Сабақтың тақырыбы: Қатыгездік қайдан шығады?
Мақсаты: А) Оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімді нығайту;
Ә) Оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру;
Б) Ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне жағдай туғыза отырып, ата-анасының баласына деген сенімін ояту,баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тақырып жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, слайдтар, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.
Түрі: дөңгелек үстел.
Қатысқаны: 9-11сынып оқушылары,ата-аналар,жас ұстаздар.
Нақыл сөздер:
1. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко.
2. «Ата-аналар балаларына сыйлы болуы тиіс.Бірақ сый-сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет». В.Г.Билинский.
3. «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас ».
Дөңгелек үстел барысы:
Жүргізуші:
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Отанотбасынанбасталады» демекшіата-аналарменұстаздар қауымыүшінжасұрпақтәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе.Осы мәселеге ата аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге ат салысса алар асуымыздың биік болары сөзсіз.Қазіргіқоғамдаата-анабаласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Қатыгездік қайдан шығады? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Қатыгездік қайдан шығады» атты дөңгелек үстеліміздегі пікір алмасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Оқушы: Қипақтайды қит етсе анаң,әкең:
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес,оллаһи,біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...
Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміті арманы баласымен бірге орындалады.
(Сұрақтар слайдпен көрсетілді).
1. «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие –тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» - деп А.С.Макаренко айтқандай сіздердің отбасыңызда осындай дәстүр қалыптасқан шығар деп ойлаймын.Сол туралы айтып өтсеңіздер?
2.Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
3.«Мейірімділік - мылқаулар сөйлей алатын,кереңдер ести алатын тіл» дегенді қалай түсінуге болады?
4.Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыздар?
5.Балаларыңыз игілікті істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
6.Қатыгез болып өспеу үшін қалай тәрбиелеу?
Жүргізуші: Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.
Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсыңдар? Ұлы Жазушы Лев Толстой «Әлемде болып жатқан қатыгездік, мейірімсіздік қайдан болады деген сұраққа жауап іздеумен болдым, көп іздендім, көп жүрдім, көп оқыдым, ақырында осының түп-тамыры-имансыздықта деген тұжырымға келдім» деген, қандай көрегендікпен айтылған сөз. Имандылық - ол адамгершілік қасиет, адамда иман болу керек. Иманды адам адамгершілігі мол адам деп есептелінеді. Енді сөзімізді көрсетілген қойылым жөнінде өрбітсек.
1) Оқушылар,сендер осы көрініске не айтасыңдар?
2) Сендерге қалай әсер етті?
3) Ата-аналар,сіздер не айтасыздар?
4) Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
5) Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?
Жүргізуші: Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.
1. Балаларды орынсыз еркелету.
2. «Не істесең оны істе,маған бәрібір» деп айту.
3. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек,өйткені мен сенің ата-анаңмын»деп айту.
4.Егер сен ман қалағандай болмасаң,мен сені жақсы көрмеймін деп айту.
5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»-деп айту. 6.Балаңызды баршылыққа баулымау.
7.Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйің нашар болса,оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау т.с.с
Достарыңызбен бөлісу: |