Ақтөбе қаласы



Дата15.07.2016
өлшемі154.47 Kb.
#200470
Ақтөбе қаласы,

Ақтөбе медициналық колледжі

биология пәнінің оқытушысы

Муканбеткалиева Манар Муратовна
Тақырыбы: Ұл қыз азбасын, ұрпақ тозбасын
Мақсаты: 1.Студенттерге зиянды заттардың адам денсаулығына тигізер залалы және осындай зиянды заттардың адам ағзасында түрлі аурулар тудыратыны туралы түсінік беру.

2. Студенттерге зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

3. Студенттердің таным қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты стенд газеттер, тақырып жазылған плакат, мультимедиалық проектор, слаид материалдары.

Сыныптан тыс шараның құрылымы:
1.Темекі шегу - насыбай ату қатерлі дерт.

2.Арақ атадан қалған ас емес.

3.Ажалмен ойнама айналайын.
Бастау

1 жүргізуші:

Армысыз ұлы ұстаз, үлкен кіші

Көңіл шіркін, қырмызы дала гүлі.

Салауатты өмірдің сара жолы.

Естілгендей ап-айқын заман үні.
2 жүргізуші:

Кеш жарық!

Аға-іні, құрбы-құрдас, жалын жастар.

Баршамызға лайық бүгінгі кеш.

Салауатты өмірдің әнін бастар.

1 жүргізуші:

Президент салған айқын жол, нақты жолдау.

Салауатты өмірдің салтын қолдау

Ғасыр дерті, қасірет шекпегейсің,

Бар талантты еліңе, халқыңа арнау.

2 жүргізуші:

Денсаулық - ол тазалықтың кепілі,

Денсаулықсыз саулығыңның кемтігі.

Ел дегей-ақ есірткіге айналмай,

Әрбір соққан жүрегіңнің лүпілі.


1,2 жүргізуші:

Жаңа ғасыр қымбатты-ақ асқарымен,

Көңіл шіркін, құлазиды тасқанымен.

Зиянды зат пен алдында қасіреттің.

Біз келеміз әлі де-ақ жасқанумен.
Сыныптан тыс шара 3 бөлімнен тұрады.
1.Темекі шегу - насыбай ату қатерлі дерт.

2.Арақ атадан қалған ас емес.

3.Ажалмен ойнама айналайын.

1-бөлім

1.Темекі шегу - насыбай ату қатерлі дерт
1-жүргізуші:

Өкпені улап, темекімен ыстаған,

Оны жөтел булықтырып қыстаған.

Бүлдіршіннің ертеңгісі не болмақ?!

Жаңа қадам, жаңа өмір бастаған.


2-жүргізуші:

Қаншама ауру темекіден басталған.

Бар әлемде қаншама көзден жас тамған.

Жасөспірім никотин мен уланып,

Жас ғұмыры аяқ асты тапталған.
1-Бөлім
«Темекі шегу, насыбай ату-қатерлі дерт»

(темекінің қорабын ортаға алып шығады)


1-оқушы:
Темекіні Еуропаға алғаш әкелген Американы тұңғыш ашқан теңіз саяхатшысы Христофор Колумб болды. Колумб серіктестерімен Испанияға оралған уақытта өздерімен бірге темекінің шағын қорабын ала келумен қатар, оны тарта білуді де үйреніп қайтқан.

1496 жылы темекінің ұрығы бұл елге әкелініп, сәндік өсімдік ретінде, ал кейіннен қолдан өсіріліп, шылым ретінде пайдаланылды.


2-оқушы
Адам ағзасына зиянын тигізетін улы заттардың бірі- никотин. Никотин деп аталу себебі Францияның Португалиядағы елшісі Жан Никко франциядан арнайы әкеледі. Сондықтан темекі никотина деп аталады. 1 темекіде 0,8% - тен, 4 % - ке дейін никотин болады. Никотиннің адам ағзасына әкелер зияны өлшеусіз. Бір сигарет тартқан адам 0,4-3,5 мг улы никотин қабылдайды. Мәселен никотиннің зияндылығын байқау үшін итке 1 тамшы никотин берсе, сеспей қатады, ал жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе де жеткілікті. Бұл жануарларға жасалған тәжірбиенің дәлелі. Ал күніне 1 қорап темекі шегетін адамның күні не болмақ.
3-оқушы
Көп ұзамай-ақ темекінің адам ағзасына зиянды екені дәлелденді.Темекі тарту никотинизм немесе жалпы тұрмыстық наркамания деп аталады.Темекі түтіні құрамында 200 -ден астам химиялық зат денсаулық үшін қауіпті екені анықталды.
Темекінің суретін ортаға алып шығып, құрамындағы химиялық заттар ортаға шығады:


  1. Никотин

  2. Көмірқышқыл газы

  3. Азот қышқылы

  4. Аммиак

  5. Висмут

  6. Эфир майы

  7. Сірке қышқылы

  8. Кадмий

  9. Ацетон

  10. Бензол

  11. Ционид

  12. Күкіртті сутегі

  13. Сигарда

  14. Полоний

  15. Смала

  16. Мышьяк


Темекінің үлкен етіп салынған суретінің бойына әр оқушы келіп, жоғары да жазылған химиялық заттардың атын жапсырады. Мысалы никотинді ілгеннен кейін, никотинге түсінік береді.
2-жүргізуші

Темекінің адам ағзасына әкелер қасіретін біз арнайы мамандармен сұхбат жүргізу арқылы көз жеткізейік. Ендігі сөз кезегін маман-дәрігерлерге берейік.


Тілші:

Егер әлемдегі барлық адамдар шылым шегуді доғарса, ауа қаншалықты тазаратынына ой жүгіртіп көрдіңіз бе?


Психолог:
Расында бұл ғажап идея... Қоршаған орта темекімен де ластанып жатқаны рас. Бәрінен де оның адам денсаулығына тигізетін әсерінің зиянды екенін ойласақ төбе шашың тік тұрады.

Тілші: Жүйке жүйесін емдейтін маман- дәрігер-невропотологқа сөз берейік.

Шылым шегудің жүйке жүйесіне әсер қандай?



Невропотолог:
Шылым шеккеннен 2-3 минуттан кейін никотин миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына өтеді де, біраз уақытта мидың белсенділігін төмендетеді. Никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды, жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды.

Темекі тартқаннан кейін адамның естуі мен көруі, түсті ажырату қабілеті төмендейді. Темекі тартудан жас өспірімдердің жүйке жүйесі тез зақымданады. Темекі тартқан жас өспірімдер ашуланшақ, жалқау болып, олардың ұғу қабілеті төмендейді. Темекі тартушылардың арасында жүрек -қантамыр, инфаркт, жүрек ауруына шалдығушылар 12-13 есе, асқазан рагына шалдығушылар 10 есе артық кездеседі.


Тілші:

Темекінің зардабының адамға, адам денсаулығына, бюджетке қандай зиян келтіретінін білу мақсатында статистикалық мәліметтерге сүйенейік. Осы орайда білікті маман-статиске сөз береміз.



Темекі зардаптары туралы қандай статистикалық мәліметтер бере аласыз?

Статис:

Темекі түтіні адам ағзасына зиянды. Дүние жүзінде темекіден 2,5 миллион адам өледі.

Темекі әр адамның бюджетіне пайда әкелмейді. Әр сигарет адам өмірін 15 минутқа қысқартады.. Бір сигарет тартқан адам 0,4-3,5 миллиграмм улы никотин қабылдайды.

Темекіден ауаға жылына 720т күкірт қышқылы, 384т аммиак, 180 мың т никотин, 600 мың т темекі майы, 550 мың тоннадан аса иіс газы шығады. Темекі тартатындардың жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады.


Көрермен пікірін сұрау

4 – оқушы (Адамның суретін үлкен етіп салып, аурулардың атауларын жапсыру керек.)

Никотиннің зиянды әсері күннен- күнге сатылып өсе бастады. Шылымды ұзақ тартқан адамның өкпе қатарына, бронхылардың парез деп аталатын дерттеріне шалдығады.

Никотин өзінің зиянды әсерін ас қорыту органдарына да тигізеді. Темекі тарту салдарынан өңеште, асқазанда, ішектердің ішкі қабаттарында қатар деп аталатын сырқат пайда болады. Ол жедел басталып, кейіннен созылмалы түрге айналады. Никотиннің әсерінен асқазанның және басқа да ас қорыту органдарының сөл бөлу қызметі бұзылады, қышқылы артады, гиперацидті гастрит пайда болып, кейіннен ол асқазанның жарасына айналады. Сондай-ақ темекінің әсерінен асқазанның сөл шығару қызметінің арасында сәйкессіздік туып, физиологиялық өзгерістер пайда болу да ғажап емес.

Никотиннің әсерінен жүректің тәуліктік соғу жиілігі 10-15 мыңға дейін жиілейді. Сондай-ақ жүректің соғу ритмі де өзгереді. Жүректің шамадан тыс артық жұмыс істеуі, қан қысымының көтерілуі жүрек тозуына әкеліп соқтырады. Сөйтіп, адам организмі мерзімінен бұрын қартаяды.



5 - оқушы:

Канададағы Альберт университтеті зерттеушілерінің хабарлауына қарағанда темекі тартудың бұдан бұрын айтқан зияндарынан өзге оның көзді ретинопатия деп аталатын ауруға шалдықтыратыны анықталды.

Бүкілодақтық пульманология ғылыми-зерттеу институты арнаулы зерттеулер жүргізіп, машина жасау заводының 1.361 жұмысшысын тексергенде олардың өкпесінен 23 %-тен астам созылмалы пневмония дертін тапқан. Ғалымдар бұл ауруға себепкер болған темекі тарту екенін анықтаған . Мұндай темекі тартудан болған пневмония өте ауыр, ауа жүруге кедергі келтіреді.Адам демікпе ауруына шалдығады.

6-оқушы:

Өкпенің негізгі дерттерінің бірі- созылмалы бронхит. Ол бронхылардың былжыр қабығының қабынуынан пайда болады. Асқына келе ауру өкпенің басқа қабаттарына да жайыла бастайды. Созылмалы бронхит туберкулез бронхоэктазия - қатерлі аурулар. Көптеген өкпе ауруларынан сақтанудың басты жолы-темекі тартпау.

Темекіні жиі тартқан жағдайда созылмалы бронхит дисконезия дертіне ауысып, қандағы газ мөлшері өзгереді, артериялық қанда гипоксия пайда болады. Егер тартылған сигареттің саны 5-10 жыл ішінде 80-100 мыңға дейін жететін болса, өкпедегі патологиялық өзгерістер оны эмфизема ауруына әкеліп соқтырады. Кейіннен өкпеде қан қысымы артады, жүректің жұмысы нашарлап, тыныс алу процестері өзгереді. Ең ақырында шылым құмар адамның өкпе рагына шалдығуы мүмкін.

7-оқушы:

Темекіден пайда болған атеросклероз дерті адамды стенокордия деп аталатын ауруға шалдықтырады.Осыдан барып жүрек тұсы, жауырын шаншып, аяқ-қол сырқырайды. Стенокордиядан кейін адам жүрек бұлшық еттері ауруына шалдығады.

Шылым тарту гипертания ауруына ұшыратады. Осыған байланысты медицина ғылымының Мясников сияқты ірі өкілдері стенокордиямен ауыратын адамдарға шылым өте қауіпті, олар оны бірден қою керектігін айтқан. Темекіні қоймаса оларды жүрек ауруынан емдеудің ешбір керегі болмайтынын ескерткен.. Жасаған ем темекіні тастаған уақытта ғана ойдағыдай көмек беретінін айтқан.
8-оқушы:

Үнемі шылым тарту салдарынан адамның еріні түрлі механикалық және химиялық зақымдарға ұшырап, ауруға душар болады. Атап,айтқандай ерінде лейкоплакия, кератоз, еріннің жарылуы сияқты ракқа шалдықтыратын қауіпті дерттер пайда болады. Темекі сонымен бірге ауыз ішіндегі дәм сезетін нервтердің жұмысын бұзады, сөйтіп сілекей, сөл шығаратын бездердің жұмысы нашарлап, ас қорыту процесіне зиянын тигізеді.

Шылым шегушілердің кейбіреулерінде аяқ күре тамырларының облитерациялық эндартерит деп аталатын ауру кездеседі. Мұндай дертке ұшыраған адам жүргенде ақсайды, кібіртіктеп жүре алмайды. Бұл ауруды медицинада шылым шегушілердің ауруы деп атайды.
9 -оқушы:

Ұнамас отыруда шылым тістеп,

Оны қолдаңдар қолайлы іс деп.

Түтінін өз ойымша ұқсатамын.

Артыңынан арам желше шыққан «пыш» деп.

Осындай пайдасы жоқ жұмыстардан.

Қолың тарт, қысқанменен нәпсің күштеп.

Атпаңдар,тіл алсаңдар насыбайды!

Нас атсаң, нас боласың басыбайлы.

Желді күн, «түт» деп жерге түкіргенде,

Боқтай-ақ бет –ауызыңа шашырайды.

Аптықпай ақылы тасық азаматтар.

Өз-өзін таза етіп асырайды.
Темекі мен насыбайдың адам денсаулығына әкелер зияны өлшеусіз екенін осы статистикалық мәміметтерден көріп отырмыз. Қазақ жастарын қазіргі кезде белең алып отырған зиянды әдеттерден аулақ болуға оларға қарсы мақсатты түрде күресе білуге шақырамыз. Біздің бүгінгі сұхбатымыздың мақсаты қазақ жастарына салауаттылықта екенін ұғындыру. Насыбай мен темекінің (зияндылығын) адам денсаулығына зияндылығын дәлелдей келе, мынадай қорытынды жасаймыз. Насыбай мен темекінің алдын алу және сақтандыру жұмыстары жүргізілсе екен дейміз.

Ал сіздер қандай ұсыныстар жасар едіңіздер, Көрермен қауым

Оқушы:

- Әрбір көзі ашық, саналы азамат бүкіл ұлт болып жұмылып, темекі тартушыларға қарсы жорық бастауы қажет. Мұндай игілікті істі науқанға айналдырмай, бұйрықты емес сындарлықпен, сезімталдықпен әрекет еткен жөн. Ол үшін:

-Қалалардағы темекі атымен аталатын дүкендер мен киоскілердің атауы өзгертілсе, қалың жұртшылыққа таралатын темекі туралы жарнамаларға шектеу қойылса;

-Қазақстан үкіметі қаулысымен балабақша, мектеп және түрлі оқу орындарында темекі тартуға қатаң тиым салынса.

-Жас бүлдіршіндер оқушылар, қыздар темекі тартқандары үшін заң жолымен жазаланса;

-Шет елден темекіні әкелу іс-әрекеттері қылмыс деп танылса;

Міне, осы секілді жұмыстар ұйымдастырылып, қолға алынса, темекі тартушыларға едәуір тосқауыл болар еді. Халқымызға денсаулық керек.

Тілші:

Сонымен құрметті баспасөз-конференцияға қатысушы жолдастар, оқушылар Қазақстан-2030. Ел Президетінің Қазақстан халқына жолдау –«біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иегелері дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы, біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті ел қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз де үлес қосып, ауыл тұрғындарына» 2010 жылы дүниге келген нәрестелер темекі дегеннің не екенін білмейтін болып өсуіне мүмкіндіктер жолында аянбай еңбектенейік. Өйткені әлем темекіге қарсы күресуде. Мысалы, Швецияда жыл сайын «Темекі тартпайтын күн» аталып өтіледі. Францияда кейбір фирмаларда шылым шегуді тастаған қызметкерлерге арнайы сыйлық төленеді: Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану - әрқайсымыздың міндетіміз.

Қазақстан-2030 бағдарламасын жүзеге асыруға іспен жауап беретін дәрежеге ұмытылыс жасау-басты мақсат екенін естен шығармайық.
«Темекіге жол жоқ » өлеңі

1.Денеге дерт боп жетеді,

Әдет боп жаман кетеді.

Зиянды затты көп тұтсаң.

Өмірің қор боп өтеді.

Қайырмасы:

Тоқта, тоқта

Ішімдік татпа.

Зиянды заттан өзіңді.

Қор қылмай босқа сақта.
2.Шиық-шиық деп шиқылдап,

Демігіп өкпе қиқылдап,

Табиғат берген денсаулық.

Құртамыз үгіп, қиқымдап.



Қайырмасы:

Тоқта. Тоқта, тоқта

Кім бар ана жақта.

Салауатты өмірде.

Денсаулықты сақта.
3.Спортпен болып (бірге)мәңгі дос.

Мағынасыз жүрме бос!

Зиянды заттан аулақ боп

Достарыңа ақыл қос!


Қайырмасы:

Тоқта, тоқта

Кім бар ана жақта.

Салауатты өмірде.

Денсаулықты сақта.
4.Түтінмен ыстап өкпені.

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың құрғап кеткені.


Қайырмасы:

Тоқта, тоқта

Насыбайды атпа.

Зиянды заттан өзінді.

Қор қылмай босқа сақта.
5. Мүгедек ауру «каллекі».

Өмірге қатер төнеді,

Салауатты өмір сүрейік!

Шекпеңіз дейміз темекі.



Қайырмасы:

Тоқта, тоқта

Кім бар ана жақта.

Салауатты өмірде.

Денсаулықты сақта.

2-бөлім

«Арақ атадан қалған ас емес»

1-жүргізуші

Арақ ішу-жаман әдет ол анық.

Жүрмегейсің, жас өмірің уланып,

Опа бермес өміріңе ол сенің.

Зияны мен залалына бол қанық.
2-жүргізуші

Ұрыс-жанжал-барлық қылмыс атаулы.

Бір ғана осы ішімдікке матаулы.

Әзәзілге азғындырып ағзаны.

Не болмақшы өмірі оның санаулы.
Адамзаттың арақтан шегіп отырған қасіреті өлшеусіз. Алкоголь-адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшелеріне, миға адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Ол ұстамдылық процестерін әлсіретіп, қызыну процестерінің күшеюіне жағдай тудырады.
10-оқушы:

Шарап өзін ішкен әрбір адамға төрт сапаны жапсырады. Әуелінде адам тауыққа ұқсап шыға келеді, ол қоқиланып қанатын жаяды, мамырлап, маңғаз басады. Одан соң маймылдың кейпіне, айналасындағының бәрімен қылжақтасады, қылымсиды. Бұдан кейін ол арыстан әлепеттенеді, өркөкіректеніп такаппарсиды, менен құдіретті жоқ деп ойлайды. Алайда ақыр аяғында доңызға айналады да соған ұқсап, саз-балшықта ұйықтап жатады.


Жойқын шарап ақыры:

Естіге де ән салғызып, әуре етер,

Қарқылдатып күлдірер,

Секеңдетіп билетер,

Ауызға алмас сөзді жиі сөйлетер.

Тұрмақ болды, тұра алмады орнынан.

Тыраң асты, көтеремдей болдырған.

Қарап тұсаң, көз тоймастай ер еді.

Алтын басын арақ қандай қорқылған
Тілші:
Қазіргі кезде қоғамда орын алатын қылмыстық әрекеттердің бір бөлігі-адамның мас күйінде жасайтын қылмыстары болып отыр. Осыған орай құқық қызметкері ретінде өмірден алынған фактілерден мысал келтіріп өтсеңіз?
Құқық қызметкері:

Арақтан яғни мас күйінде қылмыс жасағандардың саны соңғы 5 жылда 2,5 есеге өскен. 2005 ж. 7734 мың қылмыс жасалатын болса, 2008 ж. Ол факті 18194-ке жеткен. Сонымен қатар адамгершілік жолынан ауытқып, құлақ естіп, көз көрмеген, айуандықпен жасалған қылмыстық фактілердің көрінісі жан түршіктіреді. Мәселен, өз баласын өзі өлтірген әкенің қанішерлік іс-әрекіті өзінің өмірлік жарының өліміне себепші болған әйел-ана, өз қызына айуандықпен зорлық көрсеткен әке, міне осындай әке мен бала және жанұя арасына сызат түсіретін қасіретті оқиғалардың соңы адам қасиетін қорлаумен тәмәмдалады. Міне, осындай адам қасиетіне нұқсан келтіретін фактілердің негізгі арақтан бастау алатынын арақ-шарап-абақтыға кіріптар дайындаушының өзі екенін естен шығармайық, ағайын!



Тілші:

Адамзаттың арақтан шегіп отырған қасіреті сұмдық. Оның талай ерлерді адам қатарынан шығарып жібергенін талай құт шаңырақ ұйыған отбасын ойран етіп, талай әзіз атамен ананың, ару жардың, ұл-қызбен, сәбилердің өмірін өксітіп, жүректерін қанжылатып, ел бетіне қарағасыз күйге жеткізгенін айтып тауысу мүмкін емес.





1-жүргізуші

Барлығы да арақтан басталады,

Ізгі ниет аяққа тапталады.

Қасіреті арақтың болар бәлкім,

Жанарлардан мөлтілдеп жас тамады.
2-жүргізуші

Аяулы әке, адал жардан бездірген,

Қаталдығын бұл өмірдің сездірген.

Есіл ердің әзәзілге қор болған,

Жанын бастап, еңсесін бір ездірген


3 бөлім

«Ажалмен ойнама, айналайын»
1-жүргізуші

Жас ұланды есірткімен еліткен,

Қасіретке өзі барар неліктен.

Ішімдікпен алысқан, аласұрып,

Күні қандай көкөрімнің желіккен.
2-жүргізуші

Шектелмеген тұңғиығы өмірдің

Шектелмеген айтары бар көңілдің

Өзіңде ерік, сана-сезім өзіңде

Қалай ғана жамандыққа іліндің
1-жүргізуші
Қоғамға, адамға зиян келтіретін ауыр індет-нашақорлық. Есірткінің бірнеше түрлері бар: гашим, марихуанна, көкнар, экстази, апиын, героин, морфий. Улы қоспалар-шіріткіш заттарға жатады. Бұларды бір рет пайдаланғаннан кейін адам бойын тез баурап алады.Адам өзінің өмірін онсыз тұл сияқты сезінеді.
2-жүргізуші
салынып тартудың нәтижесі нашақорлыққа ұрындырады. Бұл жағдай өте қауіпті. Құмарлыққа айналған адам есірген кезде қайда жүріп, қайда тұрғанын білмейді. Мұның ақыры кісі өлімімен аяқталады. Нашақорларда отбасы мүшелеріне, тума-туыстарына мейірімділік болмайды.Ашуланшақ, қызба келеді. Есалаң болып қалатын жағдайлар аз кездеспейді.

Тілші:
Қазіргі қоғамда белең алып отырған қасіретті дерттің бірі- нашақорлық туралы не айтар едіңіз?
Құқық қызметкері:

Соңғы жылдары бүкіл әлемді дүрліктіруге айналған есірткі тарту, нашақорлыққа салыну біздің елімізде де күрделі мәселенің біріне айналды. Нашақорлық-аса қауіпті де қасіретті дерт. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда 200 мыңнан астам нашақор бар екендігін айтады. Бұл тек есепке алынғандары ғана, нақты цифрдың бұдан көп болуы әбден мүмкін. Бүгінде қоғамға қауіп төндіріп тұрған дерттер көп. Солардың алдыңғы қатарында нашақорлық тұр. Елімізде есірткі шырмауына түскендер саны жыл сайын еселеп өсіп, оны құрбандарының қатары күн санап көбейіп барады. Есірткіге қарсы күресуші құрлымдардың мәліметіне қарғанда 1991 жылмен салыстырғанда республикамызда нашақорлар саны 10 есеге өскен. Жаңа айтылып өткендей есірткінің буына елірген нашақор қандай қылмысқа болса да, ұрынады. Ең ауыр айуандықпен жасалатын қылмыстар тобы нашақорлар тарапынан жасалады.



Тілші:

Есірткінің шырмауына шырмалған қазақ

жастарының күн санап өсуі-қоғам үшін

қасірет. Есірткіні пайдалану-ол өлімге

бастар айқын жол. Осындай зиянды,

жаман әдеттерден бойымызды

аулақ ұстап, төзімділік, табандылық

танытып, адамгершілік қасиеттерді

жоғары ұстай білуіміз қажет. Ол үшін

адамды салауатты өмірге

ұмтылдыратын рухани күш-білім,

тәрбие екенін естен шығармайық.




«Ажалмен ойнама айналайын» көрініс

Тілші:

Адам ағзасында осындай қасіретті аурулар тудыратын темекіні ме, ішімдікті ме, есірткініме әлде қадірін кеш түсінетін денсаулықты ма? Қайсысын қалар едіңіздер



  1. Темекіні ме?

  2. Ішімдікті ме

  3. Есірткіні ме

Әлде денсаулықты ма
Тілші:

Әрине халқымызға денсаулық керек. Сондықтан да өзімізді өзіміз уламайық «ағайын», «Әркез ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық мәтелін естен шығармайық.

1-жүргізуші:

Адамзаттың таусылмайды жыр-әні,

Алдында оның асқақ шыңдар тұрады.

Осалдығы адамның осынау тұс.

Күйбең тұрмыс, күйкі тірлік кінәлі.
2-жүргізуші:

Қолдан жасап қасіретті өзіміз,

Қалай ғана көре алады көзіміз.

Планетаға жайылған осынау дерт,

Серпілгей-ақ тілегіміз, сөзіміз.
1-жүргізуші:

Жаман әдет-нәубеті ғасырлардың.

Мұны, сірә, әу-баста жасырмадың.

Салтын ұғып, өмірдің салауатты.

Жігер менен үмітті жасырмағын.
1,2-жүргізуші:

Ұлы көште қайта түлеп жаңғырған.

Қасиетін ұлы сөздің аңғарған.

Көрінейік, кәне жастар, бәріміз.

Шырқау шыңнан, биік-белес заңғардан.
1-жүргізуші:

Ұлы өмірдің сан тараулы жолдары.

Болашаққа айқын сәлем жолдады.

Жаңа сүрлеу бастайтын жаңалыққа.

Жаңа ұрпақ жаңа өмірді қолдады.
2 жүргізуші:

Төте жолы денсаулық пен білімнің,

Асқар шыңы салауатты өмірдің.

Жаңа әуен бастаған дара жасқа.

Сенімі мол пәк сезім мен көңілдің.
1,2-жүргізушілер:

Айтарымыз ұранды үніміз де.

Салауатты өмірдің гүлін ізде.

Қасіреттен аулақ ұстап өзіңді.



Нұрын ізде, өмірдің күнін ізде.

Сонымен бүгінгі «Ұл қыз азбасын, ұрпақ тозбасын» тақырыбындағы сыныптан тыс шарамыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет