Астана ақшамы. – 2014. №117. – 16 қазан Өтемұрат О. Құжаттарда ізі бар қайраткердің Сейсенбі күні Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы –сырбаз Сәкен»



Дата24.02.2016
өлшемі14.55 Kb.
#16774
Астана ақшамы. – 2014. - № 117. – 16 қазан

Өтемұрат О.


Құжаттарда ізі бар қайраткердің
Сейсенбі күні Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы –сырбаз Сәкен» атты көрме ашылды.

Көрмеде Сәкеннің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар қойылды. Құжаттар 1903-1934 жалдарды қамтиды. Оның ішінде С.Сейфуллиннің болыстық атқару комитетіне қалың мал жөнінде жазған хаты, Ақмола уезі пленарлық мәжілісіндегі баяндамасының хаттама үзіндісі, Ақмола приход мектебін бітіргені жөніндегі анықтамасы мен 17 жасқа толғанда берілген төлқұжаты және Омбыдағы мұғалімдер семинариясын аяқтағаны туралы куәлігі бар.

Көрме таныстырылған соң келушілер мұрағаттың оқу залына жиналып, тарихи тұлға туралы деректі фильмді тамашалады. Басқосуда «Сәкен Сейфуллин – Председатель Комиссаров Казахстана» атты кітаптың авторы Марат Әбсеметов, тарих ғылымының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, белгілі журналист Амантай Кәкен және басқа зиялылар Сәкен еңбегі жайлы ойларын ортаға салды. Студенттер үлкендер сөзінен мол мағлұматқа қанықты.

Жиында біреу білсе, біреу біле бермейтін тың деректер айтылды. Ғалым Марат Әбсеметов Грекияға барған сапарында Афины мұражайынан Сәкеннің құжаттарын кездестіргенін айтты. Сонымен бірге, Сәкеннің билікте жүрген кезінде жасаған көп ісінің біршамасын баян етті. Мысалы, оның ең алғашқы ақшамызға қол қойғаны, Түркістандағы Қ. Яссауи кесенесіне қаржы аударғаны, 1924 жылы Оралда қазақ мектебін ашқаны, Шахмат қоғамын басқарғаны туралы көптеген мәлімет берді.



Қаламгер Амантай Кәкен Сәкенді зерттеуге қалай келгенін айтып, «Қазақтың Сәкені» атты кітабынан кейінгі жарыққа шыққан «Сәкен тағылымы» атты жаңа еңбегін көпшілікке таныстырды.

Көрермен отырыс соңында Жанғали Жүзбайдың орындауында күй тындап, құлақ құрышын қандырды. Күйші қайраткер абақтыға қамалып, атылады дегенді естігенде әкесі Сейфолланың шығарған және Сәкеннің Затаевичке нотаға түсірткізген бірнеше күйлерді тартып берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет