Астана ақшамы. 2014. №6. 18 қаңтар



Дата16.06.2016
өлшемі10.95 Kb.
#138982
Астана ақшамы. – 2014. - №6. – 18 қаңтар

СЕРӀКБАЕВ Н. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:


ЖЕДЕЛСӨЗ
- Елбасымыздың халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленді. Шынында, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы жылдан - жылға жақсара түсуде. Бұл туралы жолдау барысында «әр6ір бесжылдықта халықтың жағдайы жақсара түсетін болады» деген Президент сөзі отандастарымыз үшін, әрине, жағымды жаңалық.

Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына да айрықша назар аударылды. Агроөнеркәсіп кешенің дамыту, ішкі нарықтағы азық-түліктердің отандық өнім болу керектігі уақыт талабынан туындаған мәселелер екені сөзсіз. Президенттің осы ретте жерді тиімді пайдалану және шаруалардың кооперациясы туралы берілген тапсырмалары отандық агросекторға серпін берері анық. «Шаруалар ұзақмерзімді қаржыландыруға және нарыққа делдалсыз қол жеткізу керек. Қазақстан ет, сүт және өзге де ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауда аймақтағы ең ірі елге айналуы тиіс» деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.



Жалпы, Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы біздің келешек күндерімізге деген шынайы сенімімізді орнықтыра түседі және айтылған міндеттемелер мемлекетіміздің саяси, мәдени, әлеуметтік әл-ауқатының өркендеуі жолында табысты қадам болатыны анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет