«Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі»
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғары әзірлігі болып табылады»-деп атап көрсетілген. Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе? Бірақ, әр мұғалім өз ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман-уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері, этикасы жоғары мұғалім қажет. Педагогикалық этика педагогтің адамгершілік қызметінің сипатын және кәсіби ортадағы адамгершілік қарым-қатынасын зерделейді. Баланы тәрбиелеу және оқытумен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың ортасында қалыптасқан қарым-қатынасының спецификалық ережесі, мінез-құлық мәнері және т.с.с. жиынтығын білдіретін педагогикалық этикет негіздері жасалады.
Кәсіби педагогиканың негізгі міндеті — өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қазіргі қоғамдағы нақты, әрі өзекті мәселелерді шешуге бағыттау болып табылады. Педагогтің кәсіби міндетіне білімі мен шығармашылығын үнемі дамытып отыру, өз-өзіне талап қоя білу, ата-аналар мен балаларға сыйластықпен қарап, мектептің қиыншылықтарын дұрыс шешу сияқты міндеттер кіреді.
Кәсіби-педагогикалық мәдениет мәнін ашпас бұрын, ең алдымен,«кәсіби мәдениет» пен «педагогикалық мәдениет» түсініктеріне тоқталу қажет. Кәсіби мәдениеттің бөлінуі арнайы іс-әрекет түрлерінің дамуына байланысты болды. Мамандық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде күрделі құрылымға ие: оның пәні, құралы, кәсіби әрекетінің нәтижесі бар, олар: мақсат, құндылықтар, нормалар, әдістер, әдістемелер, үлгілер. Тарихи даму процесінде мамандық та өзгереді. Кейбіреуі жаңа әлеуметтік мәдени формаға ие болады, екіншілері – аса көп өзгермейді, үшіншілері – жойылып кетеді, төртіншісі – бірнеше өзгерістен өтеді. Кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерінің дамуымен сипатталады, яғни кәсіби ойлаудың дамуымен.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:
1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.
2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.
3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.
4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.
Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар: аксиологиялық, технологиялық, жеке бастық-шығармашылық.
Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады. Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылықпен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі. Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім-түсіндіреді. Керемет мұғалім- көрсетеді. Ұлы мұғалім- шабыттандырады» дегендей, Мен өзімді жаңа формациядағы мұғалім ретінде елестете отырып, болашақта жеті модульді сабақ барысында толық қолдана алатын, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, топта жұмыс жасай білуге, білімдерін өзара бағалай білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға дағдыландыратын, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиісінше қолдана білетін мектептің жүрегі ретінде елестетемін. Әлем білімді қажет еткен заманда, балаға дұрыс білім беру қажет. Ал білімді арттыру- ұстаздың қолында. Дәл осы «Жастар жылында» жас мұғалімдер мен басқа мамандық иелері де жаңа идеяларымен білімге өз үлесін қосады деген сенімдемін. Ол үшін ҮЛГІ АЛ. БІЛІМДІДЕН ҮЙРЕН. ЕҢБЕК ЕТ. ІЗДЕН. ІЗДЕНДІРУ ЖОЛЫН ИГЕР. ЖАҢАЛЫҚ АШ. ТӘЖІРБИЕ АЛМАС
«Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім» деп Ы. Алтынсарин айтқандай
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ., Табылдыев Ә. Әдеп және жантану, Алматы, Қазақстан, 1994.
2. Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998
3. Н.А.Назарбаев К экономике знаний через инновации и образование: послание Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана. – Астана, 2006.
4. Б.И. Додонов Эмоция как ценность.– М., 1978.
5. Общая и профессиональная педагогика// В.Д. Симоненконың ред.бойынша– М., 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |