Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі туралы Ұлттық Банктің ақпараттық хабарламасы
ҚР Ұлттық Банкі 2014 жылғы қазан айынан бастап Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылғанын хабарлайды.
ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
- қаржылық қызметтерге байланысты азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, дара кәсіпкерлерді қабылдау;
- азаматтарға қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және банктік, сақтандыру, зейнетақы салаларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы саласында қолданыстағы заңнаманың нормаларына түсініктемелер беру;
- проблемалық қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен жекелеген жағдайда бірлесіп кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және олардың мәні бойынша одан әрі қарауын қамтамасыз ету.
ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз қызметін күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00 - 14:00) жүзеге асырады.
Алдын ала жазылу талап етілмейді.
Анықтама алу үшін телефон (727) 2 619-213
Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі қаржылық қызметтерді тұтынушыларға құқықтық көмек және консультациялар алу үшін ҚР Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімдеріне өтініш білдіруге болатынын хабарлайды.
Бөлімдер қызметінің негізгі бағыттарының бірі:
- қаржылық және микроқаржылық қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша, сондай-ақ қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- қаржылық және микроқаржылық қызметтерді ұсыну/тұтыну, сондай-ақ осындай қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша қызметтер көрсету және қызметтер туралы ақпаратты жариялау кезінде заңнамада белгіленген талаптарды сақтау бойынша қаржы нарығы субъектілерінің және микроқаржы ұйымдарының қызметін жоспардан тыс және құжаттық тексерулер жүргізу болып табылатынын атап өтеміз.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының байланыс деректері:
Филиал
|
Аты-жөні
|
Телефон
|
E-Mail
|
Мекенжайы
|
Орталық филиал
|
Айтқожина Клара Орынбайқызы
|
+7 (7172)
70 33 33
|
ast_80@nationalbank.kz
|
010000, Астана қ., Бейбітшілік көш., 21
|
Акмолинский филиал
|
Бесембаев Дархан Наурызбайұлы
|
+7 (7162)
25 07 25
|
kokch_80@nationalbank.kz
|
020000, Көкшетау қ., Әуезов көш., 214
|
Алматы қалалық филиалы
|
Башанов
Серікбай Құрманбайұлы
|
+7 (7272)
44 36 78
|
Af_80@nationalbank.kz
|
050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98
|
Алматы облыстық филиалы
|
Диханчинов Бағлан Мұраталдыұлы
|
+7 (7282)
24 00 50
|
tald_80@nationalbank.kz
|
040008, Талдықорған қ., М. Төлебаева көш. 58/64
|
Атырау филиалы
|
Қабесов Асланбек Шеркешбайұлы
|
+7 (7122)
32 23 10
|
Atyur_80@nationalbank.kz
|
060002, Атырау қ., Уәлиханов көш., 2а
|
Ақтөбе филиалы
|
Успанов Нұрлан Тұрсынғалиұлы
|
+7 (7132)
21 14 59
|
akt_80@nationalbank.kz
|
030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ көш., 45
|
Шығыс Қазақстан филиалы
|
Сертаев Мұрат Маратұлы
|
+7 (7232) 25 49 13
|
vko_80@nationalbank.kz
|
070019, Өскемен қ., Қазақстан көш., 3
|
Жамбыл филиалы
|
Азымханов Ерлан Жандосұлы
|
+7 (7262)
45 85 82
|
zhumb_80@nationalbank.kz
|
080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137
|
Батыс Қазақстан филиалы
|
Хайрлиева Валентина Сергеевна
|
+7 (7112)
50 93 28
|
ura_80@nationalbank.kz
|
090000, Орал қ., Досмұхамедов көш., 16
|
Қызылорда филиалы
|
Әбенова Забира Әбділатипқызы
|
+7 (7242)
27 60 28
|
kyz_80@ nationalbank.kz
|
120019, Қызылорда қ., Жақаев көш., 20
|
Қостанай филиалы
|
Қуанышбаев Әсет Ахмеджанұлы
|
+7 (7142)
53 27 89
|
kost_80@nationalbank.kz
|
110000, Қостанай қ., Баймағамбетов көш., 195
|
Қарағанды
филиалы
|
Худякова Анна Васильевна
|
+7 (7212)
41 93 71
|
kar_80@nationalbank.kz
|
100000, Қарағанды қ., Бұқар-Жырау даңғ., 19
|
Маңғыстау филиалы
|
Сүгіров Нұрлан Алтынмергенұлы
|
+7 (7292)
43 54 59
|
Mang_80@nationalbank.kz
|
130000, Ақтау қ., 23-ш/а.
|
Павлодар филиалы
|
Жүсіпова Светлана Мұратбекқызы
|
+7 (7182)
32 39 10
|
Pavl_80@nationalbank.kz
|
140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев көш., 44
|
Солтүстік Қазақстан филиалы
|
Дәуренбекова Алма Манайдарқызы
|
+7 (7152)
46 06 09
|
petro_80@nationalbank.kz
|
150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көш., 6
|
Оңтүстік Қазақстан филиалы
|
Оспанова Мариәш Баянқызы
|
+7 (7252)
21 26 37
|
chimk_80@nationalbank.kz
|
160012, Шымкент қ., Төреқұлов көш., 2
|
Достарыңызбен бөлісу: |