деген сөздер текстегі сөздерді заңға өзгертулер енгізуді ұсынамыз. Азаматтарға өз еркімен «Ерекше қорғалатын аймақтарға үлес қосқаны үшін» марапаттаулар мен сыйақылар алуға құқығы бар деп өзгертулер заңға арнайы енгізілсе деген ұсынысымыз бар. Себебі, бұндай марапаттаулар болған кезде, азаматтарды көпшілік алдына көрсетсе, баспасөз беттерінде жарияланса, халық арасында насихатталса, басқа да көпшілік кәсіпкерлер мен азаматтар ниеттеніп ерекше қорғалатын аймақтарға қаржы бөлуге ынталанатын болады деп есептейміз. Осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұраймыз.




Қорытынды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бұл біздің мемлекетіміздің териториямыздың бір бөлігі яғни біздің отанымыздың бір бөлігі десекте болады. Басқа мемлекеттің азаматтары Қазақстан деген кезде біздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жайлы анығырақ Қорғалжын, Алматы, Наурызым, Барсакелмес сияқты табиғаты тамаша, көркем ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды еске алу керек деп ойлаймыз . Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бұл біздің мемлекетіміздің бір нышаны секілді. Бұлай дейтініміз Қазақстанды керемет табиғатынсыз, қорықтарынсыз елестету мүмкін емес. Біздің қорықтарды қоғам, еліміз тану үшін бұл қорықтарымызды жұртқа көрсетіп, мақтануыз қажет. Теледидарда арнайы сюжеттер, көркем фильмдер түсіруіміз қажет жәнеде ұлттық валютамыздың сырты теңгеге де суреттерін көптеп салып шығаруымыз қажет деп есептейміз. Қоғамда ерекше қорғалатын аймақтардың маңызы жайлы түсіндіріп құқық бұзушылықтардың алдын алып , ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңды теориялық тұрғыдан ғага емес, практикалық тұрғыдан шын мәнінде жүзеге асырып экологиялық құқық бұзушылықьар орын алғанг кезде шын мәнінде әділ түрде жүзеге асыру керек деп есептейміз. Экологияға байланысты парақорлық, өз өкілеттігін асыра пайдалану немесе теріс пайдалану сияқты қылмыстардың алдын алып , бұл міселерді шешу жолдарын қарастыру керек деп есептейміз. Бұл тұрғыдан уәкілетті адамдардың жұмысына бақылау жасап тексерістер ұйымдастыру керек деп есептейміз.

Нәтижеге қол жеткізу үшін төмендегідей қорытынды - ұсыныстар жасаймын:

1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бүкіл қоғам болып атсалысу керек.

2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықтың экологиялық білім беру мен ағартушылық жұмыстарды үзбей жүргізіп тұру қажет.

3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санын көбейтіп, оларды аялап, сақтауға халықты үйрету керек

4. Экотуризмді дамыту керек.

5 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайын жақсарту үшін арнайы мамандар әзірлеу

6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінетін мемлекеттік қаржыны көбейту.

7 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды зертеп, жаңа қырларын ашу үшін конференциялар мен ғылыми жарыстар ұйымдастыру

8 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жайлы шетел тәжірибелерімен алмасу

9 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 12-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың ерекше табиғи аумақтарға қатысты құқықтары мен міндеттері» деп аталады. Осы заңның бабына келесідей текспен өзгеріс енгізуді және айтылған ұсыныстардың орындалатынын немесе орындалмйтынын жайлы мәліметтерді талап етуге деген өзгеріс енгізуге.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Экологиялық Кодексі (ҚР 13 қаңтар 2014 жылғы № 159-V заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен).

2 Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы: «Жеті Жарғы», 1995.

  1. Культелеев С. Т. Экологическое право РК. – Алматы: «Юрист», 2003.

4 Мухитдинов Н.Б. Право собственности на воды Республики Казахстан в период перехода к рынку. - Алматы: «Жеті жарғы», 1995.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет