Астана қаласының 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2011 жылдың 1 қаңтарына 743,0 мың адамды құрды, өсім қарқыны – 106,6 % (қарқын бойынша – республика бойынша 1 орын).
Елорданың ЖӨӨ 2011 жыл бойынша 2 298,3 млрд.теңге құрып, 11,9% ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 2011 жыл бойынша 8,4% құрды (республика бойынша 4 орын).
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3 192,0 мың теңгені құрды (21,6 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында 163,7 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 121,4% құрды (НКИ бойынша республика бойынша 2 орын, ҚР бойынша – 103,5%). өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 80,6%.
Негізгі капиталған инвестициялар 35,7% ұлғайды (республика бойынша 1 орын) және 570,2 млрд. теңгені құрды (өңірлер арасында 2 орын). Астана қаласының үлесі инвестициялардың республикалық көлемінің 11,4% құрайды.
Тұрғын үй құрылысы саласында Астана қаласы тұрғын үй енгізу бойынша республикада 1 орынға ие – 1 403,6 мың ш.м. тұрғын үй (өсім 1,6%).
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 336,3 млрд. теңге сомасына 13 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жоба енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылдың 9 желтоқсанында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды - «Тұлпар Talgo» БК» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), бұдан басқа, 2011 жылдың желтоқсан айының аяғында жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды – «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған 8 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» деген бірінші бағыты шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша жалпы сомасы 2821,8 млн. теңгеге 26 жобаны; несиені кепілдендіру бойынша 4,7 млн. теңгеге 2 жобаны мақұлдады; өндірістік инфрақұрылым салу бойынша 668,9 млн. теңгеге 6 жобаға көмек көрсетілді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында 886,8 млрд. теңгеге өнім өндірді (2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3% (5- орын). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 40 755 бірлікті құрып, 16,2% ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандардың саны 162,3 мың адам, өсім 2% құрды.
Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 4 орынға ие және 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында оның көлемі 345,7 млрд. теңгені құрды (2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 9,2% құрды).
2011 жылдың қаңтар-қарашасында орташа айлық атаулы жалақы 124 062 теңге (республика бойынша 3 орын), бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 16,7% жоғары.
Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2011 жылдың қарашасында 76 446 теңгені құрды (республика бойынша 3 орын), бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 7,3% жоғары.
Инфляция деңгейі (2011 жылдың желтоқсанында 2010 жылдың желтоқсанына) 8,9% құрды (республика бойынша жалпы инфляция – 7,4%) – Қазақстан өңірлері арасында ең жоғары.
Елорда бюджеті 2011 жылы 357,3 млрд. теңгені құрды. Сонымен қатар, 69,1% - орталықтан берілген трансферттер мен несиелер, жеке кіріс 26,9% (95,9 млрд. теңге) құрды.
Елордалар мен қалалардың халықаралық ассамблеясы өткізген ІІІ Халықаралық байқауда – қалалық тәжірибе конкурсының қорытындылары бойынша 2011 жылы Астана қаласы «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі үшін. Қалада дене тәрбиесі мен спортты дамыту үшін қолалйлы жағдай жасауда кешенді тәсіл үшін. Әлеуметтік қолдау жүйесін ұйымдастыру, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау үшін, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өмір сүру үшін қолайлы жағдай құру, техникалық сауықтыру құралдарымен қамтамасыз ету және әкімшілік, медициналық, демалыс және өзге де мекемелерге көліктік өту мүмкіндігін ұйымдастыру үшін. Тұтынушылар құқығын қорғаудың муниципальдық және қоғамдық қызметтернінің жұмысын ұйымдастырудағы жетістіктер үшін. Өндірістік мақсаттағы қалалық объектілерді экологиялық бақылауды жүзеге асыру тәжірибесі үшін» дипломымен марапатталды.
2011 жылы Астана қаласының әкімдігіне Сапа менеджментінің Еуропалық қорының «Мойындалған жетілгендік» атты сертификаты берілді (3 жұлдыз).
«Мойындалған жетілгендік» деңгейі менеджментті жетілдіру жолында белгілі табыстарға жеткен ұйымдарға беріледі. Бұл ұйымдар немесе олардың бөлімшелері Жетілгендік тұжырымдамасын және әр түрлі менеджмент жүйелерін қолдану тәжірибесіне ие. Ол ұйымды сыртқы бағалау кезінде күшті жақтарды және жақсарту үшін салаларды табуға құрылымданған тәсіл үшін мүмкіндік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |