«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет



Дата23.02.2016
өлшемі265.33 Kb.
#9912
Ақсу ауданы әкімдігінің

2011 жылғы « 31 » қаңтардағы

№ 19 қаулысына

1 қосымша



«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
Мазмұны: бет.


1.

Миссиясы және пайымдауы


2

2.

Ағымдағы жағдайға талдау


2-3

3.

Аудан әкімі аппаратының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері және олардың мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға сәйкестігі


3-6

4.

Аудан әкімі аппаратының қызметтік мүмкіндіктері және орын алуы мүмкін тәуекелдері


6-8

5.

Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу барысында басшылыққа алынған нормативтік – құқықтық актілер


8-10

6.

Бюджеттік бағдарламалар


10-16




  1. Миссиясы мен пайымдауы


Ақсу ауданы әкімі аппаратының миссиясы – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару сапасын арттыру, аймақты әлеуметтік – экономикалық тұрақты дамыту мақсатында аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Пайымдауы – аудан әкімі мен әкімдігінің жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың әл ауқатын жақсартудағы қызметін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттерін тиімді шешу.
2. Ағымдағы жағдайға талдау
2.1. Ағымдағы жағдайға талдау

2011 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша аудан әкімі аппаратының штаттық бірлігі - 13, нақты жұмыс істеп жатқаны 12 адамды құрады. Әйелдердің үлес салмағы 35%. Аппараттың барлық қызметшілерінің білімі жоғары.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 42 жыл. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 12 жыл, атқарып жүрген қызметте 5 жыл.

Аудан әкімі аппаратының әкімшілік – мемлекеттік қызметшілеріне қатысты: - мемлекеттік органдарды басқарудың үлгілік құрылымына сәйкес лауазымдарды санаттар топтарына бөлу іске асырылды;

- жұмысқа қабылданған кезде конкурстық іріктеу және заңнаманы білуге тестілеу енгзілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің аппаратының ішінде, сол сияқты басқа мемлекеттік органдарға конкурстық іріктеусыз, ауысым тәртібімен ауысуға жол беріледі.

- мемлекеттік қызмет еңбек өтілі бойынша дифференциалды төлемді қарастыратын еңбек ақының тарифтік – біліктілік кестесі енгізілген;

- кадр резерв жүйесі жұмыс істейді. Резервте тұрғандар тиісті лауазымдарды конкірстық іріктеусіз иелене алады. Кадрлық резервке тіркеу конкурстық комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

- аттестациялау, тәртіптік жазаларды қолдану және т.б. рәсімдер белгіленген;

- мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесі қалыптастырылды.

2010 жылы біліктілікті көтеру курстарында 15 мемлекеттік қызметші оқыды, олардың ішінде 1 аудан әкімі аппаратының қызметкері, 8 поселкелік, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарындағы қызметшілер, 6 аудандық бөлімдердің қызметшілері.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін, олардың құқықтық мәдениетін және функционалдық міндеттерге сәйкес жұмыс жасау қабілетін анықтау мақсатында 2010 жылы 12 мемлекеттік қызметші аттестациядан өткізіліп, атқарып жүрген қызметтеріне сәйкес келеді деп танылды.

Кадрлар резервімен жұмысқа үлкен назар бөлінуде. Резервтегі кадрлар мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтеді.

2010 жылы аудан әкімі аппаратына түсіп өнделген құжаттардың саны 1207, аудан әкімі аппаратынан 1446 бірлік корреспонденция жіберілді

Аудан әкімінің атына түсіп аппараттың ұйымдастырылуымен, қаралған арыз-шағымдардың саны: жалпы әр түрлі арыз сандар – 238, жер туралы арыздар – 236, жерді заңдастыру туралы ұсыныстар – 478, Есепті кезеңде аудан әкімінің атына түскен өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңында көзделген мерзімдер ішінде қаралып, жауаптары берілді.

Қабылданған қаулылар саны - 554, өкімдер саны - 625, шешімдер саны - 1. Құжаттармен жұмыс сапасын артыру мақсатында электрондық құжат айналымы енгізілуде. Аудан әкімдігінің 6 отырысы өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының кәсіби деңгейіне байланысты мәселелер.

Аудан әкімі аппаратымен оған жүктелген функциялардың жүзеге асырылуына жасалған талдау оның жекелеген қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері әлі де жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Ол көбінесе мына жағдайлармен байланысты:



  • қазіргі қолданыстағы конкурстық рәсімдердің жетілмегендігімен;

  • мемлекеттік қызметтің жеткіліксіз қызықтырушылығымен;

  • еңбекті бағалаудың жетілмегендігімен және мансаптық өсу жүйесінің айқын еместігімен;

  • еңбекті төлеудің төменгі деңгейімен, шектелмеген жұмыс күнімен, демалыс, мейрам күндеріндегі өтелмейтін жұмыспен байланысты.

3. Аудан әкімі аппаратының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, олардың мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға сәйкес келуі
Стратегиялық бағыттар. 1.Кадр саясаты.

1 - мақсаты. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа бағыттағы кәсіби басшылардың ұйытқысын қалыптастыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі конкурсқа қатысатын адам санын бір орынға 1,5 адамнан 3 адамға дейін арттыру.

  1. Кадрлар тұрақтамаушылығы (ауысымдылығы) деңгейін 12,1%-дан 8% дейін төмендету.

1-міндет. Конкурстық рәсімдерді айқын етіп, оларға қызметшілердің сенімділігін арттыру.

2-міндет. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалауды жетілдіру және карьералық өсу айқындылығын қамтамасыз ету.

2 - мақсаты. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Оқыту, қайта даярлау курстарындағы оқытуды 13% дан 30%-ға дейін арттыру.

  1. - мақсаты. Мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған қызметшілердің қайта даярлау курстарынан міндетті түрде өтуіне қол жеткізу.

  2. - мақсаты. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымын жоғарылатқан, аттестациядан өткізген кезде қайта даярлау курстарынан өткендігін ескеру;

  3. мақсаты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мақсаттық көрсеткіштер: Азаматтардың мемлекеттік басқару органдарына деген сенімін арттыру.

1-мақсаты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін насихаттау бойынша шараларды жүзеге асыру.

2-мақсаты. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Ар Намыс Кодексініңің сақталуына бақылауды күшейту.
2 Стратегиялық бағыт. Құқықтық мәдениетті және құқықтық хабардар етілуін қалыптастыру және жоғарылату, сапалы нормативтік шығармашылық қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес.
1 - мақсаты. Құқықтық мәдениетті арттыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Құқықтық түсіндіру шаралар көлемін кеңейту.

1 - мақсаты. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздікті қалыптастыру үшін тұрғындардың ақпараттық – түсіндіру жұмысымен қамтылуын кеңейту.

2 – мақсаты. Мемлекеттік органдарда осы мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты мәселелер бойынша құқықтық қеңестердің берілуінің тәжірибесін қолдану.

2 - мақсаты. Нормативтік шығармашылық қызметінің сапасын арттыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің сапалы сарапталуы.

Мақсаты. Аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкестілігіне құқықтық сараптау жүргізу.

3 - мақсаты. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендеті және алдын алу.

1 - мақсаты. Құқықтық білімді насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, бойынша шараларды іске асыру, заңнаманы оқып білу бойынша сабақтар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіру барысы туралы халықты хабардар ету.

  1. мақсаты. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және Ар-намыс Кодексін бұзушылық санын азайту.

3– мақсаты. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.

1-міндеті. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсешілдікке жол беріп, адамдарды әбігерге салуды, мемлекеттік қызмет тұтынушыларымен үнемі «кері байланыс» орнатуды жолға қою.


3 Стратегиялық бағыт. Құжат айналымын одан әрі жетілдіру, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу.

1-мақсаты. Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу.

Мақсаттық көрсеткіштер: 2015 жылы электрондық құжат айналымын 100%-ға жеткізу;

Міндеті: Электрондық тасымалдауыштарда берілген кіріс және шығыс хаттардың қозғалыс тетігін жетілдіру.

Көрсеткіштер:

  • хаттарды мұқият зерделеу, бұрыштаманы дұрыс жазу;

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;

  • құжаттармен жұмыстың негізгі ережелерін оқыту бойынша оқу курстарын әзірлеу, семинарлар мен практикалық сабақтар өткізу.

Міндеті: Құжаттардың орындалу мерзімдеріне бақылау жасау.

Көрсеткіштер:

  • түсетін корреспонденцияға бақылау мен тәптіштелген талдау, орындалу мерзімі жөнінде оперативті еске салу мәліметтері;

  • орындалмаған немесе мерзімнің бұзылуымен орындалған құжаттарға талдау жасау.

2 - мақсаты. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап беру.

1- мақсаты. Халықпен және заңды тұлғалармен оларды толғандырастын мәселелерді шешу жөнінде жаңа жұмыс ормаларын енгізу.

4 стратегиялық бағыт. Халыққа және ұйымдарға электрондық қызмет көрсету.

1-мақсаты. е-әкімдік ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың және бизнес құрылымдарының жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметіне қол жеткізуін ұйымдастыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Мемлекеттік электрондық қызмет сапасын арттыру.

1 -мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың базалық инфрақұрылымын электрондық қызмет ұсыну және электрондық үкімет инфрақұрылымымен біріктіру деңгейіне дейін дамыту.

2 -мақсаты. Жерглікті атқарушы органдардың шаруашылық етуші субъектілермен және халықпен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану негізінде өзара байланысу тиімділігін арттыру.

3- мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың е-қызметін қалыптастыру және дамыту, оларға халықтың және бизнес құрылымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету.

4 -мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерін біріктіретін біртұтас ақапараттық кеңістік құру.

Ақсу ауданы әкімі аппаратының стратегиялық мақсаттары мен бағыттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен міндеттері

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары, оны жүзеге асыруға бағытталған аудан әкімі аппаратының қызметтері

Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық актінің атауы

1 Стратегиялық бағыт. Кадр саясаты

1.1. мақсат. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа бағыттағы кәсіби басшылардың ұйытқысын қалыптастыру

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, басқару аппаратының жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.

«Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы.
Елбасының 2008 жылғы 17 маусымдағы «Мемлекеттік қызметтің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ролі» атты халықаралық конференцияда берген тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы №41-8.116 іс шаралар жоспары.


2 Стратегиялық бағыт. Құқықтық біліктілігі мен құқықтық мәдениетін, нормативтік шығармашылық қызметінің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.


2.1 мақсаты. Құқықтық мәдениетін және заң шығарушылық қызмет сапасын арттыру.



Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы «Мемлекеттік органдардағы кадрлардың даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру шаралары туралы» № 1583 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» №1706 Қаулысы



2.2. мақсаты. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.


Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және Ар-намыс Кодексінің сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» №267-1 Заңы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» №453-1 Заңы

3 Стратегиялық бағыт. Құжат айналымын, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіру.

3.1.мақсаты. 2015 жылы құжат айналымын 100%-ға жеткізу.


Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкімет» даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысы

3.2. мақсаты. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді жетілдіру

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне уақтылы жауап беру

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221-111 Заңы.

4 Стратегиялық бағыт. Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызмет түрлерін ұсыну

4.1 мақсаты. е-әкімдік ақпараттық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар мен бизнес құрылымдарының жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметіне қол жеткізуін ұйымдастыру.


Мемлекеттік электрондық қызмет сапасын арттыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкімет» даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысы


4. Аудан әкімі аппаратының функциялық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер.
2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін төмендегі функциялық өзгерістер іске асырылады:

  1. Ұйымдастыру құрылымы, мемлекеттік қызметшілердің уәкілеттігі мен жауапкершілігі қайта қарастырылды. Ұйымдастыру құрылымы аппарат қызметінің логикасын көрсетумен қатар, ауданның стратегиялық даму бағыттарына сәйкес келеді. Аппараттың ұйымдастыру құрылымын оңтайландырудың негізгі нәтижесі оны қызмет ерекшелігіне сәйкестендіру болып табылады:

- аппарат ішінде нақты қызметі мен уәкілеттігін, жауапкершілігін бөлу есебінен нәтижеге қол жеткізу (мақсаттық көрсеткіштерге);

- аппарат ішінде басқару мен орындау деңгейінде тиісті регламент әзірлеу арқылы өзара тиімді әрекетті қамтамасыз ету есебінен;

- аппарат қызметкерлерінің стратегиялық міндеттер мен мақсаттарға қол жетуі жөнінде қызығушылығын тудыру үшін материалдық көтермелеу әдісін және қызметкерлердің қызмет нәтижелерін бағалау жүйесін енгізу есебінен.


  1. Аппараттың ішінде және оған бағынысты бөлімшелер арасында инфрақұрылым және жұмыс процестері ұйымдастыру құрылымымен, міндеттері мен уәкілеттіктеріне сәйкестендіріледі; оған:

- электрондық құжат айналымы жүйесіне негізделген іс жүргізу құжаттарды өңдеу уақытын едәуір азайтып, оны қарауды жеделдетеді;

- қызметтік және атқарушылық тәртіпті;

- аппараттың қажеттілігіне сәйкестігіне жүргізілген талдауға негізделген материалдық-техникалық жарақтандыру жүйесін жетілдіру есебінен ұстау және техникалық қызмет көрсету жатады.

3. Адамзат ресурстарын басқару апппарат қызметкерлерінің және оған бағынысты бөлімшелердің кәсіби деңгейін үнемі көтермелеу негізінде, кадрларды даярлау және қайта даярлауды жетілдіру, өз бетінше білім алу, еңбек жағдайын тудыру, атқарушылық тәртіпті арттыру, мемлекеттік қызметшілердің этикасын қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.


Ықтимал қатерлер

Аудан әкімінің аппараты өз қызметі барысында бірқатар орын алатын қатерлермен кездесуі мүмкін. Қатер көздеріне байланысты стандартты және ахуалдық арнайы шаралар орындалады. Негізгі қатерлер тізімі:



Қатерлер атауы

Ескертпелі шараларды қабылдамаған және (немесе) уақтылы шараларды қабылдамау салдарынан туындайтын жағдайлар

Тетігі және басқару шаралары

Стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарды тиісті мемлекеттік органдардың сапасыз орындауы

Алға қойған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізе алмау

Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын жүзеге асыруға және олардың уақытында нақты шаралар қолдануына жеке жауапкершілігін арттыру

Білікті мамандардың аппараттан кетуі

Ауданның негізгі мемлекеттік органының кәсіби мүмкіндігін төмендету

- кәсіби біліктілік деңгейіне қарай еңбек ақысын көтеру;

- біліктілігін арттыру;

- моралдық ынталандыру шаралары қолданылады.


Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты қаражаттың тиісті бюджеттік бағдарламаларға аз бөлінуі

Іс- шараның қаржыландырылмауы немесе қысқарып қалуы

Балама қаржыландыру көздерін іздестіру (техникалық көмек, гранттар).


5. Стратегиялық жоспарды жасауға негіз болған бағдарламалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер тізбесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасының Кодекстері

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңдары

1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» №453 Заңы.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» №267 Заңы.

3. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» №107 Заңы.

4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. тәртібі туралы» №221 Заңы

5. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» №96-IV Заңы.




Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің Ережесін бекіту туралы» №357 Жарлығы.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар қолдану Ережелерін бекіту туралы» №321 Жарлығы.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қантардағы «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын өткізу Ережелерін бекіту туралы» №327 Жарлығы.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату Ережелерін бекіту туралы» №1457 Жарлығы.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтің кадрлар резерві туралы» №1243 Жарлығы.

7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар намыс кодексі туралы» №1567 Жарлығы.

8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері лауазымдарын оңтайландыру туралы» №501 Жарлығы.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Концепциясы туралы» №1706 Жарлығы

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесін бекіту туралы»N 1367 Қаулысы

Бұйрықтар

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымды иеленуге конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы» № А-202 бұйрығы



2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2008 жылғы 9 қантардағы «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 02-01-02/5 бұйрығы

6. Бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік жоспарлау
2010 жылы аудан бюджетінде аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 44169,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде аудан әкімі аппаратын ұстауға 43283,0 мың теңге (122 001 000), материалдық техникалық жарақтандыруға 886,0 мың теңге (122 004 000)




БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР























































1 қосымша




























Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Ақсу ауданы әкімінің аппараты

 

 

 

 

 







Бюджеттік бағдарлама

(қіші бағдарлама)

120 001 000 " Жергілікті органдар аппараттары"

 

 

 







Сипаттама

Аудан әкімі аппаратын ұстауға (15 бірлік) бекітілген штат кестесіне сәйкес, оның ішінде:

  • Еңбекке ақы төлеу, өтемақы төлемдер, әлеуметткі салық және әлеуметтікк төлемдер:

  • Ғимараттарды ұстау және оларға шаруашылық қызмет ету, тауарларды, жабдықтарды және т.б. негізгі құралдарды сатып алу, іссапар шығындары, коммуналдық, көліктік, байланыс қызметтерге төлеу және басқа да шығындар.







Стратегиялық бағыттар

 Аудан мүдделері мен қажеттіктеріне сәйкес атқарушы билікті жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.   







Мақсат

Жүктелген функциялардың мейілінше тиімді жүзеге асырылуына жету үшін аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының қызметіне қажетті жағдайлар жасау.







Міндеттер

Әкімдік және аппарат жұмысшыларына қаржы, шаруашылық, әлеуметтік – тұрмыстық қызмет ету.









Көрсеткіштер







 

Көрсеткіштер атауы

Өлшеу, бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең







 

 

 

2009ж.

2010 ж.

2011ж.

2012 ж.

2013ж.

2014ж.

2015 ж.







Сандық көрсеткіштер

 

 

40691


43283


45651


50353


51906


54086

56419







Сапалық көрсеткіштер

Мемлекеттік қызметкерлер үшін тиісті еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау

 








Тиімділік көрсеткіштері

Аппараттың жұмыс сапасын көтеру, ауданның мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіруді жақсарту 







Нәтиже көрсеткіштері

Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануы 

 %













 













Бағдарламаны

жүзеге асыруға арналған шығындар

 

Мың теңге

0

0

0

0












2 қосымша



Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Ақсу ауданы әкімінің аппараты

Бюджеттік бағдарлама

(қосымша бағдарлама)

122 004 000 «Мемлекеттік органдарды материалдық – техникалық жарақтандыру»

Сипаттау

Аудан әкімі аппараратының материалдық – техникалық жарақтандырылуын жақсарту мақсатында негізгі қорларды сатып алу.

Стратегиялық бағыт

Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру

Мақсат

Аудан әкімі аппаратының жұмыс жасауы үшін қажетті жағдайлар жасау

Міндеттер

Ақсу ауданы әкімінің аппаратын материалдық – техникалық жарақтандыру

Көрсеткіштер




Көрсеткіш атауы

Өлшеу бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Сан көрсеткіштері

Қызметтік автокөліктерді сатып алу

бірлік


-

-

19360.0

-

-

-

-

Қажетті техникамен, құрал – жабдықтармен және жихазбен қамтамасыз ету

комп.














4282

4582




бірлік










3000







4903

Копьютерлік техниканы сатып алу

бірлік

887

886
















Сапа көрсеткіштері

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайын жақсарту, материалдық – техникалық базаны жақсарту, қажетті техникамен, құрал жабдықтармен сапалы, мерзімінде және үзіліссіз қамтамасыз ету.

Нәтиже көрсеткіштері

Материалдық техникалық қамтамасыз етудің пайызы

























Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған шығындар




























3 Қосымша

БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ




Өлшеу бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1. Қолданыстағы бағдарламалар, олардың ішінде:

Мың тенге






















Ағымды бюджеттік бағдарламалар

Мың тенге























122 001 003 «Жергілікті органдар аппараттары»

Мың тенге

40691

43283

45651

50353

51906

54086

56419

122 001 007 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру»

Мың тенге






















122 001 008 «Ғимараттарды, бөлмелерді, құрылыстарды күрделі жөндеу»

Мың тенге






















122 004 000 «Мемлекеттік органдарды материалдық – техникалық жарақтандыру»

Мың тенге

887

886




3000

4282

4582

4903

122003000

«Мемлекеттік органдарды материалдық – техникалық жарақтандыру»



Мың тенге







19360













Дамудың бюджеттік бағдарламалары

Мың тенге






















120 002 000 «Ақпараттық жүйелерді құру»

Мың тенге






















122 005 000 Әскери мұқтаждар жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар










495

530

567

607

649

122007000 Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар










783

838

897

960

1027

Барлығы шығындар:

Мың тенге


41578

44169

66289

54721

57652

60235

62998




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет