Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебі Мектеп психологы Елекбаева Гулбарам Саматовна



Дата04.07.2016
өлшемі20.91 Kb.
#175913
Ақтөбе облысы

Ойыл ауданы

Ақшатау орта мектебі

Мектеп психологы Елекбаева Гулбарам Саматовна

«Сабырлылықты таныту» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейту. Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, пікір алмасу, сұрақ – жауап, тренингтер.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, түрлі – түсті карандаштар, ақ парақ, үлестірмелі қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты, әрі қажет болады деген сенімдемін)

1-жаттығу. «Менің ойымша, мен ...» деген сөйлемді аяқтау.

(Сүйкімді, әлсіз, жағымды, есерсоқ, әділ, мақтаншақ, шыдамды, сенімді, ойшыл, нәзік, сабырлы, өтірікші, ақылды,ұрысқақ, мықты, еңбекқор, менмен, тәкаппар, қайырымды, ұстамды, ұқыпты)



ІІ. Тақырыппен таныстыру.

«Сабырлылық таныту» Өзін байсалды ұстау.



ІІІ. Мини тест.

1. Адам өзін -өзі ұстай алады деп айтуға бола ма? Егер ол...

2. Бірдеңені істегісі келмейді, бірақ істейді, өйткені істеуге мәжбүр. (ия,жоқ)

3. Ренжітушілерге шыдамай қарсылық білдіреді.

4. Біреу оның көңіл – күйін бұзуға тырысса, қызбалық көрсетпейді.

5. Оған ол ұнайтындай қарамаса, өкпелейді.

6. Өмірдің қиын кездерінде түңілмейді.

ІҮ. Тренинг «Дүкенде»



Мақсаты: сабырлы болуға, шыдамдылыққа баулу.

Барысы: шеңбер жасап отыру және дүкеннен бәріміз бір зат сатып аламыз.

  • Қайда болдың? – Дүкенде

  • Не сатып алдың? – Қолшатыр.

  • Қайда болдың? – Дүкенде

  • Не сатып алдың? – Балмұздақ

  • Қайда болдың? –Дүкенде

  • Не сатып алдың? Тербемелі орындық

  • Қайда болдың? –Дүкенде

  • Не сатып алдың? Велосипед қимылмен орындайды.

ҮІ. Мақал - мәтелдер. Нақыл сөздер.

1. Сабын кірді ашады,

Сабырсыз сырды ашады.

2. Ашу - алдында, ақыл - соңында.

3. «Ұстамдылығы немесе сабыры жоқ адам тежегісі жоқ машина сияқты» (А.П. Макаренко)

ҮІІ. Суретті тест. «Есіміңді бейнеле».

Шарты: оқушыларға ақ қағазға түрлі – түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді.

ҮІІІ. Қорытынды бөлім. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Сондықтан сіздер өз мінездеріңізді ерте жастан қадағалап, тәрбиелеуді үйреніңіздер.
Ақшатау орта мектебі

Сабырлылықты таныту


Өткізген: Елекбаева Г С.



2015-2016 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет