Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Отыз бірінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِّنَ الأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُواْ بِهِ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَى أُولِي الأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنبِطُونَهُ مِنْهُمْ وَلَوْلاَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لاَتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلاَّ قَلِيلاً ﴾
«Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің ішіндегі ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын оны зерттей алатындар білер еді. Егер сендерге Алаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» («ән-Ниса» сүресі, 83-аят).
(Ол) сондай-ақ былай деді:
﴿ ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ لَمْ يَكُ مُغَيِّرًا نِّعْمَةً أَنْعَمَهَا عَلَى قَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنفُسِهِمْ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴾
«Міне, Аллаһ бір қауымға берген нығметін олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында, Аллаһ Толық Естуші, Аса Білуші» («әл-Әнфал» сүресі, 53-аят).
(Аллаһ Тағала) тағы да былай деді:
﴿ أَوَلَمَّا أَصَابَتْكُم مُّصِيبَةٌ قَدْ أَصَبْتُم مِّثْلَيْهَا قُلْتُمْ أَنَّى هَذَا قُلْ هُوَ مِنْ عِندِ أَنفُسِكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ ﴾
«Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. (Мухаммад,) оларға: «Ол өз пиғылдарыңнан», - деп айт. Шәксіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жетуші» («Әли Имран» сүресі, 165-аят).
Әрі (Ол былай деп те айтты):
﴿ وَيَا قَوْمِ لاَ يَجْرِمَنَّكُمْ شِقَاقِي أَن يُصِيبَكُم مِّثْلُ مَا أَصَابَ قَوْمَ نُوحٍ أَوْ قَوْمَ هُودٍ أَوْ قَوْمَ صَالِحٍ وَمَا قَوْمُ لُوطٍ مِّنكُم بِبَعِيدٍ ﴾
«Әй, халқым! Маған қарсы келулерің сендерге Нух қауымының, не Һуд қауымының, немесе Салих қауымынының бастарына түскен нәрселерді келтірмесін! Сондай-ақ Лұт елі де сендерден алыс емес» («Худ» сүресі, 89-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ لَّيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ مَن يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلاَ يَجِدْ لَهُ مِن دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلاَ نَصِيرًا ﴾
«(Әй, мүшриктер!) Бұған сендердің армандарың арқылы да, Кітап иелерінің армандары арқылы да қол жеткізуге болмайды. Кім жамандық істесе, сонысы үшін жазасын алады әрі өзі үшін Аллаһтың орнына қамқоршы да, жәрдемші де таба алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 123-аят).
Тағы былай деп:
﴿ وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا شَيَاطِينَ الإِنسِ وَالْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ زُخْرُفَ الْقَوْلِ غُرُورًا وَلَوْ شَاء رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ ﴾
«Осылайша, Біз әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан белгіледік. Олар алдап, бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Егер Раббың қаламағанда, олар бұлай жасамас еді. Оларды өз ойларынан шығарған (өтірік) сөздерімен бірге қалдыра сал» («әл-Әнғам» сүресі, 112-аят).
Және былай деп:
﴿ وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ أَكَابِرَ مُجْرِمِيهَا لِيَمْكُرُواْ فِيهَا وَمَا يَمْكُرُونَ إِلاَّ بِأَنفُسِهِمْ وَمَا يَشْعُرُونَ ﴾
«Сөйтіп әр кентте, онда айлакерлік қылулары үшін, оның бұзықтарын бастық қылдық. Алайда олар өздеріне ғана айлакерлік жасайды, бірақ мұны өздері аңғармайды» («әл-Әнғам» сүресі, 123-аят).
(Аллаһ Тағала) сондай-ақ (былай деді):
﴿ وَكَذَلِكَ نُوَلِّي بَعْضَ الظَّالِمِينَ بَعْضًا بِمَا كَانُواْ يَكْسِبُونَ ﴾
«Осылайша, залымдардың істегендері себепті, бірін-біріне үстем қыламыз» («әл-Әнғам» сүресі, 129-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ إِنَّ الَّذِينَ اتَّخَذُواْ الْعِجْلَ سَيَنَالُهُمْ غَضَبٌ مِّن رَّبِّهِمْ وَذِلَّةٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَكَذَلِكَ نَجْزِي الْمُفْتَرِينَ ﴾
«Күдіксіз, сондай бұзауға құлшылық жасағандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, олар дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Ойдан өтірік шығарушыларды осылайша жазалаймыз» («әл-Әғраф» сүресі, 152-аят).
Әрі былай деп айтты:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ عَلَيْكُمْ أَنفُسَكُمْ لاَ يَضُرُّكُم مَّن ضَلَّ إِذَا اهْتَدَيْتُمْ إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ﴾
«Әй, мүміндер! Өздеріңді түзетіңдер. Егер тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарың Аллаһқа ораласыңдар. Сонда Аллаһ сендерге не істегендеріңнен хабар береді» («әл-Мәида» сүресі, 105-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Аллаһ Тағала: «Өздеріңді түзетіңдер. Егер тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды», - деді («әл-Мәида» сүресі, 105-аят). Бұл аят жақсылыққа бұйыруды және жамандықтан тыюды тастау керек дегенді білдірмейді. Бұл танымал хадисте келгендей, (бірде) Абу Бакр әс-Сыддиқ (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінберінің үстінде тұрып былай деді: «Әй адамдар, сендер осы аятты оқисындар, бірақ оны дұрыс түсінбейсіңдер. Ақиқатында, мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Егер адамдар айыпты нәрсені көріп, соны түзетпесе, онда Аллаһ көпке созбай олардың барлығына келіп тиетін жаза жібереді» (Ахмад, 1/2, 5, 9)». Сондай-ақ Абу Са‘ләба әл-Хушаниден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисі: «Егер сен (адамдар) соған бағынатын ашкөздікті және (адамдар) соның жетегінде кететін құмарлықты, әрі әрбір пікір иесі өз пікіріне разы екенін көрсең, онда өз жаныңды ойлауың қажет», - деген хадисі де (Хадис әлсіз. Қз.: «Силсилә әд-Да‘ифа», 1025). Әрі мұны Абу Са‘идтің хадисі түсіндіріп береді. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер сендердің біреуің айыпты нәрсені көрсе, мұны өз қолымен өзгертсін (түзетсін), ал егер қолымен (түзетуге) шамасы жетпесе, онда тілімен (түзетсін), ал егер тілімен (түзетуге) шамасы келмесе, онда жүрегімен (түзетсін), әрі бұл иманның ең әлсіз көрінісі» (Муслим, 49).
Күнәһарлар күшке ие болып, ізгі-салиқалы адамдарға құлақ салуды қойса, олар өздеріне айыпты нәрселер (істеуге) тыйым салатын кісілерге зиян тигізсе, онда адамдардың мойнынан тілмен сөгіс білдіру міндеті түсіп, тек жүрекпен сөгіс білдіру (міндеті) ғана қалады. Алайда бұл аяттан алынатын ұлы пайдалар бар:
Біріншіден, аят мүмин адамның кәпірлерден және екіжүзділерден қорықпауы керек екендігіне, өйткені егер ол тура жолға ілескен болса, онда олар оған зиян тигізе алмайтынына нұсқайды.
Екіншіден, мүмин кісі адасушылыққа түскендер үшін қайғырмауы және кейімеуі қажет. Ақиқатында, егер ол тура жолға түскен болса, олардың күнәлары оған зиян тигізбейді. Ал өзіңе зиян тигізе алмайтын нәрсе үшін қайғыру босқа қайғыру болып табылады. Бұған Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «(Мухаммад,) ендеше, сабыр ет! Сабыр етуің – Аллаһтан ғана (мәрхамет). Оларға кейіме де, олардың істеген мекерліктеріне тарылма!» («ән-Нәхл» сүресі, 127-аят).
Үшіншіден, мүмин адам оларға қарай аумауы және оларға берілген білік пен мал-мүлікке қызығып-еліктемеуі керек. Аллаһ Тағала былай деді: «Кәпірлердің кейбіреулеріне Біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа» («әл-Хижр» сүресі, 88-аят). Аллаһ Тағала олар үшін қайғыруға және олардың қолындағы нәрселерге ұмтылуға тыйым салды. Аллаһ Тағала олардан қорқуға тыйым салды.
Төртіншіден, күнәһарларға шариғат бекіткеннен артық нәрсемен қастандық жасауға болмайды. Бұл оларға деген жек көрушілікке, оларға сөгіс білдіруге, оларға әлдебір нәрселерді тыйым салуға, бойкот жасауға, жазалауға және т.с.с. қатысты. Аллаһ Тағала бұл аятта: «Өздеріңді түзеңдер», - деді. Ал басқа аятта Ол: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер», - деп айтты («әл-Мәида» сүресі, 8-аят). (Ол) сондай-ақ былай деді: «Сендерге қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят). Әрі былай деді: «Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят).
Расында, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюшылардың көбі не надандықтың себебінен, не әділетсіздіктің себебінен Аллаһ Тағаланың шегін бұзып жатады. Әрі бұл жерде олардың кәпірлерді сөгеді ме, екіжүзділерді ме, әлде күнәһарларды ма – мұның айырмашылығы жоқ.
Бесіншіден, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю шариғаттың негізінде жасалады. Бұл білімнің, жұмсақтықтың, сабырлықтың, дұрыс ниеттің және орташылдықтың негізінде жасалады.
Міне, бұл – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыятындар осы аяттан алуларына болатын бес нәрсе.
Бұл аятта тағы бір мән-мағына бар. Адам білім талап етуде және амал жасауда ең бірінші кезекте өзін ойлауы керек. Ол өзіне қатысы болмаған нәрселерден теріс бұрылуы қажет. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамның Исламды жақсы танытуынан – бұл оның өзіне қатысты болмаған нәрседен бас тартуы», - деген ғой (әт-Тирмизи, 2317; Ибн Мәжаһ, 3976). Бұл, әсіресе, адамның әлдебіреудің діндарлығы немесе дүние тіршілігі туралы білуге шектен тыс ұмтылуы. Әсіресе, егер ол біреу туралы көреалмаушылық себепті немесе жетекші болуды қалап сөйлейтін болса. Не бұл адам – залым, не ол – айналысатын ешқандай тірлігі жоқ ақымақ. Әрі қаншалықты жиі шайтан осыны адамға ол жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюмен айналысып жатқандай етіп, Аллаһтың жолында жиһад жасап жүргендей етіп көрсетеді, ал шын мәнінде бұл озбырлық пен қастандық болып табылады. Аят туралы ой қозға, сонда сен онда адам үшін көптеген пайдалы нәрселер табасың!
Егер сен үммет ішінде ғалымдар, қарапайым құлшылық етушілер, әмірлер мен көшбасшылар арасында орын алған келіспеушіліктерге көз салсаң, бұл не бұрыс түсінудің негізінде орын алатынын, немесе мүлде осынсыз орын алатынын көре аласың. Мысалы, жәхмилер Сүннетті ұстанушыларға, әсіресе, имам Ахмадқа Аллаһ Тағаланың сипаттары мәселелерінде және Құран мәселелерінде қастандық жасады. Осылайша, бидғатшылар сүннет имамдарына өте жиі қастандық жасайтын. Мысалы, насыбилер ‘Али мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отбасына қастандық жасады. Немесе Аллаһты жаратылыстарға ұқсататындар (мушабиһа) Аллаһты (жаратылыстарға) ұқсатудан тазартатындарға қастандық жасады. Немесе сүнниттердің кейбіреулері бір-біріне қастандық жасап жатады. Немесе сүннетті ұстанушылар бидғатшыларға қатысты артық кетіп жатады. Бұл артық кетушілік туралы Аллаһтың мына сөздерінде айтылады: «Раббымыз! Біздің ісімізде жіберген күнәларымыз бен артық кетушіліктерімізді кешіре гөр» («Әли-Имран» сүресі, 147-аят). Басқа жағынан бұған адамдардың ақиқатқа қатысты, оларға жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюдан не бұйырылған болса, соған қатысты кемшілік жіберулері қарама-қарсы тұрады. Кейбір сәләфтар мынандай керемет сөздер айтқан: «Аллаһ не бұйырса да, шайтан міндетті түрде бұған екі нәрсені қарама-қарсы қояды: не шектен шығушылық, не кемшілік жіберу».
Күнәлар мен қылмыстар жасауға көмектесетін (шектен шығушыға) игі және тақуа іс-амалдар жасауға көмектеспейтін (кемшілік жіберуші) қарама-қарсы келеді. Немесе өзіне парыз етілгенді орындап, бірақ сонымен бірге көптеген харам нәрселерді де істей беретін (шектен шығушыға) көп харам нәрселерді істемейтін, бірақ сонымен бірге өзіне парыз етілген кейбір нәрселерді орындамайтын (кемшілік жіберуші) қарама-қарсы келеді. Аллаһ Тағала бізді тура жолға салсын! Одан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 14/479)..
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 31-ереже.
Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.
Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |