Ашылу салтанатының әзірлемесі:
АӘД оқытушысы жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызады, (Сап түзе, түзел, тік тұр), мектеп директорына баяндама береді;
Туға түзел пәрмені беріледі, ҚР Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші:
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін басымызға!
2-жүргізуші:
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған «Жас - Қыран» әскери-патриоттық сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Сөз — шырақ,
Көз алдыңды жарқыратқан.
Сөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан.
Сөз — теңіз, төлегейін тулататын,
Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан.
Құттықтау сөзі: _____________________________________________.
2-жүргізуші:
Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,
Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,
Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.
Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,
Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.
Ән: «Ризамын» Алимбаева Айдана, Маметекова Жансая
1-жүргізуші:
Құттықтау сөзі: _________________________________________.
2-жүргізуші:
Жарыс кезеңдерімен таныс болайық:
1. Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, бөлімше командирінің әділқазы алқасына баяндамасы,саптық жаттығулар, бір-екі-үш (лекке) қатарға сапқа тұру, орнындағы бұрылыстар, әнмен жүріп өту, әділқазылар алқасына салтанатты түзеліп өту;
1-жүргізуші:
2. Пневматикалық винтовкадан ату сайысы.
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – 2 қатысушы. Нысана – №10 нысана, арақашықтық – 10 м; оқтар саны – 5; ату уақыты шектеусіз.
Достарыңызбен бөлісу: |