Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
бірлескен отырысы болып өтті
Бородулиха аудандық мәслихатында 2010 жылдың 22 шілдесінде аудандық мәслихаттың депутаты В.Лопатиннің төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті. Күн тәртібінде: Бородулиха ауданының 2009-2011 жылдарға арналған санитарлық-эпидемологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар, аудандық «Пульс района» газетінің қызметін құқықтық реттеуді аудандық ішкі саясат бөлімінің қамтамасыз етуі. Заңнамалық және моральдық – этикалық нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік, Бородулиха ауданы тұрғындарының мәдени бос уақыттарын ұйымдастыру жөнінде аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің атқарған жұмыстары, Бородулиха ауданында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы, 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-9-ІV «Бородулиха ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және жаю Ережесін бекіту туралы» шешімнің орындалу барысы, Бородулиха ауданында Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпорындарын дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Тұрақты комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Аргумбаев, тұрақты комиссиялардың төрағалары, депутаттар, аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғожин, сәйкес бөлімдердің бастықтары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бірінші мәселе бойынша Бородулиха ауданының 2009-2011 жылдарға арналған санитарлық-эпидемологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы ҚР ДМ МСЭҚД Бородулиха ауданы бойынша эпидемиологиялық басқармасының бөлім бастығы Айгүл Сәлімқызы Есімханова баяндама оқыды. Баяндамада көрсетілген көрсеткіштерге сүйенсек, І жарты жылдықта аудан аумағының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты деп бағалауға болады, алайда, ауданның эпидемиологиялық жағдайынн кері әсерін тигізетін көптеген жағымсыз, шешімі табылмаған мәселелер жетерлік. Біріншіден, жиі апатқа ұшырайтын су құбырларының тұрақсыз жұмысы; мамандандырылған, техникамен жабдықталған, ауылдардағы су құбырларының жұмысын қамтамасыз ететін білікті бригаданың жоқтығы, соның кесірінен, адамдардың судан улану қауіптілігі туындайды. Мектеп асханаларының жағдайы көңілге қаяу түсіреді, иесіз қалған және бұзылуға шақ қалған ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді, аудандағы 19 ауылдық, кенттік округтердің үшеуінде ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау полигоны бар.
Оқылған баяндама тыңдаушылар арасында бөлімнің жұмысы туралы көптеген сыни ескертулер, сұрақтар, ұсыныстар тудырды. Новодворовка ауылдық округіндегі ауылдық кеңестің төрағасы М.Рахлеев сібір жарасы, аусыл және басқа да жұқпалы ауруларды жұқтырудың алдын алу үшін тұрғындар арасында қандай жұмыстар атқарылды деген сұрақ қойды. Бізге көршілес Павлодар облысында орын алған осындай жағдай біздің аймағымызға да кіру қаупі бар екені белгілі емес пе...
Біздің ауданда сарып (бруцеллез) ауруы туралы мәселе орын алғандығы құпия емес. Андроновка ауылында осындай екі жағдай тіркелді, жұқпалы аурудың ошағы болған 3 ірі қара малдың аталған аурумен ауыратыны анықталды. Ауданда осыған қатысты қандай алдын алу іс-шаралары жасалып жатыр деген сұраққа оңды жауап берілмеді. Новодворовка ауылдық округіндегі әйелдер кеңесінің төрағасы Л.Лаврикованың ауыз су мәселесінің жағдайына бақылау жасалуы бойынша қойылған сұрағына да жауап берілмеді. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы В.Лопатин аудандағы тұрмыстық қатты қалдықтардың полигондарын тұтыну мәселесін көтерді, әкімдер қоқыс төгетін жерді тұтыну мәселесіне жауапкершілікпен қарай бермейді, оларды дер кезінде пайдалану, тұтыну жұмыстарын уақытында орындамайды. Қоқыс жерге жиналып, желмен бірге ұшып, қалғанын ит-құс, мал таптап, осыдан келіп тұрғындар арасында жұқпалы аурулармен ауру қаупін туғызады. Баяндамашының ақпаратына сәйкес аталған мәселе Жезкент кентік округінде маңызды мәселе болып тұр. «Кейбір дүкендерде, әсіресе, ауылдық жерлердегі дүкендерде азық-түлік тағамдарымен бірге тұрмысқа қажетті жуғыш заттар, өнеркәсіптік заттар қатар сатылып тұрады. Сатушылар халатсыз жұмыс жасайды. Бұндай жайттарға жол берілмеу керек, мәселенің осы тұсына аса көңіл бөлуіңізді сұраймын», - деп аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Хасенов өз ойын осылай жеткізді.
Аудандық мәслихаттың депутаттары аудандық әкімдікке, ҚР ДМ МСЭҚД Бородулиха ауданы бойынша эпидемиологиялық қадағалау басқармасына, ауылдық, кенттік округтер әкімдеріне аталған мәселенің шешімін табу жұмыстарын арттыруды, айтылған кемшіліктердің талапқа сай орындалуын қалыпқа келтіру жөнінде ұсыныстар берілген қаулы қабылдады.
Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Д.Табиева баяндама жасады. Ақпарат қызу талқыға түсті. Комиссияға қатысушылар ауданда бәсекелес басқа басылымның жоқтығы, жарияланымды басып шығару сапасы, газеттің шығуының мерзімділігі мен оның тиражын көбейту жөніндегі мәселелерді көтерді. Бородулиха ауданының Құрметті азаматы, Петропавловка ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Рымжанов «Бұрынғыдай аудандық газетті әрбір отбасы оқитындай жағдайға жеткізу үшін ауданда екі түрлі дербес газет шығу керек, сонда әрбір газеттің редакторы өз жұмысына шығармашылықпен қарап, өз газетін өзгенікіне қарағанда қызықтырақ, жақсырақ басып шығаруға тырысушы еді. Қазіргі таңда аудандық газетті тек отбасының 40 пайыз ғана оқиды», - деді. Депутат А.Подкорытов газет коммерциялық тұрғыда қызмет көрсету үшін алдымен оның құқықтық негізін қалыптастыруды қамтамасыз ету керектігі туралы баяндамашыға, газеттің редакторына ұсыныс енгізді.
Пікірталастың соңында аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Аргумбаев газетті оқуға болады, бірақ газет көбінесе ақпараттық сипатта. Ал ауыл газеті халықпен тіл табысып, екі жақтың да сындарлы диалогының алаңына айналуы керек. Қазіргі заманда БАҚ-тың рөлі өзгеріп кетті. Осыдан біраз бұрын ғана баспасөз өзінің бір ғана маңыздылығымен басым болатын. Баспасөз – биліктің насихаттаушы рупоры болып саналатын. Қазіргі заманда халық елімізде және өңірімізде болып жатқан шынайы жайттармен таныс болуы керек, ал газет соған немесе басқа мәселеге байланысты қоғамдық пікірді қалыптастыруы керектігін атап өтті.
Келесі бір өзекті мәселе ретінде Бородулиха ауданы тұрғындарының мәдени бос уақыттарын ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің ақпараты қаралды. Қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен депутаттар бүгін мәдениет ошақтарының қызметі мен олардың бос уақытты ұйымдастыруларын талқылау басым емес, керісінше ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан рухани құндылықтар тақырыбындағы мерекелерді ұйымдастырудағы әбден бойға сіңген шығармашылық жүйені, мұражайлардың, клубтардың, кітапханалардың жұмыстарының мазмұнын жаңарту туралы сөз қозғау қажет екендігін айтты. Бұл дегенің мәдениттегі жағдайды өзгерте алатын мәдениет қызметкерлеріне қатаң талап қойылатын уақыт жеткендігі. Бүгінгі таңда бір күндік шоу өткізу - мәдениеттің дамуына жатпайтыны бәріне түсінікті. Таланттылармен, ынта мен жігері бар басқа да адамдармен, әсіресе, балалармен жүйелі түрде және белгілі бір бағытта жұмыс жасау керек.
Депутаттар мәдениетті қалт жібермейтіндерін, баса көңіл бөлетіндерін айтты. Аудандық мәдениет үйінің әншілері ауылдық жерлерге барып, халықты өздерінің шеберліктерімен жиі-жиі қуантып тұрса жақсы болар еді деген ниеттерін де білдірді. Ауданның Құрметті азаматы, ақсақалдаркеңесінің төрағасы Е.Соловьев Новошүлбі ауылдық округінде Мәдениет Үйіне арнап ғимарат бергендігі үшін ауданның басшыларына алғысын білдірді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев қызмет бабымен Бородулиха ауданына келген кезде ғимараттың жөнделуіне көмектесуге уәде берген болатын.
Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның мүшесі Ү.Эфендиев өз сөзінде тұрғындарға арналған мәдениеттің рөлі туралы сөз болғанда негізгі күшті біздің жастарымызға салу керек. Рухани байлық бәрінен жоғары, сондықтан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет, болашаққа лайықты ұрпақ дайындауымыз керек, - деді. Жергілікті бюджет ауылдық мәдениет ошақтарының дамуына қаражат бөледі, бірақ бұл мәселені шешпейді. Мәселенің шешілуі үшін тұрғындар өздері жаппай мәдениетті көтеруге ат салысулары қажет. Олар өз күштерімен мәдени - бұқаралық іс-шара өткізбесе, ауылдастарының мәдени бос уақыттарын өздері ұйымдастырмай бұл мәселе шешімін таппайды дегенді атап өтті.
Бородулиха ауданында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы депутаттарды аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Құрманбаев таныстырды. Бағдарламаның мақсаты ауылдарды жаңа жерге орналастыруды оңтайландыру негізінде ауылдардың тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Депутат А.Подкорытов 2011-2015 жылдарға арналған жаңа бағдарламаны құрған кезде бағдарламада орын алған жаңсақтықтар қайталанбас үшін депутаттардың ұсыныстары мен пікірін есепке алуды ұсынды. Мысалы, Уба – Форпост ауылында осыдан 13 жыл бұрын 900 астам адам тұрған болса, бүгінгі күні ол ауылда барлығы 350 адам тұрады. Көші-қонудың негізгі себебі - жолдың жоқтығы. Ешқандай бағдарламада, тіпті Жол картасы бағдарламасы бойынша ол жолды қалпына келтіру жоспарға енгізілмеген. Депутат А.Майер де Воскресеновка – Петропавловка – Зубаир көлік жолдарын жөндеу аудандарды біріктіргеннен бері жөнделмегенін, жөндеуге қаражат бөлінбегенін, нәтижесінде жол жоғалып барады, осыдан 5 жыл бұрын шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілгенде, жол әлі де қалыпты жағдайда тұратындығын айтып өтті. Депутат В.Лопатин баяндамашының көңілін шағын ауылдардың өнеркәсіптік және инженерлік инфрақұрылымының дамуы туралы мәселеге, адамдар жолдың, судың жоқтығынан, көшелердің жарықтанбауынан, мәдени ошақтардың және де басқадай себептермен қоныс аударып жатқандығына аударды. Осы іс-шаралардың міндетті түрде келесі бағдарламаға енгізілуі есепке алынуын айтты. Ү. Эфендиев бағдарламаның жобасын округ активтерімен бірлесе отырып талқылауды және олардың пікірін есепке алуды ұсынды.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Аргумбаев баяндама жасаушыға айта отырып, округ бөліністеріне бюджеттік қаражаттарды тең бөлуді саралаудың қажеттілігіне ерекше мән берді. Сонымен қатар, 2011 жылғы бюджетті жоспарлағанда бюджеттік комиссия округтердегі мәселелерді анықтап, округтердің бюджеттік тапсырыстарын құруға бақылау жасауды өткізу туралы тілектер айтылды.
Одан кейін депутаттар 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-9-ІV «Бородулиха ауданында ауылшаруашылық жануарларын ұстау және жаю Ережесін бекіту туралы» шешімнің орындалу барысы туралы мәселені қарады. Талқылаудың қорытындысы бойынша депутаттар ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне ауылдық, кенттік округ әкімдерімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарына аталған ережені түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, округ аймағында малдарды жаюды ұйымдастыру жұмыстарының қажеттілігі туралы, ауылшаруашылық малдарының егістіктерді, алқаптарды таптаудың алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыруға мән беруді ұсынды. Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі жер қатынастары бөлімімен бірлесе отырып жайылымдық жерлерді тиімді және ұтымды қолдану бағдарламасын құрсын.
Бұдан басқа депутаттар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Шыңғыс Әкімғазыұлы Ғалиевтың Бородулиха ауданында Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпорындарын дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдады. Депутаттар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің кемшіліктерін айтты, оларға ұсынымдар берді. Жергілікті өндірушілерді қолдау және оларға көмек көрсету, аудан кәсіпкерлерінің қоғамдық қозғалысының жұмысын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы кәсіпкерлік, құқықтық, салықтық және экономикалық салалар бойынша өзекті мәселелерді жариялайтын айдар ашуды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілді.
Отырыстың қорытындысын аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Аргумбаев аяқтады. Ол өз сөзінде ІV шақырылған аудандық мәслихаттың жұмыс істегеніне ағымдағы жылдың тамызында үш жыл толатынын атап өтті. Ортақ істі үйлестіруде мәслихаттың жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық азаматтық институттармен тығыз байланыста болуы - есеп беру кезеңінің басты ерекшелігі. Депутаттардың қоғамда болып жатқан жағдайларды түсінуі, өздерінің қажеттілігін сезінуі, депутаттық корпустың алдында тұрған тапсырмаларды шешудегі рөлдері мен орнының айқындалуын ескеру жағымды.
Жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық және технологиялық даму, сонымен қатар, Қазақстанның болашақтағы стратегиялық дамуы және осыдан туындайтын аудандық мәслихаттың алдында тұрған тапсырмалар депутаттардан басты бағыттарға арналған білімдері мен күштерін жұмылдыруды талап етеді, олардың өмірден және іс-тәжірибеден жиналған депутаттардың тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі ескеріледі.
Барлық қаралған мәселелер бойынша сәйкес қаулылар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |