«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата24.02.2016
өлшемі103.61 Kb.
#13651



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсан

№ 1542 қаулысымен

бекітілген



«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін:

құнын ішінара арзандату және шығындарды ішінара өтеу үшін, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін – 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен артық емес;

республикалық асыл тұқымдық орталыққа, қостанай жылқы тұқымдары бойынша асыл тұқымдық зауытына, етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродукторға шығындарын толық өтеу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін – 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес;

2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты –15 (он бес) минуттан артық емес.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Жұмыс кестесі:

мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

субсидиялауға жататын іс жүзіндегі көлемдерге:

осы стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінімдер;

мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар;

банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.

Республикалық асыл тұқымдық орталыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымдық зауытқа, етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродукторға шығындарын толық өтеу үшін көрсетілетін қызметті беруге
10 желтоқсаннан кешіктірмей мыналарды ұсынады:


  1. республикалық асыл тұқымдық орталық:

Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекция ұрығын, жабдықты, техниканы салып алуға құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы;

асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрығын алуға, сақтау мен бағалауға, сондай-ақ эмбриондарын алуға, сақтау мен пайдалануға шығындарды растайтын құжаттардың бір данасы (оларды жүзеге асыру шамасына қарай);



  1. қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымдық зауыт:

асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, күтіп-бағуға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға шығындарды растайтын құжаттардың (оларды жүзеге асыру шамасына қарай) бір данасы;

  1. етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродуктор:

балапандарды сатып алуға шығындарды растайтын құжаттардың (шарттар, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы (оларды жүзеге асыру шамасына қарай).

Растайтын құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.



Көрсетілетін қызметті беруші олар бойынша негіздемелер пайда болған сәттен бастап 1 жылдан артық емес уақыт өткен өтінімдерді қарауға қабылдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.

Көрсетілетін қызметті алушылар түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізе алады.



3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтар әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым:

1) Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналастырылған көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымдары көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымның қабылданғанын растау шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет уәкілетті өкілге көрсетілетін қызметті алушының нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынған кезде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үй-жайларда жабдықталған таяныштар, пандустар және сүйеніштер көзделеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімшесінде орналастырылған.

15. Осы қызметті көрсету кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігі көзделмеген.

16. Осы қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі көзделмеген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
________________________________

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша
____________________облысы

_________________ауданының

____________________бөлімі

Субсидиялар алуға арналған өтінім
Сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төліне; тұқымдық бұқалардың ұрығына; эмбриондарды трансплантациялауға; асыл тұқымды етті және жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапандарға; асыл тұқымды жұмыртқаға; асыл тұқымды төлге (қойлар, жылқылар, шошқалар, түйелер, маралдар (бұғылар) (қажеттісін қалдырыңыз).
1. Көрсетілетін қызметті алушы: _____________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

__________________________________________________________________

(жеке/заңды тұлға үшін)

3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________


4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) _______________
5. 20____ жылы асыл тұқымды өнімнің (материалдың) нақты сатып алынғаны:

1) түрі: _________________________________________________________________

(ірі қара мал/қой/жылқы/шошқа/түйе/марал/бұғы/тәуліктік балапандар/асыл тұқымды жұмыртқа/асыл тұқымды аталық бұқалар ұрығы/эмбриондар)

2) тұқым (кросс), өнімділік бағыты __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3) саны, жас-жыныстық тобы, жасы __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(бас, дана, доза – цифрмен және жазумен)

4) облыс, шығарылған ел _______________________________________

__________________________________________________________________

5) сатушы ____________________________________________________
Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының атынан: _____________________________________________________________

(басшысының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О.

20____ жылғы «_____» _______________


________________________ облысы _________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

______________________ ауданы ____________________бөлімінің бастығы
М.О.
20____ жылғы «_____» ______________
Ескертпе: субсидиялауға тек сәтті қондырылған эмбриондар және төлдің туылғаны туралы актімен дәлденген нәтижелі ұрықтандырулар ғана жатады.
______________________

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша
____________________облысы

_________________ауданының

_____________________бөлімі

Субсидиялар алуға арналған өтінім
Аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарға


  1. Көрсетілетін қызметті алушы:_____________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________

(жеке/заңды тұлға үшін)

3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:_______________________


____________________________________________________________________________________________________________________

4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) ____________________

5. Түрі: ірі қара мал/ қой _______________________________________________________________________

(асыл тұқымды/тауарлы – ірі қара мал мен қойлар үшін; етті/сүтті бағыттағы - ірі қара мал үшін)

6. Селекциялық және асыл тұқымдық қатыстырылған ірі қара малдың және қойлардың аналық басы бар: _____ бас

7. Қолда бар тұқымдық бұқалар: _________________ бас

8. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалар ұрығы/эмбрионы сатып алынды/алынды__________________________________доза/дана
Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының атынан:___________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О. 20____ жылғы «_____» _______________
_____________________________________ облысы
______________________ ауданы__________________________бөлімінің бастығы

(тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О.
20__ жылғы «_____» _______________

__________________________________

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша


Нысан
____________________облысы

_________________ауданының

_____________________бөлімі

Субсидиялар алуға арналған өтінім
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға
1. Елді мекен_________________________________________________

2. Бұқаның иесі_______________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

3. Бұқа иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________

4. Ағымдағы жылдың жайылымдық маусымының басында жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін аналық ірі қара мал басы бар:_________________________ бас

5. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалары бар:

____________________________________________ бас
Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Елді мекен тұрғындарының атынан: ______________________________________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О.

20____ жылғы «_____»_______________



___________________ облысы __________________________________ ауданы _________________бөлімінің бастығы

______________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)



М.О.

20____ жылғы «_____»_______________



_________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет