Ақтөбе қаласының азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіп саласының жұмысын тұрақтандыруды



Дата25.02.2016
өлшемі33.17 Kb.
#25068



Ақтөбе қаласының азық-түлік

қауіпсіздігін және агроөнеркәсіп

саласының жұмысын тұрақтандыруды

қамтамасыз ету туралы
«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы К.Қ.Меркашевтің «Ақтөбе қаласының азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіп саласының жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, Ақтөбе қаласының мәслихаты жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіп саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру және облыс орталығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап көрсетті.

Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы, қала тұрғындарын картоппен, көкөніспен және ет-сүт тағамдарымен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар әзірленіп және жүзеге асырылуда.

2009 жылы қаланың аграрлық саласына 1,3 млрд.теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді, ол 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 136% құрады.

Егін шаруашылығын дамыту – ылғал, қор сақтағыш технологияларды енгізу, өндірісті диверсификациялау, саланы техникалық жаңалауда жағымды үрдістер байқалуда. Тек қана соңғы үш жылда 236 млн.теңгеге сомасында ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Суаруда прогрессивтік технологиялар енгізілуде.

2010 жылы көкөніс және картоп өсіру кезінде 100 га жерге тамшылатып суару қолданылады, ол 2009 жылға қарағанда 26 га көп.

Тұқым шаруашылығы жүйесі қалпына келтірілуде. Жоғары репродукциялы тұқым өсіру үшін базалық тұқым шаруашылығы құрылды. Ауыл шаруашылығы өндірісін диверсификациялау мақсатында майлы және қысқы дақылдардың егіс алаңдарын ұлғайту көзделуде.

Мал шаруашылығы саласын дамытуда да оңды үрдістер байқалуда. Ірі және орта өндірісті, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту ынталандырылуда. Осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерден 2009 жылы 181 млн.теңге сомасында қосымша қаржы бөлінді, бұл 2008 жылдағыдан 20,7 млн.теңгеге көп.

Алынған шаралар жыл ішінде барлық мал түрі бойынша 104%, құсты 118% көбейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар мал өнімдерін өндіру 105%-ға ұлғайды.

Сүт өндіру және көкөніс өсіру бойынша мамандандырылған шаруашылықтар құру жолымен Ақтөбе қаласының айналасында азық-түлік белдігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар қаланың агроөнеркәсіп саласын дамытуда бірқатар кемшіліктер бар. Мәселен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қазіргі уақытта қала тұрғындарын ет, сүт, картоп және көкөніс тұтыну және тиімді тамақтану нормаларын қамтамасыз етпейді.

Егін шаруашылығы өнімдерінің өсіміне негізінен егіс алаңдарын кеңейту есебінен қол жеткізілуде. Өйткені инновациялық технологияны енгізуге сәйкес шешуін күткен мәселелер бар. Ауылшаруашылық өнімдерін сату, қайта өңдеуде және тиісті сапасын қамтамасыз етуде кемшіліктер бар. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдері өзіндік құны жоғары және сапасы төмен болуы себепті бәсекеге қабілетсіз және ішкі нарықтан шеттеп қалады. Жалпы бар мал басы санының 70-90% жекенің қолында. Сонымен қатар асыл тұқымды малдың үлес салмағы небәрі 5,7% құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (К.Қ.Меркашев) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған тапсырмаларын орындау барысында агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, дағдарыстан кейінгі іс-шараларды орындау жұмыстарының белсенділігін арттырсын. Бұл мақсаттарда:

- азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік беретін көлемде отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жолымен қала рыногын қамтамасыз етсін;

- егін және мал шаруашылықтарында озат инновациялық техникаларды пайдалана отырып ірі ауыл шаруашылық өндірістерін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың іске асырылуымен орынды шұғылдансын;

- 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің 10% еңбек өнімділігінің өсімін 10% ұлғаюына қол жеткізсін;

- жыл сайын ауыл шаруашылығының техникалық базасын кемінде 4-5% жаңаласын.



2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығына (К.Қ.Меркашев) және қалалық мәслихаттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комисиясына (В.Г.Друзьяк) жүктелсін.


Ақтөбе қалалық мәслихаты

сессиясының төрағасы

Ақтөбе қалалық


мәслихатының хатшысы







В. Друзьяк

С. Шынтасова










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет