Астана ақшамы. – 2013. №119. 22 қазан Қуанышбаева Қ. Студенттік өмірге қадам басты Жақында



Дата19.06.2016
өлшемі13.43 Kb.
#147973
Астана ақшамы. – 2013. - № 119. - 22 қазан

Қуанышбаева Қ.


Студенттік өмірге қадам басты
Жақында «Қазақстан» орталық концерт залында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін³ң 1-курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтт³.

Университет ректоры, профес­сор Ақылбек Күрішбаев: «Білім - басыңызға бедел, босағаңызға бақ әкелетін құндылық» деп жас өрендерге студенттік өмірлері қызықты да мәнді өтуіне тілек білдіріп, студенттік билеттерін өз қолымен табыстады. Сондай-ақ, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша «Ең үздік куратор» атанған техникалық факультет оқытушысы Оразбай Сапаровты марапаттады.

Ал, «Ең үздік факультет» атағын Экономика факультеті (деканы А. Исмаилова) иеленді. ҚазАТУ студенттерінің арасында өткізілген «Жаңа ұрпақ» конкурсының жеңімпазы атанған Сүлеймен Рахматуллаға да естелік сыйлық берілді.

Концерттік бағдарламамен жалғасқан кеште «Ғасырдан ғасырға» прологы орындалып, қазақ елінің өткен тарихынан сыр шерткен «Алтын адам дәуірі», «Сақ қыздары мен қазақ жауынгерлері», «Арманда кеткен арыстар», «Сәкен Сейфуллиннің ұрпаққа аманаты» сынды сахналық көріністер қойылды. Алматыдан арнайы шақырылған қазақ эстрадасының жұлдызы Алмас Кішкенбаев әсем әніне бөлесе, «Аграрка сарбаздары» КТК командасы әзіл айтып, көңіл көтерді.



Осы орайда айта кетерлік жайт, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университеті биыл алғашқы үштікке еніп, 1 324 гранттық орынға ие болды. Оның 1 313-і конкурстық негізде, 11 грант халықаралық келісімшарт негізінде алынған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет