Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар-мамыры бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2012 жылдың 1 мамырына 755,3 мың адамды құрды, 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім қарқыны – 101,7 % (қарқын бойынша – республика бойынша 1-орын).
Елорданың ЖӨӨ 2011 жылдың қаңтар-желтоқсаны бойынша 2 298,3 млрд.теңгені құрып, 11,9%-ға ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 2011 жыл бойынша 8,4% құрды (республика бойынша 4-орын).
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3 192,0 мың теңгені құрды (21,8 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамырында 69 824,1 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 92,2% құрды. Өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 77,8 %.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 кезең енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылдың 9 желтоқсанында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды - «Тұлпар Talgo» БК» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), бұдан басқа, 2011 жылдың желтоқсанында жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған 9 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланады.
Негізгі капиталға инвестициялар 197 724,1 млн. теңгені (республика бойынша 2-орын), НКИ – 150,7% құрады (республика бойынша 2-орын). Астана қаласының үлесіне инвестицияның республикалық көлемінен 12,8% келеді.
Тұрғын үй құрылысы саласында 2012 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 20 %-ы Астана қаласына тиесілі. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 473 393 шаршы метрді (республика бойынша 1-орын) құрайды және өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 0,1 %-ға өсті. 2012 жылдың 25 мамыры жағдайы бойынша елордадағы аяқталмаған объектілер саны– 7 (1 200 үлескер).
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың 5 айында 300,9 млрд. теңгеге өнім өндірді (2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 3,5 %). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша 50 041 бірлікті құрып, 32,9%-ға ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандардың саны 169,7 мың адам, өсім 9,2% құрды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі тарапынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Астана қаласының үдемелі-индустриялық дамуы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі кредиттік портфелі барлығы 6,1 млрд. теңге сомасында пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша 17 жобаны және 100,3 млн. теңге сомасына өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жобаны қарастырылды және мақұлданды.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2012 жылдың сәуір айының соңына Астана қаласы банктерінің несие бойынша негізгі қарыздарының жалпы көлемі 872,5 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,0%-ға ұлғайды.
Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 3 орынға ие (Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін) және 2012 жылдың қаңтар-мамырында оның көлемі 158 518,9 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 15,2 % ұлғайды.
2012 жылдың қаңтар-сәуірінде орташа айлық жалақы 135 342 теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,9 %-ға ұлғайды.
Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2012 жылдың сәурінде 79 351 теңгені құрды (республика бойынша 4-орын), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 6,8 % жоғары.
2012 жылдың 1 маусымы бойынша елорда бюджеті 307,1 млрд. теңгені құрды. Соның ішінде, бюджеттің 66,5 %-ы (204,2 млрд. теңге) - трансферттер мен несиелер, субвенциялар, жеке кірістер - 33,5 %-ын (102,9 млрд. теңге) құрайды.
Итоги развития города Астаны
за январь-май 2012 года
Численность населения города Астаны на 1 мая 2012 года составила 755,3 тыс.человек, темп роста по сравнению с 1 январем 2012 года составил 101,7% (по темпу - 1 место по республике).
ВРП столицы за январь-декабрь 2011 года составил 2298,3 млрд.тенге и увеличился на 11,9%. В целом доля региона в ВВП страны составила 8,4% (4 место по республике).
Валовой региональный продукт на душу населения составил 3 192 тыс. тенге (21,8 тыс.долл.США) и занимает четвертый порядок расположения среди регионов республики.
Объем произведенной промышленной продукции за январь-май 2012 года составил 69 824,1 млн. тенге или 92,2% к соответствующему уровню 2011 года. В общем объеме производства наибольшая доля приходится на обрабатывающую промышленность – 77,8%.
В рамках реализации государственной Программы форсированного индустриально - инновационного развития Республики Казахстан на 2010-2014 годы по региональной Карте индустриализации реализуются 14 проектов на сумму 350,7 млрд. тенге. В том числе в 2010 году было завершено 2 проекта (Завод по изготовлению железобетонных изделий ТОО «АБК-Максат», завод по производству сэндвич-панелей ТОО «Кровля НС»), в первом полугодии 2011 года был введен 1 этап – ТОО «Стальцинк» по производству метизной продукции на сумму 1,4 млрд. тенге, с созданием 46 новых рабочих мест, 9 декабря 2011 года запущен завод по выпуску пассажирских вагонов «Talgo» - ТОО СП «Тулпар Talgo» (реализуется на территории Индустриального парка) и в декабре 2011 года – проект по производству и переработки плодоовощной продукции -ТОО «АстанаЭкоСтандарт». Общая сумма введенных проектов составила 15,3 млрд. тенге, создано около 600 новых рабочих мест. По оставшимся 9 проектам реализация запланирована до 2014 года, согласно графика.
Инвестиции в основной капитал составили 197 724,1 млн. тенге (2 место по РК), ИФО – 150,7% (2 место по республике). На долю города Астаны приходится 12,8% от республиканского объема инвестиций.
В сфере жилищного строительства 20% введенного в январе-мае 2012 года жилья по Казахстану приходится на Астану. Объем введенного жилья составил 473 393 кв. метров (1 место по РК) и вырос на 0,1% к показателю прошлого года. Количество незавершенных объектов в столице составляет по состоянию на 25 марта 2012 года - 7 (1 200 дольщиков).
Активными субъектами малого и среднего предпринимательства за 5 месяцев 2012 года выпущено продукции на сумму 300,9 млрд. тенге (в сравнении с аналогичным периодом 2011 года рост на 3,5%). Количество активных субъектов малого и среднего предпринимательства по состоянию на 1 июня т.г. составило 50 041 единиц и увеличилось на 32,9%. Численность занятых -169,7 тыс. человек с ростом на 9,2%.
В целях поддержки субъектов малого и среднего предпринимательства акиматом города проводятся работы по реализации программы «Дорожная карта бизнеса - 2020».
Региональным координационным советом по форсированному индустриальному развитию города Астаны рассмотрено и одобрено всего 17 проектов с кредитным портфелем на сумму 6,1 млрд. тенге по субсидированию процентной ставки и 3 проекта по развитию производственной инфраструктуры на сумму 100,3 млн.тенге.
По данным Национального банка РК на конец апреля 2012 года общий объем основного долга по кредитам банков г.Астаны составил 872,5 млрд. тенге и увеличился по сравнению с соответствующим периодом прошлого года на 34%.
По объему розничного товарооборота город Астана занимает 3-ое место по Казахстану (после г.Алматы и Карагандинской обл.), за январь-май 2012 года его объем составил 158 518,9 млн. тенге и увеличился по сравнению с соответствующим периодом 2011 года в сопоставимых ценах на 15,2%.
Среднемесячная заработная плата в январе-апреле 2012 года составила 135 342 тенге, по сравнению с аналогичным периодом 2011 года увеличилась на 17,9%.
Среднедушевой денежный доход населения столицы в апреле 2012 года составил 79 351 тенге (4-е место по РК), что в номинальном выражении на 6,8% выше соответствующего периода 2011 года.
По состоянию на 1 июня 2012 года бюджет столицы составил 307,1 млрд. тенге. При этом, 66,5% (204,2 млрд. тенге) - это трансферты и кредиты, субвенции, собственные доходы составляют 33,5% (102,9 млрд. тенге) бюджета.
Достарыңызбен бөлісу: |