Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
МӨЖ
Тақырыбы: Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық нысандары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастыру.
Орындаған: Қуанышбек Ұ. Ә.
Тобы: М013-2023
Қабылдаған: Суюндикова Ф. О.
Астана 2023
Қашықтықтан оқыту - компьютерлік және телкоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта әлемде телекоммуникациялық жүйелерді, компьютерлік желілерді, тікелей теледидарлық хабар тарату жүйелерін, заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Цифрландыру цифрлық технологиялардың дамуына және олардың қоғамның барлық аспектілеріне әсерінің артуына байланысты маңызды құрылымдық өзгерістер болып жатқан әлемдік білім беру жүйесіне елеулі әсер етеді. Қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктері сипатталады: ашықтық, модульділік, құзыреттілік, икемділік, бейімділік, интегралдылық, масштабтылық, кеңейту, асинхрондылық, параллелизм, бұқаралық сипат, дайындықтың даралығы, дайындық сапасы және рентабельділік. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын қарастырсақ:
Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын студент, семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін береді.
Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі. Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы - аралық және қорытынды аттестациядан сәтті өту.
Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі. Студенттер үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, басбостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін белгілі бір қосымша болып табылады.
Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу. Сіз жоғары білім қашықтықтан бір уақытта бірнеше курста оқып ала аласыз. Ол үшін негізгі жұмыс орнында демалыс алу, іссапарларға шығу міндетті емес. Компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін корпоративті оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бар. Бұл жағдайда оқу еңбек өтіліне кедергі келтірмейді және меңгерген сұрақтарды бірден жұмыста қолдануға болады.
Оқудың жоғары нәтижелері. Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қаш ықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.
Мобильділік. Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.
Қашықтан оқыту арзан. Егер бір мамандық бойынша оқуды коммерциялық негізде жеке және қашықтықтан салыстыратын болсақ, онда екінші арзан болады. Студент жол жүру, тұру ақысын төлеудің қажеті жоқ, ал шетелдік ЖОО-да виза мен төлқұжатқа ақша жұмсаудың қажеті жоқ.
Жайлы жағдайда оқу. Қашықтықтан білім алушылардың аралық аттестациясы on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан студенттерде оқытушылармен тест және емтихандарда кездесуде алаңдауға негіз жоқ. Субъективті бағалау мүмкіндігі жоққа шығарылады: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйе оқушының басқа пәндердегі үлгеріміне, оның әлеуметтік мәртебесіне және басқа факторларға әсер етпейді.
Ал енді кемшіліктеріне тоқтала кетсек. Осы қазіргі уақыттағы қашықтықтан білім беруге күтпеген кезде ауысқан кезде, елімізде қашықтықан оқытудың көптеген қиындықтары мен кемшіліктеріне кездестік. Сол кемшіліктерге жекеше тоқталар болсақ:
Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.
Күшті мотивация қажет. Қашықтан білім алушы студент барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.
Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. Қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.
Практикалық білімнің болмауы. Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.
Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі. Негізінен, оқытушылар құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.
Шалғай өңірлердің қашықтығы
Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.
Компьютерлік құралдар мен әр түрлі оқуға арналған техникалық құралдардың тапшылығы. Және интернет желідері елімізді толықтай қамтымауы.
Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.
Достарыңызбен бөлісу: |