Тілді үйренудегі қиындықтар



Дата12.03.2024
өлшемі6.38 Mb.
#495068
тілді үйренудегі қиындықтар


Сауалнама
ТІЛДІ ҮЙРЕНУДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алу - бүгінгі күнде елімізде тұратын барлық тұрғандарға арналған басты талап. Өйткені тіліміздің мәртебесін асқақтатып, қадірін кетірмей, өз деңгейінде ұлықтау - бізге берілген құнды аманат. Ертеде осы тілімізді сақтап қалу үшін жанын беріп, басын бәйгеге тіккен зиялы қауым өкілдерінің аруақтарына деген сыйластығымызды тілімізді құрметтеп, ана тілде сөйлеумен көрсете аламыз. Десе де, қазіргі таңда ана тілімізде өз дәрежесінде сөйлеп, өмір салтымызға енгізе алмай жатырмыз. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады десек, солардың барлығы дерлік мемлекеттік тілді білуі тиіс. Алайда қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілін қызмет көрсету орындарында қолдану, қазақ тілінде ақпарат алмасып, қызмет көрсету сынды салаларымыз әлі күнге дейін ақсап тұр.
Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан астам уақыт болса да, әлі күнге дейін тіл мәселесін түбегейлі шеше алмай отырғанымыз өкінішті. Оның себебі, мектеп бағдарламасында қазақ тілінің дұрыс үйретіліп, баланың тілді қажет етпеуінен, баладан қазақ тілінде сөйлеп, өз бетімен үйрену талап етілмегеннен болып отыр. Осы жобамызда мектепте қазақ тілінің оқытылуында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдарын көрсететін боламыз. Әр жүрегі “қазақ” деп соққан қазақ елінің азаматы тіл мәселесіне бей-жай қарамауы керек, әрекетті өзімізден бастағанымыз жөн
Кез келген зайырлы, тәуелсіз мемлекеттің өз тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы болады. Тілі жоқ ұлтты құртып жіберу оңай, тілі қалыптасқан, азаматтары өз тілінде сөйлейтін елді құрдымға жіберу өте қиын. Сондықтан біздің ата-бабамыз өз тәуелсіздігіміз үшін, тіл еркіндігі, сөз еркіндігі үшін күрескен қиын да қилы кезеңдерге назар аударсақ, олардың бәрі бүгінгі ұрпақтың жақсы өмір сүруін,зайырлы елде ешкімге жалтақтамай еркін өмір сүруін аңсап, сол үшін тырысып бақты. Алайда ата-бабаның жанымен, қанымен келген құндылықтарымызды бүгінде біртіндеп уыстан шығарып алып жатырмыз. Бұл сауалнамада да сол асыл мұраның бірі қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі жайлы сөз қозғайтын боламыз.
Тіл мамандары қазіргі таңда тілді меңгеруде кездесетін мәселелерді тауып, бөліп көрсетті
Мәселелер
1.
1-мәселе: Тұрақты тіл тәжірибесінің және тілді үйренуге қолайлы ортаның болмауы.
2-мәселе: Қоғамда қазақ тіліне қатысты қалыптасқан стереотиптер
3-мәселе: Үкіметтен тілді үйренудің талап етілмеуі
4-мәселе: Тілдің беделінің жоқтығы
Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар
Қазақ тілін жақсы оқу мен үйрену – ең алдымен, еліміздің дамуына қосқан үлесіміздің алғышарты деп түсінуіміз керек. Себебі шынайы ұлтжанды, елге, жерге деген махаббаты биік азамат ешбір тосқауылға қарамай тілді жетік меңгеріп алады.
Қазақ сыныбында оқитын оқушылар орыс тілі аптасына екі-ақ рет болса да, орыс тілін оңай меңгеріп алады. Ал орыс сыныбында оқитын оқушылар қазақ тілі аптасына төрт рет болса да, не себепті оңай меңгеріп, еркін сөйлеп кете алмайды?
Оқушыға тілді үйретпес бұрын, алдымен сол тілді үйренудегі оқушының мақсатын анықтап алу қажет, яғни тілді үйренуші оқушының деңгейін, тілді үйренудегі кедергі келтіретін факторларды айқындап алу артық етпейді. Оқушының тілдік деңгейін әртүрлі тест, эссе жаздыру, сұрақ-жауап, т.б. сынды тапсырмалар арқылы байұауға болады. Көп оқушыда қазақ тілін меңгеруде мынадай кедергілер жиі кездеседі:
 сөздік қордың аздығы;
 қазақ тіліндегі төл дыбыстарды (ұ, ө, ү, қ, ә) айта алмай, бірінің орнына бірін қойып қою;
 қазақ тілінің емлесін білмегендіктен, грамматикалық қателер жіберу;
 айтылуы мен жазылуы қиын сөздерді қолдануда қиналып қалу [4].
Осындай кедергілермен уақытылы жұмыс жасалмаса, салдары қиын болуы мүмкін, себебі оқушы тіл үйренуде кедергіге тап болып, қызығушылығы өшіп қалғаннан кейін, сол тілді менсінбей, үйренгісі келмей кетеді. Сол себепті мұғалімдер баламен жұмыс жасауда тілдің маңыздылығын, құндылығын бірге түсіндіріп отыруы тиіс. Қазақ тілін үйренуге деген баланың қызығушылығын оятып, сапалы жұмыс жасау үшін төмендегі тәсілдерді жасап көру керек:
 сөздікпен жұмысты үнемі жүргізіп отыру, сөздік алып жүруді әдетке айналдыруға дағдыландыру;
 тіліміздегі ұқсас көпмағыналы және омоним, синоним сөздерді ажыратып білуге үйрету, үнемі естеріне түсіріп отыру, әрқайсысының мағынасын ашуға көмектесу;
 қазақ тілінде берілетін сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырып үйренуді әдетке айналдыру:
 қазақ тілінде әр сөйлем мүшесінің өз орны бар екенін түсіндіру, көп жағдайда бастауыш сөйлем басында, баяндауыш сөйлем аяғында, қалған сөйлем мүшелері сөйлем ортасында келетінін түсіндіріп, сол бойынша сөйлемдер құрастыру;
 қазақ тіліндегі жалғау мен жұрнақтың қызметін түсіндіріп, қайсысы қай кезде қолданылатынын үнемі айтып отыру;
 ең бастысы, тілді үйренген кезде шынайы ниетпен, махаббатпен үйретіп, олар көңілге түйіп алатындай жағдай жасау
Сауалнама нәтижесі
Мен мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдерден «қазақ тілінің оқытылуында кездесетін проблемалар» төңірегінде сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер өз ойларын ашық айтып, қазіргі таңда қазақ тілін не себепті балалардың игеріп кете алмай жатқанын, оларды қалай шешу керегін түсіндіріп, толық жауап берді. Сауалнамада қойылған сұрақтар мынадай болды:
ҚОЙЫЛҒАН САУАЛ

Ø Қазақ тілінің төл дыбыстарының
айтылуында қиындық көп. Балалардың тілі келмейді. Сөздерді есте сақтау қиын,
ағылшын тілімен ассоциация жасап отырып, әрең жаттатамын. Балалар қазақ
тіліне деген қажеттілік жоқ деп есептейді, салғырт қарайды.

Ø Қазақ тілінде сөйлейтін ең болмаса
1-2 адам жоқ ортасында, мектептегі қазақ тілі сабағы тиісті деңгейінде
өтпейді, мұғалімдер көбінде орыс тілді балаларға қазақ тілі сабағын
"керек емес" деп шешіп қояды, сосын балалар репетитор жағалап
кетеді.

Ø Жүйелілік жағынан қазақ тілін
оқытуда біршама мәселелер бар және сөйлеу тәжірибесі аз. Бәрі орысша не
орысшаны қосып сөйлейді, практика жүзінде үйренісіп кету қиындау.

1-сауалға мұғалімдер берген жауап

Ø Мектеп бағдарламасында қазақ
тілінде үйреніп кету өте қиын. Оқулықтардың сапасы сын көтермейді.
Мұғалімдердің сабаққа бейжай қарауынан және оқушылардың баға үшін оқуынаен
осындай мәселелер туындауда деп ойлаймын.

Ø Балалар 11 жыл бойы қазақ тілін
үйренсе де, неге таза қазақша сөйлеп кете алмайды? Қазақ тілі приоритет емес

Ø Үйдегі тәрбиеге, баланың араласатын 
ортасына, телефоннан көретін контентінің тіліне байланысты.

2-сауалға мұғалімдер берген жауап:

Ø Жақсы қасиет деп есептеуге де,
жаман деуге де болады. Тілді білгеннің артығы, жамандығы жоқ деп ойлаймын.
Бірақ, бала туылғаннан бастап ата-ана баланың санасын, ойын, тілін бейсаналы
түрде орысшаға икемдеп қойған. Қазіргі балалар орыс тіліне бейім. Соған
сәйкес орыс тілді орта, дос тауып кетеді. Нәтижесінде, баланың тілі де, өзі
де қазақшаға икемделе алмайды. Қазақ бола тұрып, туғаннан өзге тілге
бейімделіп алған. Қазақ сөздерін, әріктерін қиын деп қабылдайды.

Ø Қазақ тілінде балаларға,
жасөспірімдерге арналған контенттің жоқтығынан деп ойламын. Ютуб сияқты
сайттарда қазақша мультик көретіндер жоқтың қасы. Сондай-ақ сөйлейтін ортаға
да байланысты.

Ø Қазақ балалар не себепті орыс
тілін еріксіз түрде оңай үйреніп ала алады? Бұл жақсы қасиет па, әлде жақсы
емес пе? Еріксіз үйренудің өзінде ерік бар деп ойлаймын, себебі кез клеген
тіл жайдан жай үйрене салатын нәрсе емес қой, демек баланың бір қабілеті не
қажеттілігі бар деген сөз.

Ø Үйреніп кететіні жақсы, әрине. Бірақ екі тілді қатар алып жүрген
жағдайда ғана жақсы. Бізде, өкінішке орай, есейген сайын орыс тіліне деген
қажеттілік туындайды. Қарапайым ғана ізденіс жұмыстарының өзінде
дереккөздердің көбі орыс тілінде. Бірақ ана тілін білмей жүріп, орыс тілінде
тақылдап жүрген балаларды көргенде жаның ашиды, жүрегің ауырады.

3-сауалға мұғалімдер берген жауап

Ø Қазақша әнмен, өлеңмен баланың
тілін қазақшаға сындыру жеңілдеу. Тыңдата беру, қазақша ән айтқыза беру,
қазақша сөйлей беру арқылы баланы бейімдеп алуға болады. Төл дыбыстарымызды
айтып үйреніп, фонетиканы, үндестік заңын жақсы білсе сөздерді байланыстыруда,
жалғау жалғауда мәселе болмайды

Ø Қазақ тілін екінші тіл ретінде
оқытуда лайфхактарға, ойын тәсілдерін қолдану керек. Жақсы методика болса,
іске асыруға болатын болар. Нәтижеге 
жұмыс істеу керек.

Ø Қазақ тілді емес балаларға
қазақ тілін оңай әрі тиімді үйрету үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Ең оңай
жолмен, баланың ойында бар нәрселермен байланыстыра отырып түсіндіру, оқыту,
үйрету. барьерді жою үшін ең тиімді,
оңай, қызық үйрету керек. балада қазақ тілі "скучный" деген ойды
алып тастау керек, қалыптастырмау керек.

Ø Көп сөйлесу керек. Үйрету
жолдары көп, бірақ тіліміз оңай меңгеріліп кететін жеңіл тіл болмағандықтан,
ең өнімдісі - тәжірибенің көп болуы.

4-сауалға мұғалімдер берген жауап:
Сауалнама қорытындысы.
Сауалнамаға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін төрт мұғалім қатысып, өз ойларымен бөлісті. Түйгеніміз, қазақ тілін оқушыларға үйретуде әлі күнге дейін талап ету, басымдық беру, міндеттеудің болмайтынын байқаймыз. Сосын оқушылардың тілді оңай меңгеруіне көмектесетін әдіс – көп сөйлесу, диалог құру, оларды сөйлеуге мәжбүрлеу, сабақ үстінде жазатын тапсырмалар бере бермей, бір-бірімен сөйлесіп, тілді жаттықтыратын қызықты тапсырмалар ұйымдастыру. Қазақ балаларының орыс тілін оңай меңгеріп алатынын сөкпеуіміз керек. Себебі қазіргі таңда адам көп жүретін, көп отыратын жерлерде орыс тілі жиі қолданылатындықтан, қазақ балалары орыс тілін оңай меңгеріп алады. Сол секілді қазақ тілінің де мәртебесі артып, әлеуметтік желі, қоғамдық орындарда қазақ тілін Заң тұрғысынан қатаң түрде үйренуге мәжбүрлеп, арнайы іс-шаралар ұйымдастырса, тіліміздің қолданылу аясы кеңейіп, мәртебесі артар еді.
Қорыта келе айтарым, кезінде ата-бабамыз ұрпақтары сөз еркіндігі, ой еркіндігі, тіл еркіндігіне жету үшін бастарын бәйгеге тікті, жандарын берді. Тіл – алтын қазынамыз. Сол қазынаның уақыт өте келе уыстан қалай шығып бара жатқанын аңғармай қалып жатырмыз. Тілді аялау мен қорғауды әр адам өзіне міндеттеуі керек, жүрген жерінде қазақ тілінде сөйлеп, мектепте қазақ тілі сабағын сауатты түрде меңгеріп алуы керек. Мектеп кезде қазақ тілін сауатты меңгерген оқушы ол тілде сөйлеуден ұялмайды, керісінше, басқа қате сөйлеп жатқан кісілерді жөндеп, ескерту айтуы мүмкін. Сол себепті тілімізді үйренуде кедергілерге қарамай, қолдан келгенше сапалы меңгеріп алуымыз керек. Себебі, М.Жұмабаев атамыз айтқандай, «жастарға сеніп отырған» жандар өте көп. Елдің болашағын сақтап, тәуелсіздікті ұстап қалатын біз секілді жастар екенін ұмытпауымыз қажет.
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТIЛ ТУРАЛЫ 1997 Ж. 11 ШIЛДЕДЕГІ № 151-I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2008.21.11.
2. АСАУ ДАУЛЕТ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН ЖЫЛДАР...» HTTPS://AIKYN.KZ/144775/MEMLEKETTIK-TIL-MERTEBESI-ASKAKTAGAN-ZHYLDAR
3. ИСАЕВ Ə. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. АЛМАТЫ, 1993. 160 БЕТ.
4. НҰРМАХАНБЕТОВА А.Қ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ. - «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР МАТЕРИАЛДАРЫ. 25 ҚАРАША 2022 Ж., АСТАНА, ЕҰУ. – 356 Б.
5. ЩУКИНА Г.И. ПРОБЛЕМА ПОЗНАВАТЕЛЬНОГО ИНТЕРЕСА В ПЕДАГОГИКЕ. М., 1971. 285 С.
СОҢЫНДА, МЕНІҢ АЙТАР ҰСЫНЫСЫМ:
1. ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАРЫЛАТСА, ТІЛ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН ЕДІ.
2. ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПІШІЛІК, АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ӘРТҮРЛІ ПІКІРТАЛАС САЙЫСТАРЫ ЖИІ БОЛСА, ОҚУШЫЛАР САРАЛАП, ТАЛДАУ ЖАСАЙ АЛАТЫН ЕДІ.
3. ОРЫС ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМДЫҚ-ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ЖАРЫСТАР ЖИІ-ЖИІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛСА, БАЛАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНІП, ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТЕРІ АРТАР ЕДІ.
4. АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ, ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАНЫП, БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРІП, ОЛАРДЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕСЕ, БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ТҮСІНІП, ТІЛДІ ҮЙРЕНУГЕ ҚАДАМ ЖАСАР ЕДІ.
5. ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ АЙТУ, ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН АЙТУДАН ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ӘР БАЛАНЫҢ АТСАЛЫСУЫ ҚАДАҒАЛАНСА, ӨЗДЕРІ ҮШІН БАЛАЛАР ҮЙРЕНІП КЕТЕР ЕДІ.
6. МҰҒАЛІМДЕР БАЛАЛАРҒА ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕ САПАЛЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП, СҰРАНЫСҚА САЙ ӘРЕКЕТ ЕТСЕ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТАР ЕДІ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет