«Атқа міну мәдениетінің генезисі». дайындаған ‘’Дефектология’’факультетінің студенті Жанарбек Жұлдыз



Дата30.06.2023
өлшемі4.63 Kb.
#475472
«Атқа міну мәдениетінің генезисі»-emirsaba.org


«Атқа міну мәдениетінің генезисі»

«Атқа міну мәдениетінің генезисі».

дайындаған ‘’Дефектология’’факультетінің студенті Жанарбек Жұлдыз

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерін­де ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі­зіл­ген қазба жұмыстары жылқы­ның тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аума­ғын­да қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.


Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды.
Ол өзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазыл­ған күнделігін «Из Сибири» еңбе­гінде жариялады. Бұл еңбектің «Тюрк­ские степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айты­лады.
В.В.Радлов «Тюркские степные кочевники» атты еңбегінде қазақтар аттың үстіне отыруды бала кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз» деп жазды
Ат үстінде жүрген көшпенділер неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз жəне неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Ер қанаты – ат демекші, аттың үстінде еркін отыруды үйренген сарбаз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді.
Қазақ мәдениетін ХІХ ғасырда келген көптеген шетелдіктер зерттеді. Дегенмен, солардың ішінде В.В.Радловтың зерттеулерін қазақ этнографиясы, оның ішінде атқа міну мәде­ниеті туралы толығырақ жазылған еңбек деп бағалауға болады.
Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда қанатты тұлпар бей­неленуінің сыры осында. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде атакәсібіміз – жылқы шаруашылығын дамыту қайта­дан қолға алынып отыр.
Назарларыңызға рахмет!
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет