Мәнерлеп оқу сайысы «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай



Дата24.02.2016
өлшемі0.98 Mb.
#16973
24 қыркүйекте мектебімізде ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы болды. 5,6 - сынып оқушылары Ұлы Абай шығармашылығынан өлең оқып, ән шырқады. Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын сахнада сөйлетті.

Мәнерлеп оқу сайысы

«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай



2015 жыл
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
Дамытушылық: балалардың өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымын кеңейту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұлы ақын өлеңдерінен ғибрат алып, адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Абай кітаптарынан көрме, нақыл сөздер.
Сайыстың барысы:
1 - жүргізуші: - Армысыздар, көрермен қауым. Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы»

атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.
2 - жүргізуші: Қай елдің болса да, тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Олардың сөздері-халқымыздың, ұлтымыздың ұраны.

Өлең, жырын қазағына арнаған,

Елдің қамын тебірентіп толғаған.

Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,



Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!
1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
2. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
3. Абай әндері нақышына келтіріп айту.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Ж.Жуварова
2. Мектеп кітапханашысы – Н.А.Никитина 
3. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі – С.М.Никишева

Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.
1 - жүргізуші: «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті толықтырды» деп А. Қ. Жұбанов атамыз айтқандай, Абай әндері өз алдына бір әлем.

2- жүргізуші: Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті әншілерімізге берейік.
Келесі кезеңіміз Абай әндерін нақышына келтіріп айту.

1 - жүргізуші: Әділқазыларымыз сайысымызды қорытындылағанша Абайдың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тамашалайық.

Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»

1 - жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.
2 - жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет