Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Үйдегі көне сурет тарихы



Дата10.05.2024
өлшемі13.53 Kb.
#500807
Эссе сценарий


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Үйдегі көне сурет тарихы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың!?
Өздерің жүрсең қасымда,
Ел іші жомарт еңселі.
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір бөлшегі.

Жүргізуші: Әр халықтың бойында байырғы заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.  Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олай болса, келесі кезекті оқушыларымыздың ата-әже туралы жазған эсселеріне берейік.
Жүргізуші:
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар, 
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар? 
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар, 
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар? 
Қанеки, нелерің бар, Аталарым? 
Ұрпағыңа ұран қып апарамын. 
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да, 
Сендердің мұрагерің атанамын, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай аға ұрпақ өнегесі - өткен XX ғасырдың рухани мұрасы. Бүгінгі буын осы жүзжылдықта өмір сүріп, елімізді өркениетке жеткізер ұлы жолдағы жасампаз ұрпақ. 
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ендігі кезекті өзінің ата-әжесінің көне сурет тарихымен таныстыруға асығып тұрған оқушыларымызға берейік.
Жүргізуші:
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей,адамзат, осыны ұмытпаңдар!
Бүгінгі «Үйдегі көне сурет тарихы» атты кешіміз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет