Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 02-03 ақпан аралығында жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытынды анықтамасы



Дата05.02.2024
өлшемі37 Kb.
#490931
Зерделеу


Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 02-03 ақпан аралығында жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ

Мектепішілік зерделеу жұмысы барысында 7 пункт бойынша мұғалімдердің құжаттары тексерілді.



  1. Мұғалімнің жылдық жоспары бойынша мектеп-лицейі бойынша барлық мұғалімдерде жоспар жоқ екендігі анықталды.

  2. Оқуға ынтасы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары бастауыш сынып мұғалімдерінде бар, бірақ талапқа сәйкес келмейді. Жоғары сынып, яғни 5-11 сынып мұғалімдерінде олқылықпен жұмыс жоспарлары жоқ.

  3. Үлгерімі жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары (оқушыларды олимпиадаға дайындық кестесі, оқушылар тізімі) мектеп бойынша ешқандай мұғалімде жоқ. Алайда 10-11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінде ҰБТ-ге дайындық жоспары, жұмыстары бар.

  4. Үйден оқитын оқушылармен атқарылған жұмыстарын, құжаттарын тексеру барысында динамикалық бақылау күнделігі бекітілмегендігі, талапқа сай толтырылмағанды, ата-анамен байланыс жасалмағандығы, мектеп басшысына бекітілмегендігі және шнурланбағандығы анықталды. КТП титул бетінде үйден оқитын оқушының аты-жөні жызалмаған.

  5. Сабаққа ену дәптерін тексеру барысында мұғалімдердің нормаға сай өзара сабаққа енбегендері анықталды. Өзара сабаққа қатысу нормасы айына 4 сабақ.

  6. КТЖ, ҚМЖ және электронды күнделіктегі тақырыптардың сәйкестігін тексеру барысында титул парағындағы бұйрық нөмерлері ескі, жаңартылмаған, сағат сандары оқу бағдарламасына сәйкес емес, КТЖ-дағы күндерімен Күнделіктегі күндері сәйкес келмейді. КТЖ-да күндері кейбір мұғалімдерде қойылмаған және кейбір мұғалімдердің КТЖ-ны жөндегені, бояғандары анықталды. тереңдетілген сыныптардың оқу бағдарламалары талапқа сәйкес емес (2010 жылғы бұйрық, 2017 жылғы бұйрықтар және Н.Назарбаевтың жолдауын жазып қойған).

  7. Тәрбие жұмыс жоспарларын тексеру барысында ата-анамен, ер балалармен және қыз балалармен жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың жоқ екендігі анықталды.

  8. Зерделеу кезінде құжат ұсынбағандар: М.Айтбаева; Г.Мансұрова; А.Уразбахов.

  9. Өрескел қателік жібергендер:

  • қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Талқанбаева Мерекенің үйден оқитын оқушыға жасалған КТЖ-ы штрихталған, екі бетіне шығарылған, жыртылған, сызылған, лас;

  • ағылшын тілі пәні мұғалімі Қойшыбай Нұрсауленің Күнделікке КТЖ-ы салынбаған, сабаққа ену дәптері жоқ, тәрбие папкасы ұсынылмады,

  • химия пәні мұғалімі Қоңыратбаева Жансаяның КТЖ-да күндері мүлдем қойылмаған, сабаққа енуі нормадан аз, Күнделікті толтыруында қателіктер бар, уақытылы толтырылмаған.



Зерделеу тобының мүшелері:
_______________С.Сержанұлы
_______________Г.Зікір
_______________А.Асқарова
_______________Б.Рахменов
_______________А.Кульмырзаева
_______________С.Абайділдаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет