Р/с
№
|
Субсидиялау бағыттары
|
Талаптар
|
1.
|
Тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуы
| -
Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы оларды карантинге қойған уақытта: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар - 26 айдан аспауы тиіс.
-
Сатып алған асыл тұқымды төлге тиісті тұқымдар бойынша Республикалық палаталар берген асыл тұқымды мал куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі.
-
Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі.
-
Лизинг/сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі. Лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге арналған өтінім (лизинг шарты негізінде асыл тұқымды төлді сатып алған жағдайда).
-
Төлем құжаттарының түпнұсқалар және көшірмелері - кiрiс-кассалық ордер немесе шарт бойынша 100% төленгенін растайтын банктiң төлем тапсырмасы.
-
Асыл тұқымды төлді кіріске алу актісінің түпнұсқалары және көшірмелері (немесе тауар өндірушідегі карантиннен шешу актісі).
-
Сатып алынған аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемінде 2 жыл пайдалану туралы жазбаша міндеттемелер (тұқымдық бұқалар үшін – кемінде 2 шағылыстыру маусымы).
-
Шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша (етті ірі қара мал шаруашылығында); шағылыстыру контингентін өз өнімділігі бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% жасанды ұрықтандыруды пайдалану бойынша міндеттеме (сүтті ірі қара мал шаруашылығында).
Асыл тұқымды мал басын ұстайтын шаруашылықтар үшін қосымша:
-
Тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы келісімінің болуы;
Асыл тұқымды төлді шетелден сатып алған кезде қосымша:
-
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ДНК – паспортының түпнұсқасы және көшірмесі.
-
Асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында 3 жыл ішінде пайдалану туралы жазбаша міндеттеменің болуы.
|
2.
|
Етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстары
| -
Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және олардың сәйкестендіру жүйесінде тіркелуі
-
Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы
-
Асыл тұқымды мал басын өсіретін шаруашылықтарға:
1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы шартының түпнұсқасы және көшірмесі.
2) өзінің өнімділігі бойынша қолдан ұрықтандыру кезінде және ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды қолдану бойынша (етті мал шаруашылығында); ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % аналық мал басын қолдан ұрықтандыру (сүтті мал шаруашылығында) бойынша жазбаша міндеттемесі.
Тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табын үшін:
- зоотехникалық талаптарға сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және ротациялау (30 бас аналық мал басына 1 бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)
|
3.
|
Тауар өндірушілердің тұқымдық бұқалардың бағаланған ұрықтарын сатып алуы және эмбрион телуі
| -
Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және оларды АЖС-ға тіркеу
-
Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы
-
Өнімге берілген асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (тұқымдық-бұқалардың ұрығы, эмбриондар)
-
Ветеринарлық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі
-
Тұқымдық бұқалардың ұрығын эмбриондарды телуде қолдану туралы акті.
-
Төлді әкелу туралы акт/ төлдеу журналына тіркеу және алынған төлді өсіру
-
Алынған төлді АСЖ-да және АЖС-да тіркеу
|
4.
|
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табынды шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
| -
Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаның асыл тұқымды куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі
-
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ветеринариялық сертификатының түпнұсқасы және көшірмесі
-
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымды бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімі.
-
Зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды бұқалардың болуы оларды пайдалану және алмастыру (30 бас шағылыстыру контингентіне 1 бұқадан кем болмау, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)
|
5.
|
Тауар өндірушілер ете-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алу
| -
Сатын алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандарға және асыл тұқымды жұмыртқаға берілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемелекеттік органдарымен танылған асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.
-
Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі
-
Асыл тұқымды өнімді сатып алу-сату жөніндегі шарттың түпнұсқасы және көшірмесі
-
Төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс кассалық ордері немесе шартты 100%-дық өтеуді дәлелдейтін банктің төлем тапсырмасы
-
Асыл тұқымды жас төлді кіріске алу актісі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі)
-
Торлық және едендік бағып-ұстау үшін технологиялық құрал-жабдықтардың болуы
|
6.
|
Тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды зауыттардан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан отандық бағыттағы асыл тұқымды жас төлді сатып алуы.
| -
Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасқан кезде мынадан аспауы тиіс:
1) қойлар: тұсақтар - 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін
2) жылқылар: байталдар - 3 жасқа дейін ; сәуріктер - 5 жасқа дейін.
3) түйелер: ұрғашылар - 3 жасқа дейін; еркектер - 5 жасқа дейін.
4) шошқалар: ұрғашылар - 12 айға дейін; еркектер - 14 айға дейін.
5) маралдар: ұрғашылар – 18 айға дейін, еркектер - 24 айға дейін.
-
Сатып алынған асыл тұқымды төлге берілген асыл тұқымды куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы.
-
Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі
-
Сатып алу-сату/лизинг шартының болуы. Лизинг шарты бойынша лизинг берушінің деректемелері көрсетілген негізгі берешек бойынша субсидияларды төлеуге мәлімдеме (тек қана лизинг шарты негізінде асыл тұқымды жас малды сатып алған жағдайда);
-
Төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс кассалық ордері немесе шартты 100%-дық өтеуді дәлелдейтін банктің төлем тапсырмасы
-
Асыл тұқымды жас төлді кіріске алу актісі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі)
-
Алынған асыл тұқымды аналық мал басын табынды өз тайын өсіру мақсатында 2 жылдан кем емес уақыт колдануы жөніндегі жазбаша міндеттемесі (бұқаларға - 2 шағылыстыру маусымынан кем емес)
|