Ақтөбе қаласы білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы. №371 «18» 05 2010 ж. Медициналық кабинеттер қызметкерлерін



Дата03.07.2016
өлшемі44 Kb.
#175801
Ақтөбе қаласы білім бөлімі бойынша

БҰЙРЫҚ
Ақтөбе қаласы. № 371 «_18___» ___05______2010 ж.
Медициналық кабинеттер қызметкерлерін

қатаң бақылауға алу туралы
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының 29.04.2010 ж. № 1-9/1537/1-3 хаты негізінде

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
Құрайлы поселкесі, Абай көшесі, 95 үйде тұратын, азамат С.Тащанованың арызы бойынша комиссиялық тергеу барысында, Құрайлы поселкесіндегі Георгиев орта мектебінің медбикесі Хайруллина А., дәрігердің бақылауынсыз және тубсынама диагностикасын дәрігердің рұқсатынсыз өткізгені анықталды, 2010 жылдың 8 ақпанында арызданушының қызына және басқа да оқушыларға Манту реакциясын өзі жүргізген, осы шаралар жүргізілуі туралы ата-аналарына хабарламаған. Нәтижесінде қыз балада аллергиялық реакция пайда болып, соңы дерматитке асқынып кеткен. Осыған байланысты:

1.Мектеп директорларына:

- медициналық кабинеттер қызметкерлерін қызметтері қатаң бақылауға алынсын;

- медициналық кабинеттер қызметкерлердін қызметтері заңнамалық құжаттарға сәйкес жүргізілсін,

- жалпы білім беретін мектептер оқушыларының ата-аналары профилактикалық және басқа да емдік шаралар жүргізілер кезінде хабарландырылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау қалалық білім бөлімінің орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.




Ақтөбе қаласы білім

бөлімінің бастығы А.Арынғазиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет