ШҚО 2010 жылында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы АҚПАРАТ
Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуына 2010 жылы барлық қаражат көздерінен 14589,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 10316,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 130 млн. теңге қарастырылған.
2010 жылы АӨК дамуына барлық қаражат көздерінен 14493,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 10221,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 130 млн. теңге және басқа қаражат көздерінен 4142,8 млн. теңге жұмсалды. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 10,5 % өсті.
Республикалық бюджеттен 3723,9 млн. теңгенің ағымдағы нысаналы трансферттері бөлініп, оның 3640,9 млн. теңгесі игерілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі алдын ала есептеулер бойынша 151,2 млрд. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 102,2 млрд. теңгені, немесе 2009 жылдың деңгейінің 115 %, егін шаруашылығының өнімі 48,9 млрд. теңгені, немесе 2009 жылғы деңгейдің 64,3 % құрады. Өнімнің нақты өсу коэффициенті 96,1 %.
Мал шаруашылығы және ветеринария
Өткен жылғы қыстың қатаңдығына қарамастан, мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Жыл басынан бері өнімнің нақты өсу коэффициенті 103,3% құрады, өнімнің өсуі 15,1 % құрады.
Шаруашылықтардың барлық санаттарында облыстық статистика департаментінің алдын-ала мәліметтері бойынша ет өндіру көлемі 207,5 мың тонна болды, немесе өткен жылғы деңгейден 5,5 % артық, сүт өндіру 1,9 % артып, немесе өндіру көлемі 710,9 мың тоннаны құрады, 5 мың тонна жүн өндіріліп, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 4,5 % құрады.
Талдау барлық аудандар бойынша ет өндіруден өсім болғанын көрсетеді.
Сүт өндіруден де Зырян және Бородулиха аудандарын есепке алмағанда барлық аудандар бойынша өсім болғаны байқалады, яғни екі ауданда өнім 1,1% және 4,3 % кеміген.
Сонымен қатар, жұмыртқа өндіру өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 12,4 % кеміп кетті. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 267,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, ол алдыңғы жылдың деңгейінен 37,8 млн. данаға аз болды. Жұмыртқа өндірісінің негізгі кемуі Глубокое ауданының өндірістік құс шаруашылығында орын алып отыр, жұмыртқа өндіру өткен жылғымен салыстырғанда 48,5 % азайған. Оның негізгі себебі - Черемшанка құс фабрикасының қаржылық жағдайының төмендеуінен өндірістің технологиялық циклының бұзылуы.
Мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар 2009-2010 жылғы қатаң қыстың зардаптарынынан мал басын толықтыру бойынша атқарылған шаралар жылқы санын 3,1 мың басқа, немесе 1,6 %, шошқаны 3,7 мың басқа, немесе 4,3 %, қой санын 7,8 мың басқа, немесе 0,3 % көбейтуге мүмкіндік берді.
Ірі қара малының саны өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,3 % кемуі 2009-2010 жылғы қатаң қыстың және 2010 жылғы көктемгі су тасқынының салдарынан болып отыр.
Мал шаруашылығы өнімдерінің ұлғаюына бұл салаға қаражат жұмсау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, тауарлы сүт фермаларын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын салу, қажетті мөлшерде мал азығын дайындау бойынша қабылданған шаралар ықпал етіп отыр.
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру мақсатында облыс бойынша 216 мал бордақылау алаңдары, 52 тауарлы сүт фермалары құрылып жұмыс істеуде, оның ішінде 23 мал бордақылау алаңы және 1 тауарлы сүт фермасы 2010 жылы іске қосылды.
2010 жылғы мал шаруашылығы саласының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға республикалық бюджеттен 1996,7 млн. теңгенің ағымдағы трансферттері бөлініп, игерілді. Бұл шара ауыл шаруашылықтарында өндірілген ет көлемін өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 9,1 %, сүт көлемін 3,1 % арттыруға мүмкіндік берді.
Мал тұқымын асылдандыру және өнім сапасын жақсарту мақсатында облыста 140 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған, оның 28-і 2010 жылы ашылды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 289,9 млн. теңгенің нысаналы трансферттер бөлініп, оның 258,4 млн. теңгесі игерілді. Бұл шара жалпы сомасы 256,3 млн. теңгені құрайтын асыл тұқымды малдың: ірі қара малының 407 тонна, қойдың 1139,4 тонна, жылқының 246 тонна, және шошқаның 9 тонна ет өнімін, 150 мың дана жұмыртқа сатуға, асыл тұқымды ірі қара малының үлес салмағын 5,8 % 6,8 %, қойдан 6 % 6,5 %, жылқыдан 2,8 % 4 % арттыруға мүмкіндік берді.
Мал қыстамасын өткізу үшін 1411,2 мың тонна азықтық мөлшер көлемінде мал азығы дайындалды, немесе бір басқа шаққанда 14,5 центнер азықтық өлшемнен келеді, қажетті көлемі 15,6 центнер азықтық өлшем (93%). Дайындалған мал азығы мал қыстамасын ойдағыдай өткізуге жеткілікті.
Облыс көлемінде 289 мал соятын алаңдар мен пункттер жұмыс істейді, бұл қажетті нысандар санының 109 пайызын құрайды.
Облыста тұрақты эпизоотиялық жағдайды және ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін 314 мал қорымдары бар. 2010 жылы мал қорымдарын салуға жергілікті бюджеттерден 23 млн. теңге бөлінді, 63 мал қорымдары салынды және қайта жөндеуден өткізілді.
2010 жылға арналған аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ауыл шаруашылығы малдарын вакцинациялау бойынша ветеринарлық алдын алу шараларының жоспары 100% орындалды.
Эпизоотияға қарсы шараларды атқаруға 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 624,2 млн. теңге игерілді, бұл облыс аумағында инфекциялық мал індетінің ошағын болдырмауға және тұрақты эпизоотиялық жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда облыстың мал шаруашылығы ет, сүт, жұмыртқадан облыс облыс тұрғындарының тұтыну қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығында саланы әртараптандыру жұмыстары жалғасын табуда.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1096 мың гектарды құрады, бұл бағдарламада көзделгеннен 4,4 пайызға артық.
Ылғал ресурс сақтау технологиясы 225 мың гектар жерде пайдаланылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18 пайызға артық.
Облыста тұқым шаруашылықтарын дамыту және нығайту жұмыстары бағыт алып келеді. Бүгінгі күні облыста 34 тұқым шаруашылығы, оның 8-і элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен өнім сапасын арттыруға (минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау), диверсификациялау бағытын ескере отырып, тұқым шаруашылығын дамытуға 2010 жылы 208 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Тұқым шаруашылығын дамытуға төленген субсидия тұқымдық материал сапасын жақсартуға, егісті көлемінің 50 пайызын жоғары өнімді жерсіндірілген тұқыммен қамтамасыз етуге және аталған жерлерде төмен түсімді тұқым себілген жерлермен салыстырғанда 2-3 центнер қосымша өнім алуға мүмкіндік берді.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін 1157 млн. теңге субсидия бөлініп, оның 96 % игерілді. Субсидияның бұл түрі басым бағыттағы дақылдар егілген 967,5 мың гектар жерде толық агротехникалық циклды сақтауды қамтамасыз етуге, дизель отынының құнын 20 пайызға арзандатуға және өнімнің өзіндік құнын 4-5 % мүмкіндік берді.
Пішен, пішендеме дайындау бойынша көзделген тапсырмалар орындалды.
2010-2011 жылғы қыстамаға 2206 мың тонна пішен (118,3%) және 51 мың тонна пішендеме дайындалды, немесе межеленген көлемнің 102 % құрайды. 225 мың тонна сүрлем салынды, бұл жоспардың 88 пайызы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ылғал ресурс сақтау технологиясы бойынша егістіктерін ұлғайту, тұқым шаруашылықтарын дамыту, көктемгі егіс және егін ору жұмыстарына, өсімдік шаруашылығы өнімінің түсімділігі мен сапасын арттыруға, тұқым шаруашылықтарын қолдауға, су құнын арзандатуға субсидиялар төлеу бойынша шаралардың қабылданғанына қарамастан, құрғақшылықтың салдарын толық өтеу мүмкін болмады.
Жиналған астықтың көлемі бункерлік салмақ бойынша 589,4 мың тоннаны (таза салмақта 467,5 мың тонна), гектар түсімділігі 12,5 центнерді құрады, немесе түсімділік өткен жылғыдан 5,4 центнерге аз.
Осындай жағдай басқа дақылдар бойынша да қайталанып отыр. Майлы дақылдардың гектар түсімділігі 1,2 центнерге, картоп бойынша 5,5 центнерге төмен. 210 мың тонна күнбағыс жиналды, бұл 2010 жылғыдан 20 мың тоннаға аз, 351 мың тонна картоп алынды, немесе өткен жылғыдан 28,5 мың тоннаға аз.
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі алдын-ала мәліметтер бойынша 48,9 млрд. теңгені құрап отыр, яғни 2009 жылғы деңгейден 35,7 % аз, өнімнің нақты өсім коэффициенті 87,8 %.
Өсімдік шаруашылығының өнім көлемінің өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда азайғандығына қарамастан, жиналып алынған өнім облыс тұрғындарын ұн, өсімдік майы, картоп және көкөніспен толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
Облыста 205,2 мың гектар суармалы жерлер бар, оның пайдаланылатыны 67,9 мың гектар, Суармалы жерлердің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға артты.
Суармалы жерлерді және суды тиімді пайдалану мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге республикалық бюджеттен 39,2 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Машина трактор паркін жаңалау және агросервистік кәсіпорындарды құру
АӨК техникалық жабдықтауды жақсарту мақсатында 2010 жылдың басынан бері 2,2 млрд. теңгенің 425 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды, бұл 2009 жылғыдан 532 млн. теңгеге артық.
Техника дайындығын жоғары сапыға қою және оларды тиімді пайдалану мақсатында негізгі жеткізуші кәсіпорындардың негізінде 5 техникалық және кепілдік қамту орталықтары құрылып, жұмыс атқаруда.
Ауыл шарушылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту
Тамақ және қайта өңдеу саласында 2010 жылмен салыстырғанда саланың даму көрсеткіштері жақсарды. Тамақ және қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында 2010 жылы алдын-ала есеп бойынша 55,1 млрд. теңгенің тауарлық өнімі өндіріліп, нақты өсім индексі 120,6 % құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда нақты өсім индексінің өсуі барлық көрсеткіштер бойынша орын алды: ет және ет өнімдерін өндіру 125,%, өсімдік және мал майларын өндіру 169,8 %, сүт өнімдері 119,6 %, ұн өнеркәсібінде 108,9 %, сусын шығаруда 110,2 % пайызды құрады.
ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесін игеру бойынша жұмыс жалғасын табуда. Облыста бұл жүйе 23 кәсіпорында игерілді, 810 кәсіпорында игеру сапында.
Ағымдағы жылы тамақ және қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жұмыстары атқарылуда.
«Өскемен ұн комбинаты» ЖШС еңбек өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында құны 300 млн. теңге болатын Түркияда шығарылған құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілді.
«Май» АҚ құны 478 млн.теңге болатын өсімдік майын терең өңдеуден өткізетін цехты жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр.
«Өскемен сүт зауытында сүт өндіру, өңдеу және өнімді тарату бойынша тікелей біріккен құрылымдар құру» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде сүт зауытын техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.
«ДРК» ЖШС тәулігіне 18 тонна өнім шығаратын макарон цехын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 3 жаңа өндіріс орны: Зырян ауданының Фаизов ЖК күнбағыс майын және ет шикізаттарын өңдейтін, «Войтас» ЖК алкогольсіз сусын шығаратын цехтар іске қосылды.
2010 жылы «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға берілген кредиттер бойынша сый ақы мөлшерлемесіе субсидиялау» бағдарламасы бойынша лизингке құрал жабдықтар алуға 29 кәсіпорын қатысты, олардың алған субсидия мөлшері 534 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдан 3,2 есеге артық.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйесін субсидиялау бойынша 2 кәсіпорын 6 млн. теңгенің субсидиясын алды.
Ауылдық кооперация жүйесін дамыту
Облыста ауылдық тұтыну кооперативтері жүйесін дамыту жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күні облыста 27 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды, оның 7-і 2010 жылы құрылған.
«Ертіс» ӘКК және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірлесіп әрекет ету жоспарына сәйкес облыстың 3 ауданында сервистік дайындау орталықтарын құру жұмыстары атқарылды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 197,8 млн. теңге қаражат бөлініп, 165,7 млн. теңгесі игерілді.
Ауылда қаржы институттарын құру.
Облыста жалпы кредиттік қоржыны 2 млрд. теңгеден асатын 17 ауылдық кредит серіктестігі жұмыс істеуде. Ауылдық кредит серіктестіктері есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 112 млн. теңгенің кредитін алды.
Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау және ауыл тұрғындарының табысын көтеру мақсатында 2010 жылы республикалық бюджеттен 118 млн. теңгенің шағын кредиттері берілді.
Сонымен қатар, облыс өңірлерінде 5 шағын кредиттік ұйымдар жұмыс атқаруда. Олар арқылы 2010 жылы ауыл тұрғындары 125,6 млн. теңгенің шағын кредиттерін алды.
Достарыңызбен бөлісу: |