Сабақтың тақырыбы : Абайдың музыкалық мұрасы Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2016
өлшемі47.5 Kb.
#126225
түріСабақ


Алматы облысы Талгар қаласы №7 мектеп-лицейі

Асқарбекова Гаухар Мысабекқызы музыка пәні мұғалімі

5-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың музыкалық мұрасы

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасына жан-жақты шолу жасап, көркемдік мәніне тоқталу.

2.Абай әндерінің өзіндік көркемдік ерекшеліктерімен таныстырып өнерге деген бейімділік қабілеттерін дамыту.

3.Ән мен өлең-өнер арқылы терең ойлау,қабылдау қабілеттерін дамытып,мазмұнды эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Жан-жақты дамыта оқыту

Сабақтың формасы: Түсіндірмелі,әңгімелеу,сұрақ-жауап, тыңдау

Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Абай портреті, техникалық оқу-құралдары, үн таспа, бейне таспа, теледидар, сызба.

Музыкалық шығармалар:

1.Абай «Көзімнің қарасы»- тыңдау

2.Абай «Айттым сәлем, Қаламқас»-тыңдау

3.Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» әні-тыңдау

4.Абай «Желсіз түнде жарық ай»-орындау

Сабақтың барысы:



I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, Дауыстарына жаттығу жасату

II. Өткен тақырыпты еске түсіру,қайталау «Дәстүрлі ән айту» өнері.

Сұрақтар:

1.Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?

2.XIX ғ. дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан әнші-композиторлар кімдер?

3.Дәстүрлі әндерді орындап бізге жеткізуші әншілер кімдер?

4.Дәстүрлі әндерді зерттеп, жинақтап, нотаға түсріп жүйелеген зерттеуші ғалымдар кімдер?

Дәстүрлі әнші-композиторлардың қандай әнін білеміз?

(Ән «Қараторғай»-Ақан серінің әні)

III. Жаңа тақырып материалын түсіндіру

XIX ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, композитор Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, олардың халық жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында . Абай әндерінің өзгешелігі,әуендік, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында ,Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан халық әндерімен тамырласып жатқандықтан нотаның жоқ кезінде-ақ ауыздан-ауызға тарап, халық игілігіне айналды.Ол орыстың әдет-ғұрып музыкасын, қала романстарын ести тыңдай отырып, олардан шығармашылық үлгі алды. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударын «Татьяна хатына» деген өзінің әнін шығаруы, А.А.Дельвиг пен М.М.Глинканың «Сұрғылт тұманын» М.Ю.Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып оларға ән шығарған.Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті.Абай әнді ермек үшін де, қосыпша кәсіп болсын деп те шығармаған, ол жан сырын тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка тілінде тілдесуді жөн көрген. А.Затаевич 1925 ж. Абайдың бірнеше әнін нотаға түсріп жариялады, 30-жылдарда композитор Л.Хамиди мен Б.Ерзакович 20-дан астам әнін нотаға түсірді.1935 ж. Қазақ мемлекеттік зерттеу қоғамы Мәкен Мұхаметжанованың орындауымен 16 әнін нотаға жаздырды.(Абай әндері «Көзімнің қарасы» , «Сегізаяқ» т.б)Кәсіби композиторлар Абай әндері негізінде жеке аспаптарға (ұлт аспаптарға,симфониялық аспаптарға), шағын ансамбльдерге (три,квартет,квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әндері «Абай» операсында да молынан орындалады.

Сазгерлік жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы .Онда драма, сатира, трагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс, табиғат суретін бейнелейтін т.б. сан түрлі музыка бар .Абай күй жанрында да мұра қалдырған композитор. Оның «Торжорға», «Май түні», «Желдірме», атты үш күйі нотаға түсіріліп қазіргі домбырашы күйшілердің орындауында. Әр күйінің өзіндік шығу мазмұны тарихи дерек болып табылады. Абайдың ақындық даналығы өз аумағынан асып, алыс өңірлерге де жайылған. Жетісу жерінен Дәт деген кісі Абайға тор жорға атты сыйға тартқан .Тор жорғаның ерекше жүрісі Абайға қатты ұнаған. Содан тауындаған күйі «Торжорға» деп аталады.

Абай әндерін кәсіпқой әншілер домбыраға қосылып, фортепианоның сүйемелдеуімен айтады .Көптеген оркестр, ансамбльдердің репертуарларына енген, бірқатар композиторлардың күрделі шығармаларына өзек болған.Қазіргі кезде жеке аспаптардың үнін эстрадалық ырғақты әуендердің көркемдеуімен орындау әдістері етек алуда. (Абайдың әні «Көзімнің қарасы» скрипка аспабымен орындайтын Айда Аюпова-тыңдау)

Абайдың музыкалық мұрасы кәсіпқой музыкалық өнердің жанрларын байыта түсуге көп ақпалын тигізуде.

(Қ.Р мемлекетттік академиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен медет Шотабаевтың орындауында «Айттым сәлем,Қаламқас» әнін тыңдау/бейне таспа)

Ал, енді балалар Абай әндерінің бірі «Желсіз түнде жарық айды»бәріміз бірге орындап үйренейік.

IV. Cабақты қорыту. Алған білімдерін «Кембридж шеңбері» бойынша бекіту.



Өлеңдері: Әндері:

1. «Күз» 1.«Желсіз түнде жарық ай»

2. «Жаз» 2. «Көзімнің қарасы»

3.«Ғылым таппай 3. «Сегіз аяқ» т.б

мақтанба»

Аудармалары: Күйлері:

«Евгений Онегин» Ю.Лермонтов 1. «Торжорға»

«Қараңғы түнде қалғып» 2. «Май түні»

3.»Желдірме»



IV Үйге тапсырма.

1.Абай жайлы қосымша материалдар тауып оқу.



2. «Желсіз түнде жарық-ай»-жаттау

Білімдерін бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет