Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі 2015 жылғы 01 сәуірге туралы ақпарат
Ауданда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және халықтың әлеуметтік осал таптарына материалдық көмек көрсету бойынша белгілі жұмыс атқарылуда.
2015 жылғы 1 қаңтар бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 1 отбасы алды, оларда 7 адам, соның ішінде еңбекке жарамды жаста – 2 адам.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 40,4 мың теңгеге көрсетілді.
18 жасқа толмаған балалар үшін мемлекеттік жәрдемақы 90 отбасына тағайындалып төленді, яғни 254 балаға 1501,2 мың теңгеге.
«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» 007 бағдарламасы бойынша 4856,9 мың теңгеге 238 адамға түрлі көмек көрсетілді, соның ішінде емделуге 60 адам 1189,2 мың теңгеге.
Осы бағдарлама бойынша 2002 жылдан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне облыстың жоғары оқу мекемелеріндегі оқуын өтеу үшін көмек көрсетіледі.
Қазіргі кезде оқитын студенттер саны 25 адам, соның ішінде оқу мекемелері бойынша:
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 12 студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты - 12 студент, Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық институт - 1 студент. Түлектер оқуын аяқтағаннан соң үшжақты келісім-шарттарға және жоғары оқу орындарының жолдамаларына сәйкес жұмысқа орналастырылады.
Оқу үшін төлем жылына екі рет фактілік құны бойынша жүзеге асырылады. Осыдан басқа, ай сайын студенттер жатақхана, тамақтану және жол жүру үшін 15235 теңге әлеуметтік көмек (шәкіртақы) алады. Осындай көмек 1392,0 мың теңге сомасына тағайындалды.
«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 010 бағдарламасы бойынша 249,7 мың теңге сомасына 21 мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Павлодар ауданында 2015 жылғы 01 сәуір жағдай бойынша 1589 мүгедек тұрады, олардан 680 адам Мичурин ауылындағы психохрониктерге арналған үйде тұрады.
топтар бойынша
|
аудан бойынша мүгедектердің барлығы
|
соның ішінде
|
психохрониктер
үйінде
|
ауылдық округтерде
|
1-топтағы мүгедектер
|
136
|
53
|
83
|
2-топтағы мүгедектер
|
1014
|
627
|
387
|
3-топтағы мүгедектер
|
347
|
|
347
|
мүгедек балалар
|
92
|
|
92
|
Барлығы
|
1589
|
680
|
909
|
2015 жылдың 1 сәуір бойынша міндетті гигиеналық құралдармен 58 мүгедек қамтамасыз етілді, қолмен көрсететін тіл маманының қызметтері 6 мүгедекке, жеке көмекшінің қызметтері 32 мүгедекке көрсетілді.
12 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін «Ортопрот» ЖШС жолдама берілді, соның ішінде 12 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді (ортопедиялық аяқ-киім, жетек арбалар, жіңішке таяқтар, балдақтар).
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасынан 3 адам жұмыспен қамту органдарына жүгінді, 2 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам кәсіби оқуға жіберілді, қоғамдық жұмысқа 2 адам жіберілді. Қазіргі уақытта тіркеуде 3 адам тұр.
01.04.2015 жылғы 20 мүгедек және егде адам «Ардагерлер үйі» Павлодар облыстық мүгедектер мен егде адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-да өз денсаулығын жақсартты, оның ішінде 7 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер.
Ауданда 39 әлеуметтік қызметкер психоневрологиялық ауруымен ауратын 8 мүгедекке, 80 жалғызбасты және жалғыз тұратын егде зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.
Жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша халықтың деңгейін үлкейту белсенді тұлғасына жәрдемдесу.
2015 жылғы 01 сәуір бойынша жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде 124 адам тіркелді, жыл басынан жұмысқа жәрдемсу бойынша 113 адам шағымданды, 69 адам жұмысқа орналастырылды,оның ішінен 30 адам әлеуметтік жұмыс орындар («Авангард ПВ» ЖШС, «Блялова» ЖК, «Солдатова» ЖК, ШҚ «Арина», ШҚ «Витковская»).
. Қоғамдық жұмыстарға 52 жұмыссыз жіберілді.
«Кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен жоспар бойынша азпазшы-5 адам мамандығы бойынша, жергілікті бюджеттен -5 адам азпазшы, 5-тракторист-машинсь мамандықтары бойынша жіберілді.
2015 жылы 772 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды, соның ішінен тұрақты 141 жұмыс орындары және маусымдық-уақытша 631 жұмыс орындары.
Достарыңызбен бөлісу: |