Жүйке жүйесі Жүйке ұлпалары



Дата02.10.2022
өлшемі4.22 Mb.
#461766
Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі

Жүйке ұлпалары

  • Жүйке ұлпалары - нейрондар және нейроглиялардан тұрады. Қызметі: қозғалтқыштық, өткізгіштік.

НЕЙРОН


Нейрон - жүйке жасушасы – жүйке жүйесінің ең кішкентай құрылымдық бірлігі. Жүйке ұлпасының қызметін атқарады: қабылдау, беру және сақтау, яғни қозғыштық (жасушалардың өзгерістер әсеріне жауап беру қабілеті) және өткізгіштік (жүйке импульстерін басқа мүшелерге беру). Нейрондар ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, кодтауға, таратуға, сақтауға, тітіркенуге жауап қайтаруды ұйымдастыруға, басқа мүшелермен байланыс орнатуға қабілетті.
Нейрондар құрылымы мен қызметіне қарай: • Импульстерді мүшелерге таратуға жауап беретін - қозғалтқыш нейрон - орталықтан тепкіш.
• Импульстерді мүшелерден орталық жүйке жүйесіне беретін нейрон - сезімтал нейрон - орталыққа тепкіш.
• Екі нейронды байланыстырушы - аралық нейрон - ендірме.
  • Денесі - ядросы, цитоплазмасы және органоидтары бар жасушалардың орталық бөлігі.
  • Дендрит – қысқа тармақталған өсінді – ағаш бұтақтарына ұқсайды саны көп. Дендрит және жасуша денесі – сұр зат түзеді. Денелер мен дендриттер мүшелерде жинақталып жүйке түйіндерін түзеді.
  • Аксон – ұзын тармақталмаған бір өсінді – ішінде ұсақ органоидтары, сыртында мембранасы бар нейронның алып өсіндісі. Аксондардың сыртын май тәрізді қабықша – ақ зат миелин қаптайды. Қызметі: хабарлаушы.
  • Нейрон ядросы - ұсақ тесіктері бар екі қабатты мембранамен қоршалған. Осы тесіктер арқылы нуклеоплазма мен цитоплазма арасында алмасуы.
  • Миелин - көптеген нейрон аксондарын қаптайтын, электр оқшаулайтын қабықша.

  • Қозудың өту бағыты: дендрит – дене - аксон

АКСОН ТҮРЛЕРІ

Миелинденген - жұмсақ

Миелинденбеген - жұмсағы жоқ

Миелин қабықшасы, Шванов жасушалары және Ранвье «қағып алуы» жақсы көрінуі

Шванов жасушалары нашар көрінуі, Ранвье «қағып алуы» анықталмауы

Жұлын тек миелиндеген талшықтан тұрады.

Шеткі вегетативтің жүйкеде, жүйке жүйесі эволюциялық тұрғыда қалыптаспаған омыртқасыздарда болады

Жүйке импульсі жоғары
Жылдамдығы 120 м/сек

Жүйке импульсі төмен
Жылдамдығы 0,5 м/сек

Нейроглия


Нейроглия - глиальды жасушалар - серік жасушалары - жүйкенің қосымша ұлпалары. Олар нейронды қоректендіреді, қорғайды, саны көп, бір нейронды мың шақты нейроглия қоршап жатады. Жүйке талшықтары мен жүйкелерінің қалпына келуін қамтамасыз етеді

СИНАПС


Синапс – қозған нейрондар мен жүйке талшықтарын арасындағы қозуды өткізетін түзіліс. Синапстың белгілердің таратуы медиаторлар арқылы жүзеге асады.
Байланысы бойынша синапстың үш түрі бар:
  • Нейрон синапсы (нейронаралық) – бір нейронның басқа нейронмен түйісу орнында түзілген байланыс.
  • Бұлшық ет синапсы (бұлшық ет) - нейронның бұлшық ет жасушасына байланысы.
  • Безді синапс (секреторлық) – нейрон мен эпителий жасушасымен байланысуы.

  • Медиатор - синапс арқылы жасушаға әсер етіп, жасушаның мембранасының зарядын және жасуша күйіне әсер ететін арнайы зат.

Жұлын - омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Омыртқа жұлынды механикалық зақымданудан қорғайды.
Жұлынның қызметі: өткізгіштік және рефлекстік
ЖҰЛЫН

МИ

РЕФЛЕКС


Рефлекс - ОЖЖ қатысында ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтару іс әрекеті.Ең қарапайым рефлекс - тізе рефлексі.Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
1. Жүйке ұштары - қоршаған орта әсеріне жүйке импульсі пайда болған жүйке (сезім мүшелері)
2. Сезімтал нейрон – афферентті
3. Орталық жүйке жүйесі - ми мен жұлын
4. Қозғалғыш нейрон – эфферентті
5. Эффектор - импульске жауап ретінде қандай да бір іс әрекет жасап, жауап реакциясын көрсетеді.

“Шартты және шартсыз рефлекс”


И.П.Павлов иттегі шартты рефлекстің болуын зерттеді.
И.М.Сеченовтың - “МИ РЕФЛЕКСТЕРІ” атты еңбегі бар.

ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ


Вегетативті жүйке жүйесі - бауыр, асқазан, жүрек, өңеш, бүйрек сияқты ішкі мүшелердің жұмысын реттейді. Екі бөлімі бар: симпатикалық және парасимпатикалық
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет