Ақтау-2023 Инклюзивті білім беруді өзектендіру мәселелері



бет1/3
Дата29.11.2023
өлшемі15.34 Kb.
#484827
  1   2   3
Инклюзив ОБӨЖ 2


Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті


ОБӨЖ №2
Тақырыбы: Әлемде және Қазақстанда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша БАҚ материалдарын іріктеу. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу бойынша мектеп мұғалімдеріне ұсыныстар әзірлеу.

Орындаған: УВПМНО-23 тобының
студенті Нұрлыбаева Көркем
Ақтау-2023
Инклюзивті білім беруді өзектендіру мәселелері
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның ,отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз-барлық балаларды ,соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,жынысына,шығу тегіне,дініне,жағдайына қарамай,балаларды айыратын кедергілерді жоюға,ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланы түзеу –педагокикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау жасау,қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру,яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
ҚР Білім туралы заңында [1], «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» [2] жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып ,қамқорлық көрсету басты назарда болатыны айтылды.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасында [3] «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын,олардың мектепке дейінгі тәрбие ,оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Инклюзивті оқыту-ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар,пандустар,санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату,тұтқалармен,арнайы парталармен,үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құру жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың,балаларды психологиялық-педагикалық сүйемелдеудің,арнайы және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.Үйде білім алатын мүгедек балалар,жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы.Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау,олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген дұрыс, Атап айтқанда:
-жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы [4]
Инклюзивті білім беру мәселесі шетелдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа елдерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктерді шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
-әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс
- әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мүқтаждықтары болады.
-білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мқұтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің 8 принципі туындайды.Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құобы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекет жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілкке, қайрымдылыққа тәрбилей аламыз.
«Психологиялық түзету- дамыту жұмысы арқылы бойындағы даралық қабілеттерді қалыптастыру емес жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет.Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді»- деп Г.А.Цукерман айтқандай оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп жалпы психикасы жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын- тренингтер, сауалнама, ойын терапия өткізудің маңызы зор.
Мүмкіндіктері шектеулі және психикалық ауытқушылығы бар балаларға тәрби жұмысында әдістерді тандап алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелгін еске алған жөн. Қорыта айтқанда, инклюзивті білім беру дегеніміз- қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет