Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясындағы



Дата28.06.2016
өлшемі52.85 Kb.
#163790
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясындағы

Ақтөбе қалалық мәслихатының тексеру комиссиясы төрағасы А.Н.Самойленканың 2009 жылғы I жартыжылдығындағы атқарған жұмысы туралы баяндамасы
Құрметті депутаттар!
Ақтөбе қалалық мәслихатының тексеру комиссиясы ҚР Бюджеттік кодексіне, ҚР Үкімітінің 2004 жылғы 29 қазандағы қаулысымен бектілген «ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік саптып алу және қаржылық бақылау комитеті туралы» Ережеге және Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 122 шешімімен бекітілген, тексеру жоспарына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мынадай: «№1 орта мектебі» ММ, «№ 2 арнаулы орта мектеп» ММ, «Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Ақтөбе қалалық әлеуметтік көмек орталығы» ММ, «Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Арнаулыавтокөлік» АҚ, «№ 26 «Үміт» МДҰ» МКҚК, «№ 9 Орта мектеп гимназия» ММ, «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ, мекемелерге 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша сыртқы қаржылық бақылауды жүргізілді.

Сыртқы қаржылық бақылау жүргізу барысында өрескел заң бұзушылық фактілері анықталмады. Тексеру құжаттарында,



«№1 орта мектебі» ММ, «№ 2 арнаулы орта мектеп» ММ бойынша: негізгі қорларға, бағасы төмен және тез тозатын заттарға жылдық тугендеу жүргізілмеген, сонымен қатар пайдалануға жарамсыз тозған активтерді есептен шығару және жою бойынша шараларды атқарылмаған;

«Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бойынша: бюджетпен және тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсететін жеткізушілерімен кредиторлық – дебиторлық берешекті болдырмау және қатаң түрде жоғарғы тұрған органмен бекітілген қаржыландыру жоспарын басшылыққа алу ескертілді;

«Ақтөбе қалалық әлеуметтік көмек орталығы» ММ бойынша: жұмысшыларға 2008 жылға демалыс беру есебі бойынша 889193,43 теңге соммасында үстемақы төленген.

«Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бойынша: 2007-2008 жылдарға бас маман Д.Мұхамбетоваға еңбек демалысына қаржыны жіберуде (2008,2 теңге көлемінде) қателікке жол берілген.

«Арнаулыавтокөлік» АҚ бойынша: автокөлікке қосалқы бөлшектерді сатып алу және олардың жұмсалуы алғашқы құжаттарсыз (жарамсыздық актісі, жұмыстың орындалуы туралы актісі, қосалқы бөлшектерді беру құжаттары) рәсімделген. Мекеме басшысының бұйрығымен арналулы киімдердің тозу мерзімі бекітілмеген, сонымен қатар бағасы төмен инвентарларды және кеңсе тауаларын есептен шығару тиісті құжаттарды рәсімдеусіз жүргізілген. Басшының бұйрығысыз келесі:

- қосымша жұмысшыларға 1544980,91 теңге;

- кезекшілікке 466497, 61 теңге;

- түнгі кезекшілікке 460047,1 теңге;

- қоса атқарғанға 1629252,7 теңге;

- мейрам байланысты 5544529,8 теңге қосымша төлемдер төленген.

Сондай-ақ, жекелеген жұмысшылырға штаттық кестеде қарастылыған 25% орнына негісіз 50% және 75% қаржы төленген.

2006-2008 жылдардағы бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жүргізу қорытындысы бойынша қалалық бюджеттен бөлінген қаржатты жеткілікті тиімді пайдаланбауды көрсетеді.



«№ 26 «Үміт» МДҰ» МКҚК бойынша:

Бәр көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында мемлекеттік сатып алуға қатысу жөнінде жазбаша шақыру болмауына байланысты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 1 тармағы бұзылған.



«Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бойынша:

Ағымдағы жылдың I тоқсаныдағы болжамдық көрсеткіштерінің орындалуына қарамастан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кейбір салық түсімдері бойынша түсімдердің төмендеуі байқалады.

Салық түсімдерінің төмендеуі мынадай салықтар бойынша:

- заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер саынатын мүлік салықтары 80,0 теңге;

- заңды тұлғалар көлік құралына салықтар 8,5 теңге;

- ҚР өндірілген арақтар 241,5 теңге және тағыда басқа да салықтарда байқалады.

Ақтөбе қаласының бюджетіне салықтарды жинау және түсімдерді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарын орындау барысында толық және уақытында салықтың түсімі мен міндетті төлемдерді бюджетке түсіру сұрағы бойынша жыл басынан 2210 тексеру жүргізіліп, бюджетке 10029,4 мың.теңге өндіріліп, 28,7% пайыздық көрсеткішті құрады.

Бұл, 28,7% көрсеткіш салықты бюджетке түсіру бойынша атқарылып жатырған жұмыстың қанағаттандырымсыз сипаттағы екенін көрсетеді. Оның ішінде: әлеуметтік, жер, мүлік және көлік салықтары бойынша.

Сонымен бірге камералдық тексерулер тиісті деңгейде жүргізілмей отырғандығы анықталды.

Жергілікті салық бойынша қарыздану өсімінің қарқыны ағымдағы жылдың I тоқсанына 208% құрады.



Ақтөбе қалалық мәслихатының тексеру комиссиясы Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінің «Ақтөбе қаласының бюджетінің орындалуы туралы» материалдарын талдау жүргізді.

2009 жылдың 1 шілдесіне түсім жоспарының орындалуы 104,2 % құрады. 6 айдың нақтыланған жоспарындағы 5 538,7 млн. тенге бюджетке 5 538,7 млн. теңге төлем сомасында түсті. Жоспар 224 млн.теңге сомасында артық орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 146,7 млн. теңге, салықтық емес түсімдер 25,4 млн. тенге, негізгі капиталды сату бойынша 52 млн. теңге. Салықтық түсімдердің орындалуы 103,6 % құрады. Жоспардағы 4 082,4 млн. теңгенің орнына 4 229,1 млн. теңге түсті, жоспар 146,7 млн. теңге сомасында артық орындалды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне түскен салықтық түсімдерді өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 814,3 млн. теңге сомасында артық түскен.

Негізгі салықтық түсімдер жоспарының орындалуы: төлем көзінен салық салынатын табыстары бойынша жеке табыс салығының нақтылаған жоспары 749,6 млн. теңгені құрады, іс-жүзінде 703,7 млн.теңге немесе жоспар 93,9 % орындалды.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының нақтылаған жоспары 225 млн. теңге, іс-жүзінде 245,8 млн.теңгені құрады және жоспар 20,8 млн.теңгеге артық орындалды.

Нақтыланған жоспардағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы 733,4 млн. теңге, және жоспардың орындалуы 90,6%. Нақтыланған жоспардағы жеке тұлғалардың мүлік салығы 23,5 млн. теңге, түсім 27,8 млн.теңге, жоспар 118,4 млн.теңге сомасында артық орындалған.

Жер салығы бойынша жалпы 48,7 млн.теңге сомасында артық орындалды. Нақтыланған жоспарда 137,7 млн.теңге, бюджетке 186,5 млн.теңге түсті. Жаңа участкелер алу және ДК ағымдағы төлемдері есебінен болжам орындалды.

Нақтылаған жоспардағы жеке тұлғалардың көлік құралына салық бойынша 95,4 млн.теңге, түсім 121 млн.теңге. Камералдық бақылау жүргізу есебінен болжамды артық орындау қамтамаз етілген.

Жалпы акциздер бойынша жоспар 617,6 млн.теңге жоспарда 108,8 % орындалып, түсім 672,2 млн. теңге құрады. Жалпы акциздер бойынша жоспар 51,8 млн. теңге сомасында артық орындалды.

217,7 млн. тенге жоспарда салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 111,7 % орындалған, 25,3 млн.теңгеге жоспар артық орындалды.

Шарттар сомаларының түсімдерінен болжам орындалған.

Жалпы есеп кезеңіндегі салықтық және салықтық емес түсімдер 104 % орындалған (4300 млн. теңге жоспарда 4 472,1 млн. теңге түсімді құраған).

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қалалық бюджеттің шығыс бөлігін орындау 99,7 % құрады. 6 айдағы нақтыланған жоспар 12 465,4 млн. теңге, кассалық шығындар 12 433,4 млн. теңге, 32 млн. теңге игерілмеген.

Бюджетті орындауда, іс жүзінде жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу кейбір салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша үлкен артық орындау, бюджетке жекелеген әлдеқайда түсімдер түспеуі, өткен жылдың деңгейінен әлдеқайда төмен жекелеген түсімдер түспеуі байқалады.

Айтылған фактілер бюджетті құруда салық салынатын база зерттелмейтіндігін, кейбір салық түрлері бойынша болжамдық түсімдер бюджетке салықты жинау және басқа да төлемдер бойынша потенциалдық мүмкіндігін бағалаусыз анықталғандығын көрсетеді.



Осы кемшіліктерді жою үшін қалалының барлық атқарушы құрылымдары күш жігерлерін жұмсауға тиісті.
Тыңдағандарыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет