Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы қоғамдық келісім кеңестерінің этносаралық қатыныастарды жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат



Дата25.11.2019
өлшемі15.31 Kb.
#447556
ТтТ

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы қоғамдық келісім кеңестерінің этносаралық қатыныастарды жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат

Облыс бойынша Қоғамдық келісім кеңестерінің басты алға қойылған міндетіөңірдегі тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және сақтау мақсатында жұмыстарын үйлестіре отырып қоғамға қызмет ету болып табылады. Ақтөбе облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында 157 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс жасайды. 1 облыстық, 4 қалалық, 12 аудандық, 139 ауылдық округтерде, 1 өндіріс орнында. Олардың құрамында 1126 мүшесі бар.

Ақтөбе облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы облысымыздағы 89 этнос өкілдерін біріктіріп отыр. Осы жылдарда этностар облысымызда этносаралық қатыныстарды және жалпы тұтастай алғанда мемлекеттік саясатты қолдап келе жатыр, мүмкіндігінше нығайтуға өздерінің үлестерін қосуда. Облыстағы ұлт аралық келісімді нығайту бойынша белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруға этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері араласып келеді.

2019 жылдың қаңтар айның басындағы қарағанды қаласындағы армян этносы мен қазақтардың арасында болған келеңсіз жағдайға байланысты 2019 жылдың 4 ақпан күні облыстық Қоғамдық Келісім кеңесінде «Өзара сыйластықты нығайту, отансүйгіштік қасиеттерді жетілдіру туралы» мәселе қарап, оған армяндардың «Урарту» этно – мәдени бірлестігінің мүшелерін және басқа да ЭМБ-нің ақсақалдарын шақырып өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту туралы әңгіме қозғалды.

Жалпы ЭМБ мүшелері «ҚХА-2025 тұжырымдамасы мен, ҚР президентінің Қазақстан-2050» стратегиясын және жыл сайынғы жолдауларын қолдап насихаттауға өз үлестерін қосып келеді. ЭМБ-нің белсенді мүшелері К. Цхай, Ш. Джамалов, В. Гуменный, А. Микаелян, В. Дынник, Н. Акчурина, А. Поболяновалар БАҚ-да, облыс тұрғындарының арасында белсенді түрде бірнеше бағытта саяси идеологиялық жұмыстарды жүргізуге ат салысып келеді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі» атты қазақстан халқына жолдауындағы атап көрсетілген қоғамдық келісім мен этносаралық татулыққа байланысты «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері ақтөбе қаласындағы №23,35,38 орта мектептерінде, Ойыл, Қобда, Алға, Мәртөк аудандарында, С. Бәйішов атындағы облыстық кітапхана да тақырыптық дәрістер оқыды. Қобда ауылында халықаралық қазақ тілі қоғамы ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Ж. Қабақбаев «Тіл тұғыры-мемлекет ғұмыры» деген тақырыпта дәріс оқып, ҚР мемлекеттік тілдің ерекшелігіне тоқталғанда сол ауылдың байырғы тұрғыны В. Власенко қазақ тілінде сөз сөйлеп, ауданда тұрып жатқан этнос өкілдерінің көпшілігі мемлекеттік тілді білетіндігі туралы мысалдар келтірді және этносаралық татулық пен бірлікке қатысты өз өмірінен мысалдар келтіре сөйледі.



Этносаралық татулықтың жетіле түсуіне 2019 жылғы ҚХА-ның ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген рухани қайырымдылық шараларының ай сайын әр аудандар да өтуі де біраз септігін тигізді. Қазақ халқының көне ұлттық дәстүрлерін өзге этностардың арасында насихатталуы да этносаралық қатыныастарды жетілдіре түсуге біраз септігін тигізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлде де жетіле түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет