Астана. 5 сәуір. ҚазАқпарат Қазақстанның аграрлық ғылымында бүгінгі күні 1250 адам жұмыс істейді



Дата23.02.2016
өлшемі14.46 Kb.
#7262
http://www.inform.kz/kaz/article/2453317
05 Сәуір 2012, 13:54

Қазақстанның аграрлық ғылымында 1250 адам жұмыс істейді - «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті



АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның аграрлық ғылымында бүгінгі күні 1250 адам жұмыс істейді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде өткен «Сәкен тағылымы» атты 8-інші Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның президенті Серік Кененбаев мәлім етті.

«Мемлекет ғылымды, соның ішінде аграрлық ғылымды дамытуға үлкен мән беріп отыр. 2007 жылы аграрлық ғылымға 2 млрд. теңге бөлінсе, 2011 жылы ол 6 млрд. теңгені құрады. Аграрлық ғылым үш бағдарлама бойынша қаржыландырылады - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;  инфрақұрылымды, материалдық-техникалық базаны жақсартуға жарғылық капиталды арттыру; оқыту семинарларын өткізу», - деді ол.

Дегенмен, «ҚазАгроИнновация» басшысының айтуынша, Қазақстанда аграрлық ғылым өзге елдермен салыстырғанда аз қаржыландырылады. Мәселен, Қазақстанда аграрлық ғылымға бөлінген қаржыны бір ғылыми қызметкерге шаққанда 16 мың 300 АҚШ долларынан келетін болса, Аргентинада ол 182 мың АҚШ долларын құрайды. Сол сияқты, ауыл шаруашылығы дамыған елдер Франция мен Бразилияда қаржыландыру ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 3 пайызын құрайды.

Кадрлық әлеуетке тоқталған С.Кененбаев, бүгінгі күні аграрлық ғылымда 1250 адам жұмыс істейтіндігін атап өтті. Оның 593 - ғылым кандидаттары, 172 - ғылым докторлары.



Сондай-ақ ол, 2012-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешендегі зерттеулердің басымдықты бағыттарының бағдарламасы әзірленгендігін мәлім етті. Онда 5 бағыт айқындалған - өсімдік шаруашылығындағы өндірістің тиімділігін арттыру; мал шаруашылығындағы өндірістің тиімділігін арттыру; өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу тиімділігін арттыру;  табиғи ресурстарды басқару тиімділігін арттыру және АӨК-нің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет