Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы «24» желтоқсанда
№ 590 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен
2007 жылы 24 желтоқсанда № 5054 тіркеуден өткен
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша
оқу процесін ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ
-
Жалпы ережелер
1. Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды және жүзеге асырады.
2. Қашықтықтан білім беру технологиялары - білім алушының және педагог қызметкердің жанама (қашықтықтан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолданумен жүзеге асырылатын оқыту.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер мен анықтаулар қолданылады:
1) тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмыстарына басшылықты, сондай-ақ олардың жеке оқу жоспарын орындауға және оқу материалын игеруге бақылау жасауды жүзеге асыратын қашықтықтан білім беру технологияларының оқытушы-консультанты;
2) контент – ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық маңызды толтыру;
3) тьюторлық сынып – тұлғаны идентификациялау және тьютор тарапынан бақылау мақсатында өзіндік жұмыстар мен тестілеуді өткізуге арналған орын;
4) телеконференциялар – on-lain режимінде қатысушылардың екі және одан да көп топтардың арасындағы қатынасты ұйымдастыру үшін байланыстардың телекоммуникациялық арналарын пайдалану процесі;
5) аудиоконференция – конференцияларға қатысушылардың дауыстық коммутацияладан өту кезіндегі телеконференциялардың әртүрлілігі;
6) қашықтықтан білім беру технологиялары жүйесінің әкімшісі – серверде сервердің дұрыс қызмет көрсетуіне және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға жауап беретін тұлға;
7) бейнеконференция – бұл коммуникациялар және компьютерлік технологиялардың жүйесін пайдалану арқылы түрлі географиялық нүктелердегі бірнеше тұлғалар арасындағы аудио-визуалды ақпаратпен алмасу туындау кезіндегі телеконференциялардың әртүрлілігі;
8) кейстік технология – қағаз, электрондық және басқа да тасымалдағыштарда және білім алушылардың өзіндік білім алуы үшін жіберілетін мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдардың жинақтауларын (кейстерді) толымдауға негізделген технология;
9) on-line режимі – нақты уақытта жүзеге асырылатын оқудағы өзара әрекет ету процесі;
10) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ететін білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара әрекеттесу нысанын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесіне әкімшілік етуді қамтитын технология;
11) форум – бұл «жауап-сұрақ» режиміндегі Интернет желісі бойынша қолданушыға оқу процесінің қатысушыларымен қатынасқа мүмкіндік беретін қашықтық технологиясы жүйесінің бөлшегі;
12) ТВ-технологиялар – бұл білім алушыларға оқу-әдістемелік материалдарды жеткізу, білім алушылардың оқытушылармен және өзара іс-әрекетін және білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін теледидардың, ғаламдық, локальдық желілерді пайдалануға негізделген жүйе;
13) электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) – оқытуда, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру қызметін реттейтін құралдардың жиынтығы;
4. Білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын дербес пайдалану арқылы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады.
5. Қашықтықтан білім беру технологиясын:
оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру үшін материалдық-техникалық жағдайлар;
электрондық тасымалдағыштарда мамандықтар бойынша білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (контенті);
білім беру процесі субъектілерінің виртуалдық өзара іс-әрекетіне даярланған кадрлық құрам болғанда білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
-
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беруді ұйымдастыру жөнінде рұқсат алу үшін өтініш білдіреді. Өтінішке жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолымен қорытынды негіздеме, ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы анықтама, профессор-оқытушылар құрамы жөнінде мәлімет, оқыту-көмекші персонал және инженерлік-техникалық курстан білім жетілдіргендер, оқыту бағдарламасы, оқу жоспары тіркеу қажет.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті бір ай ішінде келіп түскен материалдарды қарап, тексерістен өткізу арқылы қашықтықтан оқыту білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға рұқсат беріледі немесе қайтарылады.
Қайтарудың негізі қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша біліктілігін талаптардың жетіспеуі болып табылады.
-
Қашықтықтан білім беру технологиялары мынадай үш негізгі технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
1) кейс-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту;
2) ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту.
8. Қашықтықтан білім беру технологиялары мынадай оқытудың түрлі нысандарында қолданылуы мүмкін.
9. Қашықтықтан білім беру технологиясының субъектілері білім алушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері болып табылады.
10. Білім беру беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімнің сапасын қамтамасыз ететін оқытудың қашықтықтан білім беру технологиясының кез келгенін пайдалануға құқы бар.
2. Қашықтықтан білім беру технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастыру
11. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері:
1) оқытуды даралау;
2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
3) дәстүрлі оқыту нысаны қолжетімсіз болып табылатын адамдарға білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
12. Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан білім беру технологиясының дұрыс қызмет етуі үшін білім беру ұйымдарында мынадай функцияларды орындау қажет:
1) оқу курстарын қолдау;
-
білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
3) кеңестер беру;
4) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
5) білім алушылардың білімдерін бақылау.
13. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар:
білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
әртүрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік және/ немесе сатып алынған);
желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік және сатып алынған);
тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
жекеменшік контентін (локальдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
желілік тестілеу кешендерінің;
оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems - LMS);
оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
14. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытатын білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын басшы басқаратын арнайы құрылымдары құрылады және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтер бар:
1) оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
2) қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
3) ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
15. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтан білім беру технологиясымен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтан білім беру технологиялары орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.
16. Қашықтықтан білім беру технологиясының дидактикалық құралдарын әзірлеу қызметі қашықтықтан білім беру технологиясының электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарын, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан білім беру технологиясына арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.
17. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.
18. Білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға білім берудің оқу бағдарламасын тиісті игеру үшін қажетті оқу жұмыс жоспарының сағаттары көлемінде қашықтықтан оқытудың құралдарына немесе оның бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
19. Оқу процесі білім беру ұйымдарының басшысы бекіткен қашықтықтан білім беру технологиясының оқу жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Білім беру ұйымдары білім беру процесінде таңдаған қашықтықтан білім беру технологияларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін пайдаланады.
20. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесі білім беру саласындағы өкілетті орган анықтаған мамандықтарды қоспағанда, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес барлық мамандықтар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
21. Жеделдетілген мерзімде білім берудің оқу бағдарламасын толық көлемде игеру қашықтықтан білім беру технологиялары жоғары оқу орындарының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
22. Білім алушылардың жеке оқу жоспары білім алушылармен жасалады, білім беру ұйымдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясының басшысымен келісіледі және бекітіледі.
23. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушы тұлғалар үшін оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру ұйымдары технологиялармен және қашықтықтан оқыту жүйесімен таныстыру бойынша оқытудың кіріспе курсын өткізеді.
24. Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген мерзімдерге сәйкес басталады және саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады.
25. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушылар кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес толық меңгеруі тиіс.
26. Тьюторлық сыныптың компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 512 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
27. Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локальдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны нормадан тыс күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
28. Қашықтықтан білім беру технологиясын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді.
29. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан кеңестер алуды болжайды.
Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивтік консультация жатады (чат, форум арқылы).
30. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар бірнеше нысанда жүргізіледі:
1) жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша);
2) жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон бойынша, e-mail, чат, форум арқылы);
3) топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
31. Оқу сабақтары қашықтықтан оқыту кезінде бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) білім алушылардың өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар нысанында жүргізіледі.
32. Телеконференциялар өткізу үшін жоғары оқу орнының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратураларының жиынтығы болуы керек.
33. Қашықтықтан білім беру технологиясын іске асыратын білім беру ұйымдары қол жетімділікті шектейтін электрондық әдістерді қолдану, аумақтық аттестаттау комиссияларында көпшілік қорғау жұмыстарын тәуелсіз бағалау әдістері арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғалған ақпараттық жүйедегі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, аралық аттестаттауды ұйымдастыруы тиіс.
Бітірушілерді қорытынды аттестаттау, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің ережесіне» сәйкес өткізіледі.
34. Білім беру ұйымдары білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өту мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіптік практика алыстатылған қол жеткізушіліктің зертханаларында немесе ІТ-компанияларда ұйымдастырылады.
35. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын толық орындаған және жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдалған мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын меңгерген, қорытынды аттестаттауды тапсырған білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
36. Білім беру ұйымдары білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, электрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің нәтижелерін толық есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
37. Қашықтықтан білім беру технологиялары кезіндегі зертханалық практикум ұқсас үлгілердің мультимедиа-технологияларын, ГИС-технологияларын қолдану арқылы жүргізіледі.
38. Барлық оқыту қызметі орта арқылы жүзеге асырылады:
1) электрондық байланыс арқылы оқытушының (тьютордың) білім алушымен педагогикалық қарым-қатынасы;
2) электрондық құралды пайдалану;
3) білім алушының оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары: сынақтар, емтихандар, зертханалық жұмыстар, рефераттар, эсселер, курстық, есептеу-кестелік жұмыстары, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау кіреді.
39. Қашықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл болып табылады.
Синхрондық өзара іс-қимыл білім алушымен пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасын қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан білім беру технологиясы жүйелерінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.
Асинхрондық өзара іс-қимыл білім алушымен пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қашықтықтан білім беру технологиясы кезіндегі байланыс, әдеттегідей, жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан білім беру технологиясын іске асырудың міндетті шарттары.
3. Қашықтықтан білім беру технологиясының
дидактикалық құралдары
40. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтан білім беру технологиясын қолданумен іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК) болуы қажет.
41. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді дайындау үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген жұмыс оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
42. Әрбір пән бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) міндетті және қосымша жиынтықтардан тұруы керек:
Міндетті жиынтық:
оқу жұмыс бағдарламасынан;
лекциялардың электрондық курсынан;
практикалық және семинарлық материалдардан;
зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
білім алушының өзіндік жұмысына және оқытушының басшылығымен білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
ағымдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Қосымша жиынтық курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға даярлау үшін жеткілікті болуы керек.
43. Қашықтықтан білім беру технологиясы (ҚБТ) бойынша оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен оқу-әдістемелік құралдарды және оқытудың қазіргі заманғы құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық және т.б.) пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіптік бағдарламалардағы оқу тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беретін ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
44. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің электрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
45. Қашықтықтан білім беру технологиясын іске асыратын білім беру ұйымы телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу және басқа да дидактикалық материалдарды, ағымдық, мемлекеттік аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір білім алушы қамтамасыз етеді.
4. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету
46. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
47. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыратын оқытушы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы қажет және сол саладағы біліктілігін көтеру туралы құжаты болуы тиіс.
48. Қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істейтін оқытушы:
қашықтықтан білім беру технологияларын оқыту мен қолдану әдістерін меңгеруі;
Интернет арқылы кеңес беруді қоса алғанда, жекелеген білім беру ұйымдары кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;
білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық жұмыстарды (жобаларды), оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруі қажет.
49. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгісі тьюторлардың жұмысты дұрыс қоя білуі мен оның сапасы орыдалуынан тұрады.
оқытушы-тьютор: кіріспе және қорытынды сабақтарды өткізіп, электронды және оқу-әдістемелік кеменді құрастырады, білім алушылардың өздігінен жұмыс істеуіне көмегін тигізеді курстың оқу - әдістемелік сауатты қамтамасыз етілуіне, коммуникативті сабақ пен топтың консультация өткізуге, оқыту курстары бойынша білім алушылардың сұрақтарына жауап беруіне;
менеджер-тьютор: білім алушылардың топтың құрылуына, оқу процесінің кестесін жасауға, топта сабақтың өткізілуіне, сабақ кестесінің орындалуын бақылауға;
консультант-тьютор: білім алушылардың танымдық процесін үйлестіруге, коммуникативті мен топтың консультациясын сабақтар откізуге, білім алушылардың сол курс бойынша түрлі сұрақтарына жауап беруге, сабақтың отуін басқаруға, оқу процесінің кестесінің орындалуын бақылауға (аралық тестер, қорытынды тестер, емтихан).
50. Қашықтықтан білім беру технологиялары үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 білім алушы) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатын бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушылардың санымен анықталады.
51. Оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормасы негізінде жүзеге асырылады.
5. Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
52. Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтан оқыту кешені SSL,PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және қашықтықтан білім беру технологиясымен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет.
Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек. Жүйенің инфроқұрылымы аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректердің жоғалуынан және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Білім беру ұйымдарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.
53. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуі қажет.
54. Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар Санитарлық нормалардан тыс белгіленеді. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында анықталған нормаларға сәйкес эргономика мен сәуле шығару деңгейі бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |