ЖОБА
2015 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 13 наурыздағы № 135 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (Д.Кенжебаев - келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қарулы Күштердi жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
2. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде:
1) «Қарғалы аудандық орталық ауруханасы» (Б.Жаржанов - келісім
2
бойынша) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы шақырылушыларды сапалы медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігерлер мен орта буын медициналық мамандар бөлу;
2) «Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне А.Пірмағанбетов - келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке және «Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кенжебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Р.Сыдықов
Достарыңызбен бөлісу: |