Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін
беру (тоқтату, күшін жою) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін тұқым бойынша, өнімділік бағытындағы және ауыл шаруашылығы малдарының түрлері бойынша республикалық палаталар (бұдан әрі - Палата) береді.
3. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі малдың әр басына, бал ара ұяшығына жеке беріледі.
4. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет беріледі.
5. Осы Қағидаларда фенотиптік көрсеткіштер болып малдың сыртқы, соның ішінде түсі және дене бітімі бойынша айқын білінетін белгілерінің жиынтығы түсініледі.
6. Асыл тұқымды мал мәртебесі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11127 тіркелген) сәйкес бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларына (бал ара ұялары, қояндар, аңдар және балықтан басқалары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №3-3/373 бұйрығымен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7864 тіркелген) сәйкес тіркелген малдарға беріледі.
7. Асыл тұқымды мал мәртебесін алуға үмітті ауыл шаруашылығы малының иесі жеке немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Өтініш беруші) Палатаға мүшелік болуы қажет емес.
2. Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
8. Асыл тұқымды мал мәртебесін Палата бірінші және екінші санаттағы ірі қара малдарға береді.
9. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін ірі қара малдың қажетті ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
10. Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
асыл тұқымдық құндылығын, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалаудың болуы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрамына кірмейтін елдерден импортталған малдар үшін асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау экспорттаушы елде қабылданған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады);
әкесі жағынан шынайылығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында туылған және шетелден әкелінген малдар үшін);
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:
малдың тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
асыл тұқымдық құндылығын, оның ішінде өнімділігі, дене бітімі және соматикалық клеткалардың саны бойынша индекстік бағалаудың болуы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрамына кірмейтін елдерден импортталған малдар үшін асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау экспорттаушы елде қабылданған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады);
әкесі жағынан шынайылығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында туылған және шетелден әкелінген малдар үшін);
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
11. Малға екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
1) өнімдіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:
мал тегінің екі жақтан кемінде үш қатар тегін көрсете отырып, әкесі жағынан тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің бар болуы (екі жақтан тегінің үш қатары бар барлық әлеуетті әкелері көрсетіледі);
тірі салмағы бойынша абсолюттік көрсеткіштер деректерінің болуы (Қазақстан Республикасында туылған малдар үшін);
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің бар болуы;
ата-тегінде сауу бойынша өнімділіктің абсолюттік көрсеткіштерінің болуы;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
12. Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
13. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
14. Ірі қара мал көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген ірі қара малға тиісті санатты және жеке тіркеу нөмірін береді.
15. Ірі қара мал көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
16. Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
3. Қойларға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
17. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін қошқардың (қойдың) (бұдан әрі-қой) қажетті ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
18. Қойға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі, соның ішінде тірі салмағы мен дене пішіні бойынша, құйрығының нысаны мен көлемі, жүнінің салмағы, тобы және түсі, өнімділік бағыты бойынша;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
19. Қойға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қойға (ларға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
20. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 17, 18-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
21. Қой көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген қойға асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
22. Қой көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қойға асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
23. Қойға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
4. Жылқыларға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
24. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін айғырдың (биенің) (бұдан әрі-жылқы) қажетті ең төменгі жасы он сегіз айды құрайды.
25. Қойға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады).
26. Жылқыға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылқыға (ларға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
27. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 24, 25-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
28. Жылқы көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген жылқыға асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
29. Жылқы көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жылқыға асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
30. Жылқыға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
5. Құстарға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
31. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін құстардың қажетті ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
32. Құстарға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
33. Құстарға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құсқа(тарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
34. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 31, 32-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
35. Құстың(тардың) көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген құсқа асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
36. Құстардың көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата Өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде құсқа(тарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
37. Құсқа асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
6. Ешкілерге асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
38. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін текенің (ешкінің) (бұдан әрі- ешкі) қажетті ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
39. Ешкіге асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі; соның ішінде тірі салмағы мен дене бітімі, жүнінің классы мен түсіне, сүттілігі бойынша;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);.
40. Ешкіге асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ешкіге (лерге) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
41. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 41, 42-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
42. Ешкінің көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген ешкіге асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
43. Ешкі көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ешкіге асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
44. Ешкіге асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
7. Шошқаларға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
45. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін қабанның (мегежін) (бұдан әрі-шошқа) қажетті ең төменгі жасы он екі айды құрайды.
46. Шошқаға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі, оның ішінде тірі салмағы, дене ұзындығы, дене бітімі, майының қалындығы, тұқымдылығы, сүттілігі, ұяшығының екі айдағы салмағы;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
47. Шошқаға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шошқаға (ларға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
48. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 45, 46-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
49. Шошқаның көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген шошқаға асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
50. Шошқа көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шошқаға асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
51. Шошқаға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
8. Түйелерге асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
52. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін бураның (түйенің) бұдан әрі-түйе) қажетті ең төменгі жасы он екі айды құрайды.
53. Түйеге асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
54. Түйеге асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түйеге (лерге) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
55. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 52, 53-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
56. Түйенің көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген түйеге асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
57. Түйенің көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде түйеге асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
58. Түйеге асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
59. Өтініш берушінің Палатаға мүшелігі міндетті емес.
9. Маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқымды мал
мәртебесін беру тәртібі
59. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін маралдың (теңбіл бұғының) қажетті ең төменгі жасы жеті айды құрайды.
60. Маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
61. Маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маралға(дарға) (теңбіл бұғыға(ларға)) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
62. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 59, 60-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
63. Маралдың (теңбіл бұғының) Критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
64. Түйенің көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
65. Маралға (теңбіл бұғыға) асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
10. Бал араларға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
66. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін бал ара ұясының қажетті ең төменгі жасы бір айды құрайды.
67. Бал ара ұясының асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
асыл тұқымды куәлігінің болуы;
бағалаудан өтуі, оның ішінде бал өнімділігіне, бал ара ұясының күшіне, қысқа тұрақтылығына, ұрықтылығына;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
68. Бал ара ұясына асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші) Палатаға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бал ара ұясына асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
69. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 66, 67-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
70. Бал ара ұясы көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген Бал ара ұясына асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
71. Бал ара ұясының көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бал ара ұясына асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
72. Бал ара ұясына асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
11. Балықтарға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
73. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін балықтардың қажетті ең төменгі жасы, құрайды:
для тұқы мен бахтах-12 ай;
ссібірлік бекіре- 36 ай.
74. Балықтарға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
Генетикалық паспортының болуы;
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
75. Балыққа асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балыққа (тарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
76. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 73, 74-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
77. Балық көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген балыққа асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
78. Балық көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде балыққа (тарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
79. Балыққа асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
12. Қояндарға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
80. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін қояндардың қажетті ең төменгі жасы үш айды құрайды.
81. Балықтарға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
мал тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
82. Қоянға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоянға (дарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
83. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 80, 81-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
84. Қоян көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген қоянға асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
85. Қоян көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қоянға (дарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
86. Қоянға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
13. Аңдарға асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
87. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін аңдарға (норок, лисиц, песцов, соболей, нутрий) қажетті ең төменгі жасы алты ай құрайды:
88. Аңдарға асыл тұқымды мал мәртебесі ол мынадай критерийлерге сәйкес болған кезде беріледі:
аң тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы нақты мәліметтердің болуы (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда тегінің үшінші қатары туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі);
бағалаудан өтуі;
таза тұқымдылық;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында малдың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады);
89. Аңға асыл тұқымды мал мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңға (дарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінішті ұсынады.
90. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мәліметтердің толықтығын осы Қағидалардың 87, 88-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында деректердің бар болуын тексереді.
91. Аң көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жануар туралы деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды мал мәртебесін беруді есепке алу журналына енгізе және Өтініш берушіні жазбаша хабарлай отырып, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелген балыққа асыл тұқым мәртебесін және жеке тіркеу нөмірін береді.
92. Аң көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде балыққа (тарға) асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
93. Аң асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады.
14. Асыл тұқымды мал мәртебесін тоқтату тәртібі
94. Асыл тұқымды мал мәртебесін тоқтату Палатамен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасындағы деректер шындыққа сай келмеу жағдайында жүзеге асырылады:
1) малдың тұқым-тегінің деректері дұрыс емес немесе толық емес толтырылса тірі салмағы; жасы, фенотиптік көрсеткіші және басқа);
2) малдың зоотехникалық оқиғасы туралы жалған деректер енгізілсе.
95. Асыл тұқымды мал мәртебесі тоқтатылған жағдайда Палата 10 (он) күн ішінде малдың иесін жазбаша түрінде хабардар етеді.
96. Анықталған сәйкессіздікті жойған соң, асыл тұқымды мәртебе қайта қалпына келеді.
15. Асыл тұқымды мал мәртебесінің күшін жою тәртібі
97. Асыл тұқымды мал мәртебесінің күшін жою Палатамен келесі жағдайда жүргізіледі:
1) малдың тиісті тұқымдағы асыл тұқымды малдың критерийлеріне
сәйкес еместігін анықталғанда;
2) тұқым стандартына сәйкес болмауы;
3) малдың нақты жоқ болуы.
98. Асыл тұқымды мал мәртебесі жойылған жағдайда, Палата 10 (он) күн ішінде малдың иесін жазбаша түрінде хабардар етеді.
Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтату, күшін жою) қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бет жағы
Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтініш
__________________________________________________________________
(Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата)
кімнен______________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы
«__________» тұқымды ____(_____________________________) бас
(жазбаша)
ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беруді сұраймын.
Жануарлар туралы мәліметтер (қажеттісін белгілеу):
_____(__________________________) дана мөлшерінде импорттаушы
(жазбаша)
туралы мәліметтер көрсетілген асыл тұқымдық куәліктің не оған балама құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі бар;
жануарлар/ұрық/эмбрион импортталды және менің иелігімде;
жануарлар туралы деректер асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған балама құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес/асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымды куәлік нысандарына сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат базасында толтырылды;
жануарларды қолдан ұрықтандыру/шағылыстыру туралы деректер қоса берілген (буаз малдардың импорты кезінде);
тіркелетін малдың енесінің ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатада асыл тұқымды мал мәртебесі бар (Қазақстан Республикасында туылған малдар үшін);
әкелері / әлеуетті әкелері болып табылатын асыл тұқымды бұқалар тіркелетін төл иесінің меншігі болып табылмайды;
жануарлардың шығу тегі шынайылығының иммуногенетикалық сараптамасы бар (бірінші санаттағы жануарлар үшін);
жануарларда бірдейлендіру нөмірлері және ені бар.
Достарыңызбен бөлісу: |