Ғылыми - педагогикалық зерттеулер негіздері
|
«Ғылыми - педагогикалық зерттеулер негіздері» курсының мақсаты болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, ғылыми зерттеулер жүргізудің білімі мен технологияларын игерту.
«Ғылыми-педагогикалық зерттеулер негіздері» курсының мазмұны ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың логикасы мен мәдениеті мәселелерін, зерттеу құрылымын, тұжырымдамалық аппараттын, зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін, теориялық және эмпирикалық әдістерді, ақпаратты жинау және талдау, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және түсіндіру әдістерін қарастыруға бағытталған.
|
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
|
«Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» курсының мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру, ғылыми зерттеу жүргізудің әдістемесін игерту.
Курстың мазмұны студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстары және оларды ұйымдастырудың логикасы мен мәдениетін, зерттеу құрылымын, студентердің ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің теориялық және практикалық әдістерінің негіздерін қарастырады.
|
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру
|
«Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру» курсының мақсаты педагогикалық экспериментті ұйымдастыруды және педагогикада қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістерінің алуан түрлілігімен таныстыру; педагогикалық эксперимент, тәжірибелік жұмыс негіздерімен қаруландыру.
«Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру» курсының мазмұны студенттердің эксперименттік жұмысты жүргізу қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға және педагогикалық процестегі эксперименттік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Пәнді оқу барысында эксперименттік қызмет мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер жүргізудің тұтас құрылымы қалыптасады.
|