«sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»



Дата09.06.2016
өлшемі31.5 Kb.
#125645
«SAT & Company» АҚ «Отан» АЖЗҚ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады

«SAT & Company» АҚ UniCredit еуропалық тобы құрамына кіретін «АТФ Банк» АҚ-нан «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның орналастырылған қарапайым акцияларының жалпы санының 89%-н сатып алу үрдісін аяқтады.

Осылайша, бүгінгі күнгі Қордың акционерлер құрамы төмендегідей:

«SAT & Company» АҚ - 89%


«Казцинк» ЖШС - 3,5%
«ПК «Южполиметалл» АҚ - 1%
«Мырзакент-Холдинг» ЖШС - 6,5%

«АТФ Банк» АҚ Басқарма Төрағасы Александр Пикердің сөзіне жүгінсек, АТФ Банктің Қордың акционерлер құрамынан шығу туралы шешімі Банктің өз күштерін тікелей банктік қызметті дамытуға жұмылдыру талпынысымен түсіндіріледі.

АТФ Банк Қордың акционерлер құрамына 2004 жылдың сәуірінде кірді. 1 желтоқсан 2007 ж. «АТФ Банк» АҚ Қордың негізгі акционері болды.

АТФ Банктің «Отан» АЖЗҚ» АҚ-ның негізгі акционері болған уақытта, Банк Қордың жарғылық қорын 2 млрд. 500 млн. теңгеге арттырды, бұл Қорға өзінің қаржылық ұстанымдарын зейнетақы нарығында нығайтуға мүмкіндік берді. UniCredit еуропалық қаржы тобының құрамына кіретін «АТФБанк» АҚ-ның еншілес ұйымы бола отырып, Қор менеджмент, бизнес-үрдістерді құрастыру, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы ең үздік тәжірибені пайдаланды.

Қазіргі таңда «SAT&Company» АҚ қазақстандық нарықта өзін жақсы жағынан көрсетті. Негізгі акционер ретінде, «SAT&Company» АҚ Қор салымшыларының зейнетақы жинақтауларын сақтауға және арттыруға мүдделі және Қордың қаржылық жағдайын ықшамдау, зейнетақы активтерінің кіріс-пайдасын ұлғайту, салымшыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және жаңа клиенттерді тарту үшін қажет айтарлықтай күш бағыттауды жоспарлап отыр.

«АТФБанк» АҚ ақпараттық анықтамасы

«АТФБанк» АҚ – әмбебап қаржы институты. 15 жыл бойы жұмыс жасау ішінде АТФБанк банктік қызметтің барлық салаларында айтарлықтай нәтижелерге жетті және заманауи типтегі компаниялардың мықты қаржылық тобына айналды. Бүгінгі таңда АТФБанк Қазақстанның алғашқы бес банктері қатарына кіреді.

2007 жылдың қарашасында UniCredit тобының АТФБанкті сатып алу бойынша мәміле аяқталды.

UniCredit Group– 22 елде берік орныққан және 27 елде өкілдіктері бар ірі халықаралық қаржылық институт. Топтың 30.06.2009 ж. қарай шамамен 10 000 бөлімшесі және 168 000 қызметкері бар.



«SAT & Company» АҚ ақпараттық анықтамасы

«SAT & Company» АҚ өз қызметін 2001 жылдың қазанында бастады.

Компанияның экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асырудағы тәжірибесі мол.

Қызмет ету мерзімі ішінде 30-дан аса жобалар іске асырылды.

Қазіргі таңда «SAT & Company» АҚ – өз қызметін Қазақстанда, сонымен қатар Түркияда және Қытайда жүзеге асыратын тігінен шоғырланған металлургия холдингі.

«Отан» АЖЗҚ» АҚ ақпараттық анықтама

«Отан» АЖЗҚ» АҚ – қарқынды дамушы қорлардың бірі, ол туралы үздік қаржы көрсеткіштермен сипатталатын қызмет нәтижелері айғақтайды – 2009 жылы жарғылық қор 2,5 млрд. теңгеге ұлғайтылды, қазіргі таңдағы зейнетақы активтері 56 млрд. теңгеден артты, осы жылдың наурыз айындағы инвестициялық кіріс шамасы 12,5 млрд. теңгеге дейін жетті.



Бүгінгі күнгі нәтижелер, бұл – сауатты жүргізілген инвестициялық саясаттың, акционерлер тарапынан көрсетілген шексіз қолдаудың, салымшылардың мұқтаждықтарын сапалы қанағаттандыруға деген талпыныстың салдары.

Барлық жаңалықтар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет