«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту


Баялды жеміс сабағын кесіп тастайды, жуылады, оларды қайнаған  суға батырғаннан кейін ескі баялдының қабығын аршиды.  Қызанақтың



Pdf көрінісі
бет9/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

Баялды жеміс сабағын кесіп тастайды, жуылады, оларды қайнаған 
суға батырғаннан кейін ескі баялдының қабығын аршиды. 
Қызанақтың жеміссабақ бекітілетін жерін кесіп тастайды. 
Бұрыштан жеміссабақпен бірге жұмсағын алып тастайды немесе 
көлденеңнен жартысын кеседі, тұқымдармен бірге жұмсағын алып 
тастайды жəне жуады. 
Баялдыны дөңгелек, тілімдер түрінде турайды – ол қуыруға 
арналған, текшелер түрінде – бұқтыруға жəне сорпаларды 
дайындауға арналған. 
Қызанақтар дөңгелек, тілімдерге, бөлшектерге, текшелерге 
кесіледі. Олар салаттарға, гарнирге, турама салуға, тұздықтарға, 
бұтыруға, қуыруға, сорпаларға арналған. 
Бұрыш сабанша, текшелерге кесіледі. Салаттар, сорпалар, турама 
салу үшін қолданылады. 
№2 операция. Көкөністерге турама салу. Турама салу үшін кəді, 
бұрыш, баялды, қызанақ пен қырыққабат қолданылады. 
Өңделген кəді көлденең биіктігі 4-5 см цилиндрлерге кесіп
тұқымдарын алады, тұздалған қайнаған суға салады жəне 3-5 мин. 
қайнатады. Дайындалған кəді салқындатылып, турама салынады. 
17 


 
 
Бұрыш 
жуылады, 
жеміссабағы 
бойымен 
тілінеді 
жəне 
жеміссабағын тұқымымен бірге алып тастайды, қайта жуады, 1-2 
минутқа тұзды қайнаған суға салады, шығарады, салқындатады жəне 
турама салады. 
Қызанақ піскен, тығыз, орта болуы тиіс. Жуғаннан кейін, олардың 
жеміссабағымен бірге жоғарғы бөлігі кесіп алып тасталады, 
жұмсағының бір бөлігімен бірге тұқымдарын алып тастайды, шырын 
ағуына мүмкіндік береді, тұз, бұрыш себеді, турама салады. 
Баклажан өн бойымен жартылай немесе көлденеңнен цилиндрше 
кесіледі, жұмсағын тұқыммен бірге алып, турама салады, 
кішкенелерін тұтастай толтыруға болады. 
Қырыққабатты тазартқаннан кейін бүкіл қауданнан өзегін кесіп 
тастап, қауданын жуады. Дайындалған қырыққабат қайнаған тұзды 
суға салып, шала піскенше асады, шығарады, суын сарқытып, 
салқындатып, жапырақтарға бөледі, жапырақтың тығыздалған бөлігін 
ұрып, турама салады да, орайды. 
Сапа талаптары
 
Тазартылған көкөністер 
(асқабақ, қызанақ, қияр) стандартқа жəне 
техникалық сипаттамаларға сай болуы керек.
Көкөністер дереу өңдеулуі тиіс, себебі сақтау кезінде олардың 
сапасы бұзылады

Асқабақ, қызанақ, қияр
тұтас, серпімді, қараймаған, қара дақсыз, 
желденбеген, жеміссабақсыз жəне тұқымсыз болуы керек

Консистенциясы тығыз. 
Тамақ қалдықтарын қолдану
 
Көкөністерді өңдеу кезінде қалдықтар қалады, олардың саны 
келіп түскен көкөністердің сапасына, өңдеу əдісіне жəне жыл 
мезгіліне байланысты
. Қызанақты өңдеу кезінде пайда болған 
қалдықтар сорпалар мен тұздықтар жасауға қолданылады. 
Өндірістік тапсырма 
10 порцияға турама салуға кəдіні өңдеп тураңыз. 
18 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет