Астана қ. №48 мектеп-лицей АҚпарат хат қадірлі әріптестер!



Дата02.07.2016
өлшемі18.6 Kb.
#172026

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Алаш» мәдениет және рухани даму институты

Қазақ тіл білімі кафедрасы


Астана қ. №48 мектеп-лицей

АҚПАРАТ ХАТ



Қадірлі әріптестер!
2015 жылдың 4-5 желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақтың белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы, біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын негіз ете отырып, дәстүрлі Ахмет Байтұрсынұлы оқулары аясында «Ұлттық тарих және Алаш тағылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтетінін хабарлайды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Басылым жұмыстары үшін 3000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы төленеді (есепшот: 4132630001090148).

Мақала 2015 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.



Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Мақаланың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

Астана қаласы, Қажымұқан, 11.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201).

kafedra_kyaz@enu.kz
Жауапты қабылдаушылар: Ахметова Маржан 8747 116 2095

Түсіпбекова Ғалия Ауытқызы 87751777373



Байланыс телефондары: 87712535959
Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет