Регламенті Жалпы ережелер «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру»



Дата17.07.2016
өлшемі68 Kb.
#205298
түріРегламент



Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «20» тамыздағы

295 қаулысымен бекітілген

«Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органы шешімінің және (немесе) конкурс қорытындысы туралы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде берілген көрсетілетін қызметті беруші мен конкурстың жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы қағаз түріндегі шарт.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) басталуына «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың болуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаған күні, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген талон береді (15 минут), конкурстық өнімідерді қабылдау 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі конкурстық өтінімдерді «Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысымен бекітілген Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен құрылатын конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қарастыруына жолдайды (күнтізбелік 1 күн);

3) конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашады және конверттерді ашу туралы хаттамаға қол қояды (2 жұмыс күні);

4) конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарады және конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қояды (күнтізбелік 8 күн);

5) көрсетілетін қызметті беруші су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды (5 жұмыс күні);

6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді (8 жұмыс күні);

7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (1 жұмыс күні);

8) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (1 жұмыс күні) және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады (15 минут).

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекеттің) келесі рәсімді (әрекетті) атқаруды бастау үшін негіз болатын нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген талон беру;

2) конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссияға тапсыру;

3) конверттерді ашу туралы хаттама;

4) конкурс қорытындысы туралы хаттама;

5) су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім;

6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қоюы;

8) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына көрсетілетін қызметті алушының қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті тәртібінің сипаттамасы


7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) конкурстық комиссия;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бірліктерінің арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі құжаттар топтамасын қабылдағасын және көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаған күні, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген талон бергеннен кейін (15 минут), күнтізбелік 30 күн ішінде конкурстық өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады, содан соң конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссияның қарастыруына тапсырады (күнтізбелік 1 күн);

2) конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашады, конверттерді ашу туралы хаттамаға қол қояды (2 жұмыс күні), конкурс қорытындысын шығарады және конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қояды (күнтізбелік 8 күн);

3) көрсетілетін қызметті беруші су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды (5 жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды (8 жұмыс күні);

5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (1 жұмыс күні);

6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (1 жұмыс күні) және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады (15 минут).

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

«Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



р/с



Облыстың жергілікті атқарушы органы

Жұмыс режимі

Мекенжайы

1

2

3

4

1

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін


Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58-үй

«Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе

бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілген жағдайдағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы



Құжаттар топтамасын қабылдау (15 минут), конкурстық өтінімдерді қабылдау (30 күнтізбелік күн) және конкурстық комиссияға қарастыруға жіберу (1 күнтізбелік күн)


Конкурстық өтінімдерді ашу, конверттерді ашу туралы хаттамаға қол қою, конкурс қорытындысын шығару және конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қою

(10 күнтізбелік күн)







Су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдау

(5 жұмыс күні)




Су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартқа қол қою

(1 жұмыс күні)














Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу (8 жұмыс күні)







Су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартқа қол қою (1 жұмыс күні) және алу (15 минут)






Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



-

- көрсетілген қызметті алушының және (немесе) құрылымдық бөлімшелердің рәсімінің (әрекетінің) атауы;



- келесі рәсімге (әрекетке) көшу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет