Атауларының лингвистикалық сипаты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.12.2023
өлшемі7.13 Mb.
#487544
  1   2   3   4
Өлшем бірлік



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ӨЛШЕМ БІРЛІК 
 АТАУЛАРЫНЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Орындаған: Сəбит А, Мақсат Ж,
Əбдірасил Е, Сейтбек А, Мұхтарбекова А
Қабылдаған: Көпбаева М.Р.


Жоспар
01
К р спе
02
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
03
УАҚЫТ, КЕҢІСТІКТІК ЖӘНЕ САН
ӨЛШЕМДЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
04
05
 
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ «ҰШҚАН ҰЯ»
ШЫҒАРМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН
ХАЛЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕР
06
ҚОРЫТЫНДЫ
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ӨЛШЕМ АТАУЛАР
Ы


Жоба жұмысының өзектілігі. Кез келген ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені бейнелеу тәсілі бар. Тіл жүйесінде сол ұлттың рухани
ерекшелігі, тыныс-тіршілігі, сезімі, дүиетанымы, адамдардың өзара қатынасы, құндылықтарды түсінуі мен қабылдау түрлері
өрнектеледі. 
КІРІСПЕ
Жоба жұмысының тақырыбы. Ғылыми зерттеуде қазақ тіліндегі халықтық өлшем атаулары жинақталып,
қолданысына қарай түрлі мағыналық топтарға бөлініп көрсетілген. Сандық ұғымдағы сөздердің мағынасы
жан-жақты талданып, олардың кейбірінің мағыналары, шығуы туралы түсінік берілген. Оның тәжірибе
жүзінде қолданылуына Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы өлшемдік атаулар мысал ретінде
жинақталған.
 Жоба жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – қазақ тіліндегі өлшемдік ұғымда қолданылатын
сөздерді жинап, бір ізге түсіре отырып, олардың шығу уәжін халықтың дүниетанымы негізінде ғылыми тұрғыдан зерттеу,
талдау.Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды: 
 - қазақ тіліндегі өлшем атауларын жинау, оларды мағыналық топтарға бөліп, жүйелеу;
 - өлшем атауларының мағынасын, этимологиясын ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
 - өлшем атауларын қазақ халқының дүние-танымымен, тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен тығыз байланыста зерттеу; 
 - қазақ тіліндегі сандық ұғымдардың қолданысын тіл материалдарынан жинау.


Халықтық өлшемді білдіретін ұғымдар қазақ тілі лексикасының бір бөлшегін құрайды. Ертедегі ата-бабаларымыздың ата-
кәсіпті игерген шаруашылығы өмірінің негізінде қалыптасып, халық жадында сақталған осы атаулар сырында тіл тарихы мен
халық мәдениетін танудың ізі жатыр.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері екі нәрсеге баса қатал қараған. Оның бірі – тіл, екіншісі – әдет-ғұрып. Тіл қарым-
қатынастың ғана құралы емес, әр халықтың тарихы, өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті. 
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен оның тұрмыс-тіршілігінің қызықты салаларының бірі болып саналады. Өйткені оны
ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Олар тым ерте кезеңдерден
қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай, өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір
тәсілі болып саналады. Халықтық өлшем ұғымдары лексикамыздың қомақты бір саласын құрай отырып, халықтың мәдениетін,
этнографиясын тануға кең жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет