Сабақтың тақырыбы: Нан - дастархан байлығы
Сабақтың мақсаты: 1) Нанды қастерлеуге,ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін,оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру
3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, физикалық карта, дастархан, пісірілген нан түрлері, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Хор: «Қазақы дастарханым»
-
Ән қалай аталады? Дастарханға қойылатын дастархан сәні, ең қадірлі ас қалай аталады?
- Нан.
ІІ. Негізгі бөлім
-
Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан –дастархан байлығы» деп аталады.
-
Балалар «Нан – береке бастауы», «Дастархан көркі – нан» демекші бүгінгі сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.
Нан туралы тақпақтар
1-оқушы
Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
2-оқушы
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар,сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
3-оқушы:
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.
Нан-өмір,
Жеміспен алып келген кешегі.
Нанға пірім деп,
Жырым деп табынам.
4-оқушы:
Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
5-оқушы
Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!
Хормен:
Нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.
-
Балалар, нан неден алынады?
-
Бидайдан
-
Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.
Сахналық көрніс:
Бидай:
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
-
Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан - дастарханның көркі. Олай болса,мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні- бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.
-
Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
-
Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.
-
Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев. Ол – күріш атасы деген атпен танымал. Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.
-
Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.
-
Дастархан көркі нанменен,
Тойдың сәні әнменен- демекші ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.
1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – ... .
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.
3.Нан болса, .. болады.
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ........ .
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ......... .
Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.
Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп.
Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан
байлығы.
Ғабиден Мұстафин
2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей
қалса,бөгелместен “Нан” деп жауап берер
едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр
алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін
күндей жарқыратады.
Ыбырай Жақаев
Сөзжұмбақ шешу.
-
Астық неден алынады?
-
Механизатор әйелді ата.
-
Нан қайда пісіріледі?
-
Ұнның сорты
-
Бидайдан ұн жасайтын жер.
-
Тары атасы кім?
-
Бидайды немен орады?
-
Күріш атасы атанған адам.
Қорытынды.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! –дей келе бүгінгі «Нан - дастархан байлығы « атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |