Атырау қаласы Жұмыскер кенті
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі
Сабиева Клара Ұзақпайқызы
5-ші сыныптар арасында өткізілген « Озық ойлы оқушы» атты сайыста әр тақырыпқа есептер шығару,тестілік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу көзделді. Осы сайыс барысын ұсынып отырмын.
« Озық ойлы оқушы»
Ойынның мақсаты:
-
Әр тақырып бойынша қайталау есептерін шығара білу.
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа , дәлдікке тәрбиелеу.
-
Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту.
Ойынның көрнекілігі: слайд «Озық ойлы оқушы», тест сұрақтары, калькулятор, қызыл және жасыл үстелдер, әділқазыларға арналған ұпайлар жазылған карточкалар .
Ойынның барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ең алдымен сыныптан екі оқушы шығарып , оларға екі қорапты таңдап, қораптың астынан шыққан қызыл немесе жасыл түсті галстук тағып, сол түске сай үстелге жайғастыру.
Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру.
ІІ. «Бәйге» Оқушыларға математикалық сұрақтар қойып,олардың математикалық білімдерін сынайық. Әр жауапқа 10 ұпай.
-
Қай сан үлкен: 33,42 және 33,456
-
50-ді ½ -ге бөліп, 3-ті өоссаңдар,нәтижесі қанша шығады?
-
Төрт ағайындының әрқайсысында бір-бірден қарындасы болған. Бұл үйде қанша бала болған?
-
Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады?
-
700 санының 1 % ?
-
Бөлшекті қысқарт:
ІІІ. «Полиглот» (Жауаптар үш тілде ғана қабылданады)
-
х(х-2)=63 теңдеуінің түбірі
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
-
7 қауіпке -...
-
Бабасы ескенді, ... орады
-
Тіс- ... қамалы.
-
Берген сауап –садақа, қасиетті ...
IV. «Көкпар» (Әр сұраққа жылдам-жылдам жауап беру керек. )
-
а+в=в+а теңдігі нені білдіреді?
-
Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең.
-
Күн көзі жылына неше рет шығады?
-
Түзудің ұштары болады ма?
-
Жазықтықтың шегі болады ма?
-
Кесінді тұйықталған ба?
-
Сәуленің ұшы болады ма?
-
Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді?
V. «Жанды сұрақтар» (Оқушыларға тест беріледі)
1. Сылыстыр: 0,03 пен 0,036
а) 0,03 ˃0,036 ә) 0,03= 0,036 б) 0,03≥ 0,036 в) 0,03 ˂0,036
2. Ондық бөлшек түрінде жаз:
а) 8,0076 ә) 8,076 б) 8,76 в) 8,7
3. Жай бөлшек түрінде жаз: 95,076
а) ә) б) 95 в)
4. Процентті ондық бөлшек түрінде жаз: 225%
а) 2,25 ә) 2,025 б) 2,0025 в) 2,2
5. 1234567-98765=?
а) 1135800 ә) 1135802 б) 11358022 в) 1135803
VІ. «Көрермендер ойыны» (Көрермендерге жаңылтпаштарды қайталап, оқушыларға 10 ұпай сыйға тарта алады)
1.Мына алты ақ алма
Нұрбибі мен Жанарға
Үш сарысы – Анарға
Қызыл алма – Манарға
Қанша сонда бар алма?
2. Есет атам ет асатар
Ет асатса бес асатар
3. Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?
VІІ. «Жорға» (Жауапты 10 секунд ішінде беру қажет)
Қызыл үстелге:
-
Тіктөртбұрыштың неше қабырғасы бар?
-
6-9
-
90 о тан кіші бұрыш
-
30,40 және 60 сандарының ең кіші еселігі
-
барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш
-
1 %-ы 6-ға тең сан
-
Қайсысы жай бөлшек: 105
-
16 санын бірдей екі бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жаз
Жасыл үстелге:
-
Шаршының неше қабырғасы бар
-
9-5
-
90 о тең бұрыш
-
12,18,36 сандарының ең үлкен бөлгіші
-
Үш қабырғасы тең үшбұрыш
-
300 санының 7 %
-
Қосылғыштың орындарын ауыстырғанда ...
-
Қайсысы ондық бөлшек: 47 36,8
Жеңімпазда марапаттау: Олар жайлы төреші сөзі
Көрермендер өздерің
Ақ қарасын айырып
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл жарысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге мың рахмет
Ендігі сөз әділқазы алқасына беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |